Сейсенбі, 24 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Асылбек БАЙҰЗАҚҰЛЫ: Елімізде каллиграфия өнеріне көңіл бөлінбей келеді

30.03.2023
- Ислам, Сұхбат, Таңдаулы
0
522
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам елдерінде көркем жазу өнері әрқашан жоғары бағаланған. Араб елдерінде көне заманнан каллиграфия, яғни құсни хат шеберлері ерекше дәріптеліп келеді. Асылбек Байұзақұлы – каллиграфия өнері бойынша Мысырда білім алған еліміздегі алғашқы маман. Kