Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елге қызмет – Ерге міндет!

17.02.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
Фото: kisi.kz

Фото: kisi.kz

87
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қандай да бір зат болмасын, қолайлы ортасыз өніп-өсіп жетіле алмайды. Дәнек дардай ағаш болуы үшін, ұрық уылжыған жеміс болуы үшін ең әуелі құнарлы топырақ керек. Адамның да кемелденуі – қасиетті құндылықтарды бойына жиған, өмір сүрудің өміршең мәдени жүйесін қалыптастырған, салиқалы салт-дәстүрін діңгек еткен Елдің ішінде ғана мүмкін болады. Ал елдік санаға жетпеген тобырлар тобы – тек тұйыққа қамап, төменге ғана тартады, аюуандығыңды арттырып, пенделігіңді ақтап береді. Яғни, ұлы мұрат жолында ұйыған ұлт – адамшылықтың қалыбы, Адам жаратушы рухани орта. Осы асыл Мұратын ұмытқан ұлт – түбі жойылып тынады…

Нәр алған тамырыңды, шыққан тегіңді құрметтеу, өз Еліңнің ерекшелігі мен қадір-қасиетін сақтау – адамдық  борыш, мұсылмандық Парыз. Бұл сөзіміздің дәлелі – қасиетті Құран Кәрімдегі мына аят: «Біз сендерді бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттық. Расында, Алла алдында ең абыройлыларың – ең тақуаларың (Алладан шынайы түрде қорыққандарың). Алла – барлық нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар» («Хужурат» сүресі, 13-аят). Аталы сөзі аяттан, қасиетті ұғымдары қисса мен хадистен бастау алып жатқан және осы ақиқаттарды мың жылдық өмір тәжірибесі арқылы көкейіне сіңірген дана халқымыздың мына мақал-мәтелдері Құран сөзін қуаттай түседі: «Көпке жақын – Көкке жақын», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі».

Ер атану үшін Елге қызмет ету керек. Ер атану – еліңнің игілігі үшін ерінбей еңбек ету, міндетсімей жүк арқалау деген сөз. Ер болу қарақан бастың қамынан, отбасылық-әулеттік мақтаннан, рулық-жүздік бөлінуден жоғары тұрғанда ғана; әр бауырыңа мейірім мен әділет тұғырынан қарай алған кезде ғана мүмкін  болады. Түп мағынасында: Ұлтыңа Ұл болу – Жаратқанға құл болу деген сөз!

Иә, асыл дініміз Ислам өз ұлтын сүюді, оның өркендеуі жолында еңбек етуді ерекше құптайды. Бірақ шектен шығуға, әсіре ұлтшылдыққа тосқауыл қояды. Жоғарыдағы аятты нақтылай түсетін  ардақты Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың сәлемі мен игілігі болсын!) бір хадисінде: «Әй, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың – Біреу, ешбір арабтың араб еместен, араб еместің арабтан діндарлығынан басқа ешбір артықшылығы жоқ. Күмәнсіз, Алланың алдында ең мәртебелілерің – діндар болғандарың», – деп ескертеді.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026

Хақ қайнары болған қос мәтіннен көргеніміздей, Ислам діні адамды ұлтына, жынысына, дініне немесе нәсіліне, мансабы мен қызметіне қарап алаламайды. Бірінен бірін артық көрмейді. Артықшылық тек – жақсылықта, адамгершілікте екенін дәйектейді. Атадіміздегі осы қағиданың мазмұнын қазіргі тілмен баяндайтын болсақ, онда: «Ешкімді де тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды», – деген Ата заңымыз Конституцияның  ережесімен үндесіп жатқанын анық көреміз.

Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім мәдениетін орнықтыру жолында, құрамында бірнеше ұлттар бар Қазақ елі үшін дәстүрлі Исламның рухани әлеуеті мен қасиетті құндылықтары зор маңызға ие. Алла Тағала елімізді берекелі бірлік пен татымды татулықтан айырмасын!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ 

Таңбалар: Алғадай ӘбілғазыұлыОтаншылдықпатриотизм
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Депутат «азық-түлік патриотизмін» дамытуды ұсынды
Жаңалықтар

Депутат «азық-түлік патриотизмін» дамытуды ұсынды

04.03.2026
Сұрақ-жауап

Исламда отан туралы түсінік бар ма?

30.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Имамдар біліктілігін арттыруға арналған семинар

Имамдар біліктілігін арттыруға арналған семинар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00