Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлы мемлекет: толеранттылық және заң

26.10.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
157
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқы өз тарихында еш уақытта дінсіз болмаған. Кешегі Кеңес заманында діннен ажыратуға тырысқанымен, оның сыртқы белгілері салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрінде көрініс тапты. Ал ішкі рухы халқымыздың дүниетанымында, тәлім-тәрбиесінде, мәдениеті мен әдебиетінде сайрап жатты. Сондықтан да тәуелсіздікпен бірге дін ұстануға еркіндік берілгенде еліміз дінаралық келісім мен достықты, толеранттылықты, наным-сенім еркіндігін басшылыққа алатын зайырлылық жолын таңдады.

Зайырлылық қағидаларына негізделген мемлекеттік басқару жүйесі – көпконфессиялы және көпұлтты Қазақстан үшін бірегей сенімді жол. Бұл қоғамның рухани дамуынан басқа, елдің барлық салаларында: ғылым, мәдениет, білім және т.б. оң прогресті қамтамасыз ететін модель. Бүгінгі таңда уақыттың өзі алдымызға қойып отырған көптеген себептер бойынша мемлекеттіліктің зайырлы сипаты – Қазақстан үшін баламасыз жүйе екенін мойындауымызға тура келеді.

Біздің елімізді бүкіл әлем зайырлы мемлекет ретінде біледі. Соның арқасында елімізде 18 түрлі конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Осы жолдағы басты мақсат – дінаралық достық пен келісімді сақтау, сондай-ақ жастарымыздың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу. Сондықтан біз оларға мұны түсіндіріп, шынайы жолға бағыттауымыз керек.

Мемлекет діндер мен олардың өкілдеріне қатысты бірқатар шектеулерді де өз мойнына алады. Дегенмен, егер олар өз қызметтері барысында заңнаманың бұзылуына жол бермесе, мемлекет діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпайды. Бұл әсіресе дін мәселелеріне қатысты, яғни ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенім мен құлшылық істеріне мемлекеттік органдардың реттеу шаралары керек емес.

Ынтымақ мекені

Ынтымақ мекені

12.05.2025
БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

12.05.2025

Мемлекет азаматтардың дінге деген көзқарасын анықтауға араласпайды. Ешкімді де діни белгісі бойынша кемсітуге жол бермейді. Әркім өзі үшін қолайлы немесе қажет деп санайтын сенімді ұстануға құқылы. Қандай да бір сылтаумен және қандай да бір мақсатта бір дінді ұстануға мәжбүрлеуге ешкімнің де құқы жоқ.

2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, ханафи мәзһабы негізіндегі ислам Қазақстандағы тарихи мәртебесі танылған дәстүрлі дін. Қазақстан халқының басым көпшілігін мұсылмандар құрайды. Сондықтан ислам тұрғысынан қарайтын болсақ, біздің ата дініміз мұсылмандардан қоғамның әлеуметтік өміріне жауапты болуды, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адам өмірінің, ар-намысы мен мүлкінің қауіпсіздігін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл тек мұсылмандардың бір-бірімен қарым-қатынасына ғана қатысты емес, әдетте иман мен исламның тіректеріне сенбейтін, бірақ мұсылмандардың өміріне, ар-намысына, мүлкіне қол сұқпайтын, ғибадат рәсімдерін орындауға кедергі жасамайтын өзге дін өкілдеріне де қатысты.

Конфессиялар арасындағы бейбітшілікті сақтау, қоғамның бірлігі мен қауіпсіздік құндылықтары Құранда, Мұхаммед пайғамбардың сүннетінде де айқын көрініс тапқан. Мұсылмандар сол өнегелерді басшылыққа алуы керек. Мұны Құранның аяттары растайды: «Жаман істердің айқынына да, жасырынына да жақындамаңдар. Және де Алла өлтіруге тыйым салған адамның өмірін қимаңдар…», – делінген «Әнғам» сүресінде.

Бір сөзбен айтқанда, исламда мұсылманның қоғамдық келісімді сақтай отырып, барлық адаммен тең қатынаста өмір сүруіне кедергі келтіретін ештеңе жоқ. Ата Заңымыздың да азаматтарымызға ұсынып отырған діни сенім бостандығы дәл осындай. Осы айтылғандарды негізге алар болсақ, бүгінгі зайырлылық ұстанымымыз Қазақстанның рухани дамуының кепілі болып отырғанын сеніммен айта аламыз.

Осы жерде бір айта кететін жайт бар. Зайырлылықты атеизммен байланыстырудың ешбір негізі жоқ. Өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік беріп отыр. Ал Ел Президенті «Зайырлылық – атеизм емес» деп нақты айтқаны белгілі.

Зайырлылық пен руханият бір-біріне қайшы келмейді. Зайырлылық мемлекетті басқаруға қатысты ұғым болса, руханият – діннің құрамдас бөлігі. Зайырлы мемлекетте әртүрлі діни ұстанымдар болуы мүмкін, олар үшін жалғыз ереже – барлық азаматтар заң үстемдігін мойындап, оның алдында тең болуы.

Сонымен қатар, зайырлылық атеизм болмауымен қатар, идеология емес екенін де түсінуіміз керек. Ол адамдардың дүниетанымдық ұстанымдарына бейтарап қарайтын форма. Белгілі дінтанушы Досай Кенжетайдың айтуынша, құқықтық ұстаным ретіндегі зайырлылық моделі мемлекеттілігіміздің барлық қабаттарына қатысты. Сондықтан оны белгілі бір сенімді немесе ұстанымды насихаттайтын идеология немесе дінге қысым жасайтын жүйе деп түсіну қате.

Жәнібек ҚҰРБАНОВ,

Ақтау қалалық Әкімдігінің қоғамдық орталығы дін бөлімінің теолог маманы 

Таңбалар: зайырлы мемлекетЗаңТолеранттылық
Бөлісу4Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Өзге дін өкілдеріне деген қарым-қатынас

25.04.2025
Елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі жасала ма?
Жаңалықтар

Елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі жасала ма?

23.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дін қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Дін қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74474 бөлісті
    Бөлісу 29790 Твитерге 18619
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2466 бөлісті
    Бөлісу 986 Твитерге 617
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    546 бөлісті
    Бөлісу 218 Твитерге 137

Соңғы жарияланымдар

Қатар елшісін қабылдады
Жаңалықтар

Қатар елшісін қабылдады

12.05.2025
Ынтымақ мекені
Видео

Ынтымақ мекені

12.05.2025
Террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы тарады
Жаңалықтар

Террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы тарады

12.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00