Бейсенбі, 29 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ауыл мешітіндегі рухани сайыс

23.03.2025
- Жаңалықтар
0
118
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Аққұм ауылының «Тұңғатар» мешітінде Құранның жарты парасы мен Алланың 99 көркем есімін жатқа айту және әуезді азан жарысы өтті.

Жарысқа өңірдің түрлі мешіттерінен үміткерлер қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс барысына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры Аманкелді Бірлік және Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқановпен бірге қазылар алқасында болып, жарысқа әділ бағасын берді.

Аядай ғана ауыл мешітінде өткен рухани кеште қасиетті Рамазан айының мол берекеті сезілді. Қатысушы шәкірттер бар білімдерін ортаға салып, қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етті. Жақсылықта жарысушылар қасиетті Құран аяттарын мәнерлеп оқып, жатқа айту шеберліктерін көрсетсе, тағы бір топ Алланың 99 көркем есімін жатқа айтып, әуезді дауыстарымен азан шақырып жатты.

Дәстүрлі мақам мен дұрыс дыбыстау ережелері қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға марапаттар табысталып, оларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді. Құран сайысының басты жүлде иегеріне Ұмра қажылығына жолдама табысталды.

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

29.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026

Ұйымдастырушылар мұндай рухани іс-шаралардың жастардың діни білімін арттыруға және ілімге деген сүйіспеншілігін оятуға зор ықпал ететінін атап өтті. Жамағат та бұл басқосудың ерекше әсер қалдырғанын айтып, осындай игі бастамалар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.

Сайыс қорытындысы бойынша орын алған қатысушылар төмендегідей:

Құран сайысы бойынша: 

Бас жүлде – Рәтбек Ерасыл, Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешіті;

I орын – Дүйсенбі Аян, Тамды ауылы, «Тәңкібай ата» мешіті;

II орын – Лесбек Исмайыл Болатұлы, Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешіті;

III орын – Құрманбай Раян, Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешіті.

Әуезді азан сайысы бойынша: 

I орын – Әбумұхаммед Әли, Бостандық ауылы «Төртбай ата» мешіті;

II орын – Көбесов Қайрат, Қаратау қаласы «Әбдірашит ата» мешіті;

III орын – Қосанов Даняр, Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешіті.

Алланың 99 көркем есімінен: 

I орын – Итемген Нұрали Темірланұлы, Аққұм ауылы «Тұңғатар ата» мешіті;

II орын – Әбутали Ақылбек, Талас ауданы, Қаратау қаласы «Әбдірашит ата» мешіті;

III орын – Ізбас Аянат, Шәкиров ауылы «Байтоқты баба» мешіті.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: Құран жарысы
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жамағат намаздарында имамға еру міндет пе?

Жамағат намаздарында имамға еру міндет пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    211
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    88
  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

    26
  • Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

    18
  • Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

    17

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті
Жаңалықтар

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

29.10.2026
Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00