Сейсенбі, 8 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Махаббаттың қоғамдағы көрінісі – әділеттілік

09.06.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әділдік – Алла Тағаланың сипаты! Өзін «Жаратушының жердегі орынбасарымын» деп білетін адам үшін де бұл сипат – қасиет болуы керек! Құдси-хадисте былай делінеді: «Алла Тағала айтады: «Ей, құлдарым! Мен Өзіме зұлымдық жасауды харам еттім, сендерге де зұлымдық жасауды харам еттім. Бір-біріңе зұлымдық жасаушы болмаңдар!..» (Муслим жеткізген)

Хақ дін Исламның имандағы ерекшелігі, сенімдегі түп қазығы – Бірқұдайшылдық (таухид) болса, қоғам өмірі мен қарым-қатынастағы өзегі – адамдар өзара сыйластық пен сүйіспеншілікте өмір сүретіндей әділетті қоғам құру. Сондықтан құлшылықтың да, құндылықтың да шыңы – Мейірім мен Әділетті сақтауда! Анығын айтсақ: тіршілікті мән-мазмұны болған Махаббаттың қоғамдағы көрінісі – Әділеттілік! Ең үлкен Әділдік – мейірім-махаббатқа сүйеніп шешім қабылдау!..

Ғалымдар Құран Кәрімдегі мына аятты бізге бұйырылған үкімдердің түйіні ретінде бағалайды: «Негізінде, Алла әділетті, игілікті және ағайын-туысқа қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, қастасудан әрі дөрекіліктен тыяды. Ол сендерге насихат етті: мүмкін, түсінерсіндер» («Нахл» сүресі, 90-аят).

«Әділдік» ұғымы – сенім (ақида), қарым-қатынас (ахлақ), заң және әлеуметтік өмір (шариғат) салаларын толығымен қамтиды. Негізі, Әділдік – араб тіліндегі «адл» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы: «зұлымдық жасамау, иесіне тиесілі ақысын беру, әркімнің өмірдегі өз орынын білуі, қателіктерді түсіндіріп тәрбиелеу, ақиқатқа қол жеткізу» дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «тазарту, түзету, теңестіру, өлшейтін таразы» деген мағыналарды да қамтиды. Ал енді «Хақ» және «хақы – ақысы», «құқығы» деген ұғымдардың түбірлес, мағыналас екенін ескерсек, онда: өзгенің ақысына кірмеу, хақын қайтару, құқығын құрметтеу – имани Өмірдің басты қағидасы екенін бағамдаймыз. Ақиқат жолындағы ғұмыр дегеніміз осы!

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025

«Ей, иман келтіргендер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, бай немесе кедей болса да, Алла үшін айғақ болыңдар. Өйткені, Алла – екеуіне де тым жақын. Ендеше әділдік істеуде нәпсіге ермеңдер! Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, күмәнсіз, Алла – не істегендеріңді толық Білуші!» («Ниса» сүресі, 135-аят.) Бұл аяттан артық Әділдік қағидасын қалай сипаттауға, жеткізуге болады?! Ендеше, тілімен емес, ділімен хақты қабылдаған, асыл діннің қапысыз құндылықтарын бойына сіңірген шынайы мұсылманның қадір-қасиеті Әділдікке сәйкес өмір сүре алғандығымен, Әділдікті ұстана білуімен өлшенбек!

Жер бетіндегі тіршілікті «сынақ» деп білсек, онда сол Сынақтың бір сипаты – әділетті қоғам құру. Егер өмір сүріп жатқан қоғамында әділетсіздік орын алып жатса, ол – санасы сау әр мұсылманға сын! Әділдігімен әлемге үлгі болған атақты сахаба хазіреті Омардың (Ол кісіге Алла разы болсын!) көшеде қайыр сұрап тұрған бір яхуди шалдың мән-жайын білгеннен кейін: «Жас кезінде қоғамға пайдасы тиген, мемлекетке салық төлеген адамды қартайған шағында қамқорлықсыз қалдыру – әділетсіздік болады», – деп, сол күні жарлық шығарып, мемлекет қазынасынан қария адамдарға зейнетақы тағайындағыны, сондай-ақ  жетімдер мен жас босанған аналарға да жәрдемақы беру жүйесін енгізуі  – Әділдік принципінің жүзеге асуының тамаша көріністері еді! Бұл «Қиямет күні адамдардың Алла Тағалаға ең сүйікті болғаны және Аллаға ең жақын болғаны – әділ болған басшы» (Тирмизи жеткізген) деген хадиске амал қылған Ер Омардың парасатты істерінің бір парасы ғана!

