Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәпсінің қулығы

11.10.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
86
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласының рухани даму жолындағы үш кедергісі: шайтан, нәпсі, дүние. Үшеуінің өзегі, сүйенгені – нәпсі-қу. Алайда, әлемдегі бар зат секілді, нәпсі де –керек дүние. Қолданған иесіне қарай жақсы/жаман сипаттарға ие болады. Қадіріне жетіп, қасиетін аша алғанға – қуат, ластағанға – сор. Яғни, нәпсі – көлік, рух – жүргізуші. Немесе нәпсі – тұлпар, рух – шабандоз.

Адам баласы рух пен нәпсіден (жан мен тәннен) құралған күрделі болмыс болғандықтан, әуелі өзін тану – өзін теңгеру-идентификация (сезіну) мәселесі алдыға шығады. Өзін «тәнмін» деп таныған нәпсісіне құл болады: тәни құмарлықтар мен пенделік мақтан-тәкаппарлықтың, қорқыныштар мен уайымдардың, өткінші құндылықтардың құрбанына айналады. Ал өзін «рухпын» деп таныған-сезінген адам бойындағы тәңірлік сипаттарын дамытып, періштелк қасиеттерімен қауышып, мәңгілік құндылықтарды басшылыққа алып, Құдайын іздей бастайды…

Асыл дінімізде «үлкен жиһад» деп аталған, өз ішімізде жүретін ұлы күрес – дамуымыздың алғышарты. Бірақ дұшпанын танымаған, қарсыласын зерттемеген адам: берісі – әлсіз, арысы – жеңілуге мойынсал. Үш дұшпанның қаруына қысқаша тоқталсақ: шайтанның қаруы – ой мен сезім; дүниенің жарағы – алдайтұғын қызылы мен баурайтұғын қызығы, нәпсінікі – менмендік: атақ, байлық, билік. Үшеуінің де басты міндеті – Алладан алыстату, Ақыретті ұмыттыру, адамшылықтан шығару…

Тазармаған нәпсі өзін Әлемнен бөлек сезінгендіктен: жалғыздық пен бөтенсуден, жетімдік пен үрейден арыла алмайды; өзін өткінші сезінгендіктен: жанталасқыш, қызық құмар, табан жалағыш; өзін «құдай» санағандықтан: тәкаппар, қызғаншақ, кекшіл, қатыгез, бақталас, тақталас…

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Жаратылғандағы мақсатымыз – Ұлы Раббымыздың разылығын табу, Хаққа-Аллаға жақындау (тазару, даму, ұқсау) болса, осы Жолдағы ең үлкен кедергі – нәпсінің қулығы. Шәкәрім атамыз айтпақшы:

«Бас көзімен қарасаң: нәпсі-жалған –

Бір сұлу қыз сықылды жұрт таңданған.

Анық ақыл көзімен қарағанда:

Өзін берер қалыңға сол қызды алған.

Қылықты қыз сықылды көрінсе де,

Өлшеусіз сансыз байдан жесір қалған.

Бас алуға жаралған бір жәдігөй,

Өткір қылыш сияқты уға малған».

Қалың малының орнына қара басыңды жұтып тынатын сайқалдың қулығына құрық бойламайды. Өз мақсаты үшін өзге адамды құрал ғып, манипуляция жасау; көңіл күйі (настроение) мен әуес-қалауларын пұт етіп, өзгенің көңіліне түкіру; өзін мінсіз санап қателігін мойындамау үшін ақталу мен даттаудан көз ашпау; ұйқысы мен күлкісі, тамағы үшін бәрін тәрк ету; мықты болып «көріну» үшін өтірік пен екіжүзділікке, аярлық пен айлакерлікке, жағымпаздық пен жылпостыққа жақын болу былай тұрсын, құлшылықтың өзін көзбояу мен міндетсуге, пайда мен көкірек «көркіне» айналдырып жіберу – нәпсінің табиғаты.

