Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Даналық пен құндылық

19.06.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
147
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сөз бен істің бір жерден шығуы, сыртқы бейнең мен ішкі хәліңнің үйлесімде болуы – діндарлықтың, кемелдікке бет алудың шарты. Атқарған ғибадатыңның ішкі мазмұнын түсіну, символикалық мәнін сезіну; тек құлшылық жасау кездерінде ғана емес, ғұмырыңның әр сәтінде сергектік таныту; орын алған әрбір оқиғаның мәнін аңғарып, сауабын «сандыққа салу» – саналы ғұмырдың шарты.

Құлшылықты ішкі мазмұнымен қоса атқару – сауап жинаудың жаңа сатысы, құндылық меңгеру көрінісі. Осы тұрғыдан келгенде дін ұстану – құндылық жинау, қасиет дарыту үдерісі. Ал мағына мен мәнді ұғынып, саналы тірлік кешу – дене мен жанның, ақыл мен жүректің үйлесімі; көкірек (жүрек) көзінің ашылу белгісі; даналыққа бет алудың көрінісі…

Құбылыстың құндылығы мен заттың құнын тану – кие мен қасиетті тану. Ал тану бағалауды, бағалау ұмтылуды, ұмтылыс бірігуді, бірігу сіңіруді білдіреді…

Жағдаяттан мән табу – сол арқылы саған ұсынылған сауапқа, жаныңды жадыратар жақсылыққа ие болу деген сөз. Өйткені болған істің мәнін түсіну – сол істі ең мағыналы, ең пайдалы, ең қайырлы жағына бұру, сәтімен пайдалану деген сөз. Ал ең қайырлы дүние – шариғат пен сау ақылға сай дүние, Алла разылығына жеткерер дүние…

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел

Шынайы тәуекел

28.10.2026

Тұтас тірліктің түп мәнін табу – өміріңнің шамшырағын жағу, жігеріңді жану. Табу жолындағы ізденіс – ізгі амалдың ірісі. Табу барысында қалыптасқан Мұрат – өміріңнің миссиясы, харекетіңнің құбыласы…

Білімді Ілімге, амалға жалғау; Арманды талапқа ұштастырып, Мақсатқа айналдыру; өткен күндер өкінішін сабаққа айналдырып, Тәубеңе келу; әр хәліңе шүкір етіп, тағдырыңа разы болу; разы бола тұра жақсылыққа, Кемелдікке ұмтылу; сөйтіп бүгінгі күніңді Барлық пен жауапқа (жауапкершілікке) толтыру – Амал дәптеріңнің тазарғаны, Даналық жолыңның жалғасқаны…

Демек, қадірін түсінген құлшылық – құндылық пен қасиетке, саналы ғұмыр – даналыққа, даналық – разылыққа, разылық пен шүкірлік – Дидарға бастайды…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыбасты тақырыпданалыққұлшылықҚұндылық
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
О молитве джамаатом после намаза
Сұрақ-жауап

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылық кезінде қай елдің азаматтары қайтыс болды?

Қажылық кезінде қай елдің азаматтары қайтыс болды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    185
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    68

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00