Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кибербуллингтің үкімі

15.01.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
105
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау[1].

Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған[2]. Алла Тағала Құранда былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَوْمٌ مِّن قَوْمٍ عَسَىٰ أَن يَكُونُوا خَيْرًا مِّنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِّن نِّسَاءٍ عَسَىٰ أَن يَكُنَّ خَيْرًا مِّنْهُنَّ ۖ وَلَا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ ۖ  

«Уа, иман келтіргендер! Ешбір қауым екінші бір басқа қауымды мазақ етпесін! Бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Әйелдер де басқа әйелдерді (мазақ етпесін) бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Сондай-ақ өз-өздеріңді даттамаңдар әрі бір-біріңе жаман лақап тақпаңдар …»[3].

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел

Шынайы тәуекел

28.10.2026

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан (кемсіту, қорлау) асқан жамандық жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам»[4]. Тағы бір хадисте: «Мұсылманның мұсылманды қорқытуы – халал емес»[5], – деген.

Әс-Сәфәрайни былай дейді: «Кімде-кім жолдастары мен достарының бірін жек көрсе немесе мазақ етсе не мүминнің бірін қорласа, кемсітсе ашық күнә жасапты»[6].

Сондықтан кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне (сөз формасындағы буллинг, күш көрсету арқылы қорқыту, реляцион[7]) тыйым салынады[8].

ШЕШІМ:

  1. Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады.
  2. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.
  3. Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] Бұған өсек пен жалған ақпарат тарату, біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, әлеуметтік желілерде біреуді қорлап жазбалар қалдыру және оны қолдап «лайк» басу, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту т.б. жатады.

[2] Құртуби, «Әл-Жәмиғ ли әхкәми әл-Қуран», 16/328. «Әз-Зәуәжир», 2/33. «Хулуқу әл-муслим», 178. «Әл-Ахләқу әл-исләмия», 2/223. «Фәйду әлқадир шәрху әл-жәмиғ әс-сағир», 6/447.

[3] «Хұжұрат» сүресі, 11-аят.

[4] Бұхари, №6064. Мүслим, №2564.

[5] Әбу Дәуід, №5004.

[6] «Ғазау әл-әлбәб», 134.

[7] Реляцион булинг (әлеуметтік агрессия) – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады.

[8] https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/17736/%D8%AD%D8%B1%D9%85%D8%A9-

Таңбалар: Ғұламалар кеңесіпәтуа
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Чайлдфри үкімі
Ислам

Чайлдфри үкімі

25.06.2026
Уәдені орындау үкімі
Ислам

Уәдені орындау үкімі

01.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ тазысы патенттелді

Қазақ тазысы патенттелді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    189
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    65

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00