Мына бір оқиға да қандай ғибратты еді! Бір яхуди, Ардақты Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) «ғылымның қақпасы» деп атаған, батыр сахаба Әбу Тәлібтің ұлы Әлидің (Ол кісіге Алла разы болсын!) үстінен шағымданып, мұсылмандардың әміршісі Хаттабтың ұлы Омардың (Ол кісіге Алла разы болсын!) алдына келеді. Әли Омардың алдына келіп отырғанда, Омар: «Уа, Әбу әл-Хасан! Тұр да, қарсыласыңның жанына барып отыр», – дейді. Әли халифаның айтқанын орындайды. Сол кезде Омар Әлидің жүзінен ашу мен қобалжудың белгілерін байқап қалады, алайда қазылық ісі біткенге дейін байқамаған сыңай танытады. Сосын, жеке қалғанда, Әлиге: «Уа, Әли, қарсыласыңмен бірге қатар отырғызғанымды ұнатпай қалдың ба?» – деп сұрайды. Сонда Әли: «Жоқ, менің қобалжыған себебім: сен мені кунияммен (лақап атыммен) «Хасанның әкесі» деп шақырып, ал қарсыласымды олай шақырмадың – екеумізге тең қарамадың. Сол себепті яһудидің «мұсылмандардың арасында әділдік жоғалған екен» деп ойлап қалуынан қорықтым», – деген екен. Өйткені, арабтар арасында куниямен, яғни «пәленшенің әкесі» деп шақыру – сол кісіге деген құрметтің белгісі болып саналады екен! Ал көйлегін 100 дирхемге (күміс ақша) сатпақшы болған әйелден, бағасын білгендіктен, 500 дирхемге сатып алған Әбу Ханифаның (Ол кісіге Алла рақым етсін!) өнегесі ше?!.. Ислам тарихында мұндай мысалдар мыңдап саналады!

Иә, Әділдік – Алла Тағаланың Құран арқылы бекіткен айнымас заңы әрі Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) сара сүннеті. Бұл ақиқатты Абай хакім: «Адамшылықтың алды – махаббат, әділет сезімі. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – Жаратқан тәңірінің ісі. Бұл әділет, махаббат сезімі кімде көп болса, сол – ғалым, сол – данышпан!» – деп түйіндепті. Ұстазының сөзін Шәкәрім атамыз былай қостапты:

«Әділет пен мейірім, ынсап,

Құлшылығым – Тәңіріме.

Қиянатқа жанды жұмсап,

Жанбан отқа шырқырап!»

Өзін «Әлімсақтан бері мұсылманмын» деп санайтын, «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды», «Байлық неге керек – адалдан жимасаң,

Билік неге керек – әділдік құрмасаң!», «Атаңның құлы айтса да, Әділдікке басыңды и!» деген дана Қазақтың ұрпағы ретінде, соңғы Пайғамбардың үмбеті ретінде біздің мақсат – Ар-иманға негізделген, ата дәстүріне сабақтас, Әділдік пен Заң үстемдік ететін Қайырымды қоғам құру!

Алла Тағала баршамызға хақ діннің аясында өмір сүруді, мейірлі жүрек пен әділдікке толы ғұмырды нәсіп етсін!

Алғадай Әбілғазыұлы 

Таңбалар: Алғадай Әбілғазыұлыәділдікбасты тақырыпмахаббат
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият депутат Аманжол Әлтаевқа жауап берді
Жаңалықтар

ҚМДБ: Әйелдер бет-жүзін бүркемелеуге міндеттелмеген

03.07.2025
«Нұр Мүбарак» университетінің түлектеріне диплом табыстады
Жаңалықтар

«Нұр Мүбарак» университетінің түлектеріне диплом табыстады

03.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажылыққа баратын имамдарға насихат айтты

Қажылыққа баратын имамдарға насихат айтты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады
Жаңалықтар

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025
Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды
Жаңалықтар

Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды

07.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00