Нәпсі шариғат талаптарын өз мүддесіне бұрып алуға бейім. Нәпсілік «орталықта» өмір сүруші ата-ана баласына өзінің ата-аналық дәрежесін бұлдап, ылғи ақысын талап етеді (ата-аналық міндетін еске алуы – сирек), «қабыл болатын дұғасымен» қорқытып, «менің разылығымсыз Алланың разылығын таппайсың» деп перзенттерін «басқаруға» тырысады. Нәпсібай-еркек әйел міндеттері туралы үкімдерден жүген жасап, талақ беру құқығын «артықшылық» санап «айбынданып», жұбайының мойынына мініп алады. Нәпсігүл-әйел де ақысын талап етем деп, боқысын шығарып, санасып-салғыласып қулықты-көңілге, есепті-өмірге бет бұрады. Нәпсіқұл-саудагер сақалын бетперде, намазын қалқа қылып, аузындағы «алласымен» адам алдауға көшеді. Нәпсісі би болған пенде: сүйе алмайды, тек құмартады; дос бола алмайды, жолдастықтан аспайды; жар бола алмайды, төсектес-табақтас дәрежесінде қалады; жауапкершілік арқаламайды, атақ арқалайды, басқаларға жүк артқанды жақсы көреді; мін көргіш, сын көтермейді; сөз тыңдамайды, ақыл айтқыш;  өмір сүре алмайды, күн кешеді. «Нәпсібай» үшін: Әлемнің өзегі – өзі, дүниенің өлшемі де – өзі, ал өзгелер – пайдаланатын зат, қолданатын құрал есебінде. Ол, тіпті, Жаратушының Өзін өз қалауларын орындаушы «қызметкер» ретінде көреді: сұрағаны – талап ету, дұғасы – бұйрық, ғибадаты – сауда болғандықтан, Құдайына ренжиді, тапсынады, боқтайды. Иә, өзін танымаған адам: иттігін нәпсісі мен шайтанға жауып; қиыннан қиыстырып ақталам деп, ары мен иманын былғап; жауапкершіліктен жалтарып, өзгеруден-тәубеден тайсақтап, құлшылығын наркоз қылып ит-тірлігін жалғастыра бермек…

Әулиелік пен тақуалықтың тәсілі – ықылас болса, нәпсі – ықыластың жауы. Сол себепті өз нәпсісін тәрбиелеуге-ізгілендіруге бет бұрған жан: істеген әрекет-амалы Алла үшін бе, әлде нәпсі үшін бе (яғни қара басының бір пайдасы мен мүддесі үшін бе) – соны байқауы қажет. Байқамаса-байыптамаса: амалы «Алла разылығы үшін» деген ниетпен басталғанымен, солай деп ойлағанымен, шын мәнінде ол нәрсені нәпсілік сезімдерін (мақтан, атақ, пайда, ашу-ыза, кек қайтару, өзін дәлелдеу, т.с.с.) қанағаттандыру үшін істеген болуы әбден мүмкін. Сондықтан да ғалымдар: «Кез келген істі бастағанда, ортасында және ақырында ниетті тексеріп тұру қажет» деген…

Адамды жүрегі-сезімі басқарады. Алып кеудесіндегі толастамас айқаста нәпсі үстем келсе – суық ақыл, рух басшы болса – нұрлы ақыл іске қосылмақ. Негізі Жүрек – ар-иман мекені болғандықтан, Баспен емес, Жүрекпен өмір сүру қажет. Пайғамбар (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) өсиетінде айтылғандай, Жүректі тыңдап үйренсек – нәпінің қулығы мен әзәзілдің уәсуәсінен құтылуға мүмкіндік алар едік…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыбасты тақырыпнәпсі
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дүниені мойындатқан діндарлар
Видео

Дүниені мойындатқан діндарлар

12.07.2025
Балалар қауіпсіздігі – тұтас қоғамның міндеті
Жаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі – тұтас қоғамның міндеті

11.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
ҚХА-ның 30 жылдығына орай 150 іс-шара өтеді

ҚХА-ның 30 жылдығына орай 150 іс-шара өтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00