Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ибн Бөкет

02.10.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
72
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Әрбір сәбиге мағыналы есім беру – ата-ана парызы» дейді бұрынғының да, қазіргінің де жауапты адамдары. Ел арасында кешегі күнге дейін нәрестеге ат қою сыйлы ақсақалдан, зиялы оқығаннан сұралатын. Ілгеріде мұндай құрметке молдалар (қазақ дін саласы адамдарын жинақтап осылай атайды) ие еді.

Алаш қайраткер­ле­рінен қалған бір сөз бар: «Молданы православ дініндегі поппен салыс­тыра алмайсыз. Қазақта молда – бір мезгілде діни қыз­меткер әрі мұғалім» деген. Ендеше, ХХ ғасырдың 20–30 жылдарына дейінгі қожа-молданың әлеуметтік мәрте­бесіне біржақты баға беру қисынсыз. Оны айтамыз-ау, ислам құндылығынан бастау алатын кісі есімі кеңес заманында да үзілген емес. Бұған мысал жеткілікті.

Бүгінгі айтпағымыз – біртуар ғалым, әйгілі ректор Евней Арыс­танұлы Бөкетовтің есімі туралы. Зерттеушілер пікірінше, тілдік қорымыздағы әр сөздің, әр есімнің генетикалық коды бар. Біз ылғи «Евней» атына келгенде күмілжіп қалатынбыз. «Бұл Еуропа, христиан әлемі сөзі ме?» деп. Аңызға жүй­рік жерлестеріміз тіпті «Бала­сы тоқтамаған соң, бұл – ырымдап қойған есім. Түпкі ма­ғы­насы орыстың анайылау сөзі­нен шығады», дегенін өз құла­ғымызбен естігенбіз. Мұны айтқан – әжептәуір ғылыми дәрежесі бар адам…

Таяуда қаламгер Жақсыбай Самрат­тың естелік кітабы шық­ты. Соның ішінде «Ебіней» деген бір ауылдасының есімі аталады. Бұған қарап, «бұл ат солтүстіктегі ағайынға жат болмады ғой» деген ой түйдік (Е.Бөкетов те – Қы­зылжар өңірінің тумасы). Әрине, әр жұм­бақтың жауабы, шешімі бар.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

2015 жылы әйгілі дін қай­рат­кері Сәдуақас Ғылма­ни­дың «Заманымызда бол­ған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты елеулі жинағы шық­ты. Мұнда Арқаның мен деген дін қайраткерлері әу баста Қызылжардың дінге жүйрік қалпе-хазіреттерінен сабақ алғаны жазылған. Олардың алдынан мыңдаған шәкірт өткені түсінікті. Сондай азаматтың бірінен Арыстан-әке перзентіне есім сұрағанда, молдекең «Сә­бидің аты Ибн-Ғабиден болсын!» депті. Осы деректі қазіргі Шал ақын ауданының (ғалым туған жер) көнекөз ақса­қал­дары мен Ебекеңнің туған інісі Қам­забай ағамыз жеткізген екен.

Ат қоюшы қалпенің араб тіліне мықтылығы дау туғыз­байды. Біз ғой, Еуропа мақа­мымен «ибн» дейміз, ал арабша ол «ибну» деп айтылады. Жал­пақ тілмен түсіндірсек, «Ибну Ғаби­ден» – «Ғабиденнің баласы» (Ғабиденнен туған) дегенді аңғартады.

Неге Ғабиден (әуелгі мағы­насы – дінге толық беріл­ген, туынды мағынасы – қуатты, бақуат)? Ол қай Ғабиден? Мұны дәл болжап айту қиын. Мұ­­сылман әлемінде дінге, ғылымға айрықша қызмет еткен Ға­бидендер өте көп. Қалпе осыны еске алды ма, жоқ өз ұстаздары есімін құрметтеді ме – ол жағы беймәлім.

Енді Ибн Ғабиденнің «Еб­і­нейге» (орысша Евнейге) айналып кетуі – Мұ­хамедханафияның Шоқанға, Ибра­гимнің Абайға, Ғабдулғанидың Қанышқа ай­нал­­ғанындай оқиға. Қысқа қайырсақ, «Ибнудан» Ебіней шық­қан.

Әлем тарихына «Ибн» атымен енген ғұламалар аз емес. Медицина атасы Ибн Сина (ХІ ғасыр), Еуропа философиясына олжа салған Ибн Рушд (ХІІ ғасыр), көне тарихымызды бедерлеп кеткен Ибн Фадлан (Х ғасыр) мен Ибн Баттута (ХІV), т.б. тұлғаларды кім танымайды?

Әрине, өз ғалымымызға келсек, әу бастағы «Ибн Ғаби­деннің» – «Ибнейге», бұл нұс­қаның – «Ебінейге» (немесе «Евнейге» айналуының тілдік-грам­матикалық түсінігі бар. Мысалы, ықы­асты (ихлас) жер­гілікті ауызекі тілде кейде «ехлас» деп те жатады.

Біз үшін маңыздысы – көр­некті ғалым, жоғары мектеп ұйымдастырушысы, аудармашы, жазушы, эстет Евней Арыстанұлы Бөкетов есімінің ақиқаты. Оның астарында дәстүр де, имандылық та, ізгі адами ниет те тұнып тұр. Кім біледі, Арыстан Тумырзаұлы мен Ұм­сын Байжанқызына Құдай берген 14 перзенттің тоғызыншысы дүниеге келгенде азан шақырып ат қойған сауатты молда нәрестеге ғалым болуды тілеген шығар. Иә, есім-сойы Ибн Арыстан ибн Тумырза (ибн Бөкет) сәбиге болашақта Әбунасыр ибн Мұ­хаммед ибн Узлағ әл-Фараби жолы бұйы­рып тұр екен.

Айтуған ДОСБИ

Қайнар көзі: egemen.kz
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары» кітабы жарық көрді

"Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламалары" кітабы жарық көрді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123414 бөлісті
    Бөлісу 49366 Твитерге 30854
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5259 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3344 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00