Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндар – діни және зайырлы құндылықтарды қастерлейтін тұлға

14.05.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
33
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлы мемлекеттегі қоғамда діндар да, дінсіз де, құдайды мойындаған мен құлшылық жасамайтындар да қатар өмір сүре алады. Олардың барлығы зайырлылық қағидаттарын, зайырлы мемлекет заңнамаларын мойындамаса, оның аясында тіршілік ете алмас еді. Яғни зайырлы көзқарастарды қабылдап, олардың да дамуға құқылы екенін мойындау – зайырлы мемлекеттегі дінді-дінсіз әрбір азаматқа тән ерекшелік.

Дәстүрлі діндер іліміне сәйкес, діндар адам туған жерін, халқын, отбасы мен мал-мүлкін қорғауды қасиетті борышы деп санайды. Діндар адамның зайырлы және діни құқығы әрі міндеті – білім алу. Білім игеру, сауатты болу – ислам діні мен зайырлы азаматтық кодекс нормаларында әрбір адамға жүктелген парыз.

Бейбітсүйгіштік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім – дінді дұрыс түсініп, шынайы сеніммен ұстанушының бойынан табылатын қасиеттер. Бұлал зайырлылықтың моральдық-адамгершілік қағидаттарымен толығымен үйлеседі.

Діндар адам – діни және зайырлы құндылықтарды қатар ұстанып, қадірлейтін тұлға. Өйткені жоғарыда келтіргендей, зайырлылық пен дін – адам өмірінің басым салаларында бір-бірімен үйлесетін құндылықтар. Сондықтан діндардың да оларды бірге ұстануы ешбір моральдық-этикалық нормаларға қайшы келмейді. Діндар адам осы тұрғыдан алғанда зайырлы немесе діни мемлекетте өзін еркін құқық субъектісі ретінде таниды.

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025

Ислам діні мен зайырлылықтың үйлесетін ортақ құндылықтары көп. Олардың қатарына мысалы қоғам мүшелерінің діни, саяси және тағы басқа ұстанымдарына тағаттылық таныту мәселесі жатады. Сонымен қатар діни заңнамаларда зайырлылық қағидаттарындағы «өзгенің ақысына қол сұқпау» немесе «өзгелердің құқығын құрметтеу» секілді талаптарды сақтау парыз деп берілген. Осыған орай дінді шынайы ниетпен ұстанған әрбір діндар өзгенің ақысын жемей, ала жібін аттамай, басқа адамдарға дініне, ұлтына немесе саяси ұстанымдарына қарамай зиянын тигізбеуі керек.

Өзара тағаттылық – басқалардың діни сеніміне мәлімгерлікпен, құрметпен қарау әрі өзге діни танымдарды шеттетпеу деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық терең мағыналы ұғым ретінде қоғамдағы демократия, адам құқықтары мен бостандықтары, диалог мәдениеті, мәдениетаралық байланыс, саяси плюрализм, этикалық плюрализм, мәдени плюрализм ұғымдарымен тығыз байланысты. Бұл ұғым қазір әлеуметтік, жеке, саяси, құқықтық, идеологиялық, коммуникативті, этикалық, педогогикалық, тұрмыстық салаларда кеңінен қолданылады.

Әлемдік барлық діндер адамды дұрыс және бұрыс нәрселерді ажыратып, жақсысын қабылдап, жаманынан бас тартуға шақырады. Адамның және адамзаттың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін көркейту – зайырлы және діни қағидаттардың ортақ мақсаты.

Қоғамға шынайы пайдасын тигізетін, белсенді азаматтық ұстанымдағы тұлға ізгі адам болып қалыптасады. Діни моральдық түсініктерге тән бауырмал, көмекке зәру жандарға дініне, ұлтына немесе саяси ұстанымдарына қарамай шама-шарқынша қол ұшын созу мейірімділік пен қайырымдылық, қайыр-садақа және зекет беру, адал еңбек ету сынды көптеген құндылықтар зайырлы тәлім-тәрбиенің алтын өзегін құрайды.

Балауса СЫЗДЫҚОВА,

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің журналист маманы

Таңбалар: зайырлы құндылық
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданды

Имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Жаңалықтар

Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты

18.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00