Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәннат пен тозақтың ортасында мекен бар ма?

09.12.2023
- Сұрақ-жауап
3
618
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Жәннат пен тозақтың ортасында мекен бар ма?

Жауап: Құранда кейбір адамдардың жәннат пен тозақтың ортасындағы мекенге тұрақтайтыны айтылған. Мұнда дүниедегі ізгі амалдарының саны күнә амалдарымен тең түскен адамдар барады. Сондықтан олар тозақ пен жәннат арасында қалып, Алланың рақымын күтеді. Олар жұмақ тұрғындарына сәлем беріп, солар сияқты болуды қатты армандайды. Кейін тозақ иелерінің жағдайын көріп, Алладан пана сұрап, одан аман қалуын тілейді.

Бұл туралы «Ағраф» сүресінің 46-48 аяттарында: «(Жұмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында шымылдық бар. «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жәннаттағыларға дауыстайды. Бұлар әлі жәннатқа кірмеген, үміт етушілер. Қашан олардың назары тозақтықтарға түссе: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» – дейді. Ағрафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «Сендердің көп болғандарың және менмендіктерің пайда бермеді ме?», – деп айғайлайды», – деген.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Жетімге қамқорлық жасаудың сауабы қандай?

Жетімге қамқорлық жасаудың сауабы қандай?

08.05.2025

Жақсылыққа жақсылық ете алмасақ, күнә бола ма?

05.05.2025
Таңбалар: жәннаттозақ
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жәннатты сатып аламыз
Ғибратты әңгімелер

Жәннатты сатып аламыз

10.10.2024
Сауабы мен күнәсі тең түскен адам қайда барады?
Ислам

Бір күнә жасау – тозаққа қарай бір қадам жақындау

20.06.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әл-Фараби және мұсылмандық педагогика

Әл-Фараби және мұсылмандық педагогика

Пікір 3

  1. Нұр. жазған:
    1 жыл бұрын

    “Жәннат пен тозақтың ортасында мекен бар ма?” – дейді. Бар, оның аты Ағраф. Ал Жаннаттан да жоғары мекендер бар ма? Бұған төмендегі еңбек мазмұнында жауап берілген.

    РУХ ӘЛЕМДЕРІ

    (Жалғасы. Басы мына сілтемедегі мақала астындағы Нұр атты аутор комментарийінде:
    https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/)

    Әр әлемнің (не планның) өзі 7 қабатқа (планшаға не әлемшеге) бөлінеді. Мәселен, физикалық әлемді алайық. Бұл көзге таныс (жоғары эфир қабаттарды айтпағанда), айналамыздағы әлем боп табылады. Бұл әлем (план) 7 қабатқа бөлінеді: тығыз, сұйық, газтәрізді, 4-эфирлік, 3-эфирлік, 2-эфирлік, 1-эфирлік қабаттар. Физикалық әлемнің ең төменгі – тығыз – қабаты кәдімгі минералдар, тас, топырақ, құм қиыршықтары, кристалдар тәрізді қатты денелерден құралады. Физикалық әлемнің сұйық қабаты – ол барша сұйық материядан (мысалы, су) тұрады. Осы әлемнің газтәрізді қабатын газдар мен олардың түрлі қоспалары, яғни газ түріндегі материя (мәселен, ауа) құрайды. 4-эфир қабаты арқылы радио, электромагниттік т.б. толқындар тарайды. 3-эфирлік, 2-эфирлік, 1-эфирлік қабаттардың әрбірінің энергетикалық деңгейі өзінің алдындағыға қарағанда жоғарырақ боп саналады. Ол деңгейлерде сәйкесінше жоғарырақ эфир қайраты (энергиясы) түрлері таралады.

    1- сызба Адам құрылысы (бұл сызбаға интернеттегі сілтеме кейінірек беріледі, Құдай қаласа.)

