Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Құдайым – жүрегімде!..»

10.07.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
119
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Халық аузында хәкім Абай мен Мәшһүр Жүсіптің кездескені туралы аңыз бар.  «Үйге кіріп келген Көпейұлына Құнанбайдың баласы: «Мәшһүр болсаң, айтшы: «Құдай қайда?» деп сұрайды. Сонда Мәшһүр іркілместен, көкірегіне қолын қойып: «Сіздікін білмедім, менің Құдайым – Жүрегімде!» деп жауап бергенде, разы болған Абай: «Рас, Мәшһүр екенсің! Төрлет, қадірлі бауырым!» деп, оң жағынан орын беріпті» деседі.

Мәшһүрдің осы айтқаны – жалпы қазақ дүниетанымына тән түсінік. «Әркімнің Құдайы – жүрегінде» деген сөзді ақсақалы желбіреген аталарымыздың, ақ кимешегі ажарын ашқан әжелеріміздің аузынан, шанда болса да, естіп қалғанымыз бар еді. Бала кезде мән бермедік, есейгенде, бір ойланғанда, «жүрек» ұғымын тар түсінгендіктен, «Кең Құдайды тар жерге қамағандай ма?..» дедік те қойдық. Сосын күндердің күні хәкім Абайдың:

«Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның — арым мен бір-ақ Құдай!» деген сөзін оқып, қайта ойға қалдық. Өйткені ардың тұрағы – Жүрек екенін, «жүректің» – рухани әлем екенін зерделей бастаған ек.

Сосын «Иманның тұрағы – жүректе» деген мұсылмандық түсінікке бекіген кезде; Алла Тағаланың адам баласының тәнін топырақтан жаратып, тәніне Өз рухынан үрлеп жан салғаны туралы білген кезде ой жүлгеміз арнасына түскендей күй кештік…

Ахли суннаның ақидасы бойынша: Алла Тағала – мекенсіз, лә мәкән. Яғни ОЛ – дүниенің ішінде де емес, сыртында да емес; әрі ішінде, әрі сыртында – ақыл түсіндіре алмайды. Алла Тағаланың затын жаратылғандар секілді тану – қолымыздан келмейді, Есім-сипаттарын тану арқылы белгілі бір түсінікке табан тірейміз. Мекен беру мәселесі де осы тектес. Бұны Жол салған бабаларымыз білген. Ендеше неге «Құдайым – Жүрегімде» деген түсінік ортаға шықты?

Біздіңше бұның шешімі былай болса керек: Исламның ихсан сатысын зерттеген сопылық танымда «Рахманның тағы – мүміннің жүрегі» деген және «Жаратқан: «Мен он сегіз мың ғаламға сыймаймын, тек мүмін пендемнің жүрегіне сыямын» – деп айтқан» деген тұжырым бар. Сонымен қатар Әзіреті Әлидің (Ол кісіге Алла разы болсын!): «Сен өзіңді кішкентаймын деп ойлайсың ба? Сенің ішіңде әлемдер бар ғой!» деген даналық ойы: «жүрек» ұғымының адамның ішкі рухани әлемін қамтитын мағынасы терең ұғым екенін түйсіндіреді бізге.

Кейде «жан», кейде «рух» деп атап жүрген рухани қабатымыз – адами болмысымыздың негізі, тіршілігіміздің өзегі. Өз ішіне ақыл-парасат, мейір-махаббат, ар-ұят, еркін-азаттық, уәде-жауапкершілік, намыс-жігер секілді қасиеттерді қамтыған рухани болмысымыз «қиял күші, түйсік-интуиция, шексіздік, ажалсыздық» деген сипаттарға да ие. Ол болмысымыз ой арқылы бір сәтте екі дүниені ішіне сыйғызып, шексіз әлемге сапар шегіп кете береді; оның «ішіне» сыймайтын дүние жоқ! Осылайша рухани әлеміміз, оның жинақ атауы жүрегіміз өз «ішіне» Ұлы Жаратушыны да қамти алады…

«Ар – адамның ішіндегі Құдайдың үні» деген түйінге тоқталсақ, Алла Тағала бізді «сырттан» Құран мен шариғат арқылы басқарса, «іштен» Ар арқылы, ар мекені – Жүрек арқылы басқарады екен. Сөйтіп, осы тараптан қарасақ та, «Құдай – Жүрегімізде» болып шығады…

Бұл ұғымның бір артықшылығы: «Құдай – сыртта, алыста» деген ой жүлгесі –  адам мен Алла арасына бір алыстық, тіпті бөтендік сезімін салатындай; ал «Құдай – Жүрегімде» деген таным – жақындық, сенімділік, жауапкершілік, Бірлік сезімін салып, адамның рухани сезімталдық қасиетін дамытады. Қасиетті Құрандағы «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген аяттың («Қаф» сүресі, 16-аят) бір мағынасы осылай ашылатын сияқты. Бұл «жақындық» – адамның өзіне деген құрметі мен бағасын һәм жауапкершілігін арттырады, Алла Тағаланың бізге берген «Жерде бір орынбасар жаратамын!» деген («Бақара» сүресі, 30-аят) дәреже-құрметін түсіндіреді…

Шәкәрім Құдайбердіұлының мына сыр-сөзі де осы бір «жақындықты» түсіндіретіндей:

«Алланың пендесіне рақымы мол,

Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол.

Ол жаратты, Сен-дағы жаратып бақ,

Бардан барды шығарсаң болады сол.

Керексізді қылмайды Иең-дағы,

«Мен де сүйтем» деп қара сен де тағы.

Бір Құдайың – Сабырлы, сен де шыда,

Бәрі осындай, ойлансаң, артқы жағы.

Мұны білсең, боласың сүйікті құл,

Құлы болсаң – Қожаңның сүйгенін қыл.

Шын мұсылман болайын деп ойласаң,

Құдайға құл болудың мәнісін біл»…

Түйіндей келгенде: «Не қылсаң да, ғашық қылшы, Пәруәрдігер!» деп зар жылаған Бас пірі Қожа Ахмет Яссауиден тәлім алған, Алла дидарына ғашық болуды мұрат тұтқан Қазақ деген ғажап халықтың «Құдайым – жүрегімде» деген сенімі – имани хәлдің биігіне бастар терең түсінік екеніне көз жеткізгендей болдық. Баршамызға иман байлығы нәсіп болғай!

Әрине, анығын Алла біледі!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай ӘбілғазыұлыЖүрекқұдай
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жиырма төрт сағаттық құлшылық
Ислам

Жиырма төрт сағаттық құлшылық

03.06.2025
Жүректе де ми бар
Қоғам

Жүректе де ми бар

05.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Этносаралық қатынас тақырыбында ақпарат жариялау ерекшеліктері

Этносаралық қатынас тақырыбында ақпарат жариялау ерекшеліктері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80959 бөлісті
    Бөлісу 32384 Твитерге 20240
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00