Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мың жеңіске татитын бір жеңіліс

05.06.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
http://vii.sfu-kras.ru/

http://vii.sfu-kras.ru/

121
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жүз мектепке татитын бір Әке секілді, мың күнге татитын бір Күн секілді, мың жолдасқа татитын бір Дос секілді, мың жеңіске татитын бір Жеңіліс бар!

Өмірде көп дүние – салыстырмалы. Салыстырып барып мән-мазмұнына бойлайсың. Салыстыру үшін салыстыратын заттарды тану қажет. Әділ тану үшін терең бойлау, сан қырынан қарау қажет.

Көбіне біз екі сана деңгейінде баға береміз: материалдық/рухани немесе атеистік/имани, немесе нәпсілік/рухан деңгейде. Өзін тәнмен шектеген (бірдейлестірген), өзінен басқаны өгей сезініп тұратын, өзімшіл, мақтаншақ, тәкаппар, қызғаншақ нәпсілік сана жеңілгенді жек көреді. Әрине «меніміз» болмаса, жетілуді білмес ек; жаншылып қалу, бар/жоғы белгісіз біреуге айналу, тобырға жұтылу, ақыңды жегізу секілді сансыз қауіп пен кемдік/қорлыққа ұшырар ек. Алайда, атақ пен абыройдың бөлектігі секілді, қарақан басынан аса алмайтын нәпсілік «жалған мен» мен өзін Әлеммен тұтас сезіне алатын рухани «шынайы мен» бар…

Адам жан мен тәннен тұрады. Жер бетіндегі өмір – осы екі болмыстың, екі табиғатымыздың біріккен тірлігі. Тән – рухтың сарайы, нәпсі – рухтың құралы. Рух – шебер шабандоз болса, тәрбиеленген нәпсі – жер тарпыған сіңірлі тұлпар! Осы үйлесім сақталса, тірлігің мән мен сәнге, тіршілігің жақсылық пен сауапқа толы болмақ. Керісінше болса, атын арқалап жүрген, сол себепті шаршап-шалдығып, күйзеліп-күйіп жүрген ақымақтың біріне айналасың…

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026

Жүрекпен өмір сүріп үйренбеген, ар-иманына сүйенбеген жан нәпсі қалауларының тұтқыны болмақ. Ондай пенде: өзіне (нәпсісіне) жаққанды «жақсы» деп, ұнамай қалғанды «жау» тұтып, сын айтқанды «көреалмас» көріп, көрген пайдасын «мықтылық» деп, басынан сөз асырмағанын «жеңіс» деп, бетпақтығын «қайсарлық» санап, жасаған жақсылығын міндетсіп, алған сыйын азырқанып, қылған құлшылығын саудаға салып, жеткен жетістігіне мастанып, жертәңірісіп желігіп, дүниенің буына семіріп кетеді…

Иә, тіршіліктің бір қыры – жарыс. Жарысып жүріп жетілесің, қапы қалған кезіңе өкінесің. Жарысып жүріп, өзіңді танып, өзіңді дамытып, мақтау естіп, медаль аласың, мінберге көтерілесің. Бірақ жалған менің зорайып, нәпсің семіріп – семіздігінен ертоқым салдырғысы келмейтін, тізгінге көнбеуге бет алған есекке айналу қаупі бар; семіздіктен көзі жұмылып, қампиған қарнынан арғыны көре алмай қалатын көрсоқырға айналу қаупі бар. Өйткені мақтаудың буы буынға қатты әсер етеді (Әсілі өзіңмен, кешегі өзіңмен жарысқа түссең, сөйтіп озып шықсаң – мақтан! Өзіңе өзің мақтан, нәпсіңнен сақтан!)…

Нәпсілік жеңістің өлшемі – санға қатысты, ал Рух жеңісінің өлшемі – сапа. Нәпсілік мақтан: дүниеңнің, марапат пен атағыңның, таныстарың мен  көкелеріңнің, бала-шағаңның, садақа мен құлшылығыңның көптігімен көкірекке жел береді. Ал рухани мақтан: жүрек тыныштығымен, сананың толысуымен, таным ләззәтімен, мойынсұну рахатымен, жасампаздық еңбегімен, рухани-имани жетілумен, Рақымды сезінумен кемелдік көкжиегіне бет алады…

Он дүркін әлем чемпионы бола тұра, қарсылас қандасыңа жеңілдің – жол бердің; айтар сөзің, келтірер уәжің, бұлтартпас дәлелің бола тұра, бауырыңнан/досыңнан/ата-анаңнан/ұстазыңнан жеңіле салдың; жаласына берер жалтартпас жауабың мен аймандай қылатын амалың бола тұра – ар-иманыңа сүйеніп, бауырыңның абыройын ойлап, Ақыретіңді еске алып, Алла разылығын іздеп, қоя салдың/жеңіле салдың. Сырттай қарағанда, нәпсінің өлшемі салсақ: сен жеңілдің. Ал ар-иман таразысына, адамшылық өлшемімен қарасақ: сен жеңдің! Менменшіл нәпсінің торын үздің, азғырушының айласынан асып түстің, жүрегіңе – ар-иманыңа бағындың! «Жанға көнсем – жан иесі Тәңірге де көнгенім» (Шәкәрім). Кейде осындай бір «жеңіліс» – мың жеңіске татиды! Жеңімпаз бол, бауырым!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыбасты тақырыпжеңіс
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

01.05.2026
Отбасы – ең маңызды құндылық
Видео

Отбасы – ең маңызды құндылық

24.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Токаев и эмир Катара обсудили вопросы укрепления двустороннего сотрудничества

Қатармен қатынас қарқынды дамып келеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Онлайн радикализмнің себептері

    4 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Алладан кешірім тіле…

    3 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

Ғибратты әңгімелер

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026
Рухани келісім тұлғаларына құрмет
Жаңалықтар

Рухани келісім тұлғаларына құрмет

01.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00