    Физикалық әлемді (оның 7 қабатын шартты түрде 2 топқа бөлу арқылы) 2 аумақты құбылыс ретінде қарастыруға болады:
    1. Қатты (тығыз), сұйық және газтәрізді денелер аумағы.
    2. Төмендегідей 4 қабаттан тұратын эфирлер аумағы:
    а) электр (4-эфир);
    b) прана не тіршілік энергиясы (3-эфир);
    c) жарық (2-эфир);
    d) менталдық-шағылыстырушы (1-эфир).
    Физикалық әлемдегі қатты, сұйық денелер мен газдар біз оларды өз сезім мүшелерімізбен танып-білетін айналамыздағы материалдық әлемді құрап тұр. 4 эфир қабаттары болса, біз «атмосфера» деп атайтынды құрайды. Бұл эфир қабаттары Жердегі қатты, сұйық және газтәрізді денелердің бойларын кеулеп (олар арқылы еркін бойлай тесіп) өтіп тұр (Адамзатты жоғары ғарыши санаға қарай жетелеуші Киелі «Құдай Еркі Белгілі Орталық» аталатын Рухи орталық осы, адам көзіне көрінбейтін эфирлік қабаттарда орналасыпты деген сенім бар).

    Адам денесінің құрылысы да 2 бөліктен тұрады:
    1. Тығыз, сұйық және газтәрізді заттардан құралған тығыз физикалық дене.
    2. Физикалық дененің дәл копиясы боп табылатын әрі тығыз физикалық денені кеулеп тұрған эфирлік (не энергетикалық) дене.

    Осы эфирлік дене тығыз физикалық денеге эфир энергияларын беріп, қайраттандырып отырады. Эфирлік дене физикалық дене үшін қайрат беретін электр тоғы көзі іспетті. Эфирлік денеде 7 энергия орталығы бар (олардың орналасу реті 2-cызбада көрсетілген). Оларды «энергетикалық орталықтар» (не Ежелгі Шығыстың бір тіліндегідей «чакра», яғни «дөңгелек», «отты дөңгелек») деп те атайды. Бұлар жоғарырақ пландардың (әлемдердің) энергияларын қабылдап, адамның эфирлік денесінде («энергетикалық орталықтарында», яғни өз бойларында) оларды жинайды. Ол энергиялар сыртқы көрінеу физикалық дененің жұмыс істеуіне жұмсалады, көзге шалынбас сәуле боп сыртқы әлемге шашылады. «Энергетикалық орталықтар» (адам бойындағы бақ – құт көздері) адам денесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін жауап береді. Жалпы, эфирлік дене – адамның нағыз физикалық денесі боп табылады, ал бізге көрініп тұрған физикалық денені эфирлік дененің көлеңкесі деуге болады.

    Чакралардың 5-уі адам денесінде омыртқаны бойлай орналасып тұр (біз физикалық денеде емес, эфирлік денеде орналасып тұр деп отырмыз). Астрал денеде (яғни адамның сезім денесінде) де чакралар бар, олардың орналасуы эфир дене чакраларының орналасуына қарағанда сәл бөгделеу.
    Эфир чакраларының 1-сі омыртқаның бітетін төменгі ұшында орналасқан. Мұны «түбірлі чакра» деп те атайды. Ол адамға өмір күшін беріп, физикалық тіршілікті қамтамасыз ететін энергияны жеткізіп тұрады. Ол қызыл түсті.
    2-чакра (қарын чакрасы) жөнінде айтсақ, ол кіндік астындағы деңгейде орналасқан. Бұл чакра физикалық жасампаздық, яғни жыныстық энергия көзі боп саналады. Түсі – сәбіз бояуы тәрізді.

    2-сызба Адам чакраларының орналасуы (бұл сызбаға интернеттегі сілтеме кейінірек беріледі,
    Құдай қаласа.).

