Бейсенбі, 29 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қандастарға “Ата жолы” картасы табысталды

22.07.2024
- Жаңалықтар
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бизнес-иммигранттар және сұранысқа ие мамандар саналатын басқа елдің азаматтарына – этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 55 «Ата жолы» картасы табысталды.

Жергілікті атқарушы органдарға «Ата жолы» картасын алуға барлығы 75 өтінім түсті. 2023 жылы 44 карта: бизнес-иммигранттарға 20 карта және сұранысқа ие мамандарға 24 карта берілді. Биыл 11 карта берілді: бизнесмендерге 5 және сұранысқа ие мамандарға 6 карта.

Аталған картаны алғандардың арасында инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және т. б  мамандар бар. Олар 15 елден келді: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, АҚШ, Аустрия, Израиль, Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланд, Финляндия, Франция және Түрікменстан.

«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Бұл шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып беріледі.

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026

Карта иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.

«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие болады, бұл оның қандастан басты ерекшелегі.

Карта иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:

– медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде әлеуметтік төлемдер алу және қызмет көрсету;

– ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;

– ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

– «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;

– «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;

– азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.

«Ата жолы» картасы бар адамдардың сайлауға және ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.

Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алса, карта жарамсыз деп танылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.

Таңбалар: қандастар
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

120 қандас студентке әлеуметтік қолдау көрсетілді
Жаңалықтар

120 қандас студентке әлеуметтік қолдау көрсетілді

12.03.2026
Елімізге қанша этникалық қазақ оралды?
Инфографика

Елімізге қанша этникалық қазақ оралды?

24.10.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Олжас Ханафин. Соңғы пост.

Олжас Ханафин. Соңғы пост.

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    191
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    85
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    72
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    66

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00