    3-чакра (solar plexus не Күн түйіні) диафрагмадан төмен, төменгі қабырғалар арасы маңындағы омыртқа деңгейінде, қарын артында орныққан. Түсі – сары. Бұл чакра сана жұмысы, рационалдық (қисынды, логикалық) ойлау әрі психикалық түйсік (яғни, сезіну) қызметі үшін жауапты. Бұл орталық астрал дененің есеп бөлімі (бухгалтериясы) тәрізді – барлық астрал сезімдерді қоректендіруге жіберілер энергиялар осында бөлінеді.
    4-чакра (жүрек чакрасы) екі емшек ұшын ойша қосар сызықтың қақ ортасы деңгейінде орналасқан (бұл чакралардың бәрі омыртқа бойын бойлай мекендейтінін ұмытпалық). Түсі – жасыл. Бұл – мейір мен барша тіршілікке деген Жаһани Махаббат орталығы.
    5-чакра (өңеш чакрасы) тамақ деңгейі тұсында орналасқан. Түсі – аспани көгілдір. Бұл адамның бейнелеуші, шығармашылық, өнерпаздық қабілеті үшін жауапты.
    Қалған екі чакра адамның басы аумағында орналасқан. 6-чакра («Үшінші көз») маңдай ортасында, екі қабақтың ішкі шетін ойша сызықпен қосса, осы сызықтың орта тұсы маңында орналасады (өз энергиясын осы тұста шоғырландырады). Оның реңі – көк. «Үшінші көз» даналық, көріпкелдік, жоғары шындықты тауып әрі оны тани білу қызметін атқарады. Бұл чакра арқылы адамның «Жоғары Мені» – яғни (Жоғарғы) Эго (Нағыз адам, Жан) – осы адамның тұлғасына (personality, личность) басшылық етеді. Жоғары пландар (көпөлшемді кеңістіктер) өмірін біздің планнан (3-өлшемді кеңістіктен) көру қабілетіне осы 6-чакра ие етеді…
    7-чакра (тәж чакрасы) адамның қақ төбесінен сәл ғана жоғарырақ орналасқан. Әдетте күлгін (фиолет) түсті боп саналады. Бұл чакра арқылы физикалық әлемде Рухани Триада энергиялары меңгеріледі. Осы чакра Жер бетіндегі адам(зат) дамуының болашақта жетуі тиіс шыңы деуге тұратын деңгейдегі рухи энергиялармен жұмыс істейді. Адамдағы Мәңгіліктің қасиеттері – соның ішінде (с.і.) ажалсыздық – осы чакра жұмыс істей бастағанда ояна бастайды…
    …Чакраларды жасанды жолдармен (мәселен, йогалық арнайы ауа жұту жаттығулары арқылы) қатты күштей отырып оятуға тырысу – адам өміріне, денсаулығына қатерлі нәтижелерге әкелуі мүмкін. Медитация (арабша тәфәккур не ой жүгірту, мысалы, сопылар медитациясы), рухи ілім жию және айналаңдағы ортаңа қызмет ету барысында оларды адам табиғатына зиян келтірмейтінде түрде оятуға болады…

    (Жалғасы бар.)
    Тереңірек түсіну үшін келесі сілтеме ашып, ондағы мақала астындағы пікір бөлімінен Нұрдың комментарийлерін оқыңыз:

    https://kazislam.kz/tus-zhoru-durys-pa/
    https://kazislam.kz/d-rys-d-a-zhasau-debi/
    https://kazislam.kz/zhanga-hadis-zhinaqtary-zharyq-kordi/#comment-8037
    https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352 https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
    https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632 https://kazislam.kz/nege-quranda-pajghambardyng-s-gh-s-esimi-az-atalghan/
    https://kazislam.kz/ne-ushin-pajghambardy-s-gh-s-habibulla-dep-atajdy/#comment-7636
    https://kazislam.kz/islamda-ne-ushin-bilimnen-buryn-tarbie-qazhet/

    Жауап беру
  2. Нұр. жазған:
    1 жыл бұрын

    https://drive.google.com/file/d/1Fn3Hf1uiaxs2jUjbSsT57kB6o81N9uZx/view?usp=sharing:

    НҰР КІТАБЫ. 1 том. 2 – сызба. АДАМ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕКЕНІ.

    Жауап беру
  3. Нұр. жазған:
    1 жыл бұрын

    НҰР КІТАБЫ: 1 – том. «Рух әлемдері» кітабындағы сызбалар туралы деректі ғаламтордан келесі сілтемелер арқылы алуға болады (тиісті ғаламтор парағы ашылғанда парақтың жоғарғы оң жақ шекесіндегі төмен бағытталған жебеше («стрелка») белгісіне компьютер тінтуірімен («мышка») екі рет басу керек).

    https://drive.google.com/file/d/1SAkczBYr9qNTYBKSzuwyOw0wONXZZY3q/view?usp=sharing

    НҰР КІТАБЫ. 1 том. 1 – сызба. АДАМ ҚҰРЫЛЫСЫ.jpg.

    Жауап беру

Нұр. үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73641 бөлісті
    Бөлісу 29456 Твитерге 18410
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2455 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    541 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Инфографика

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

09.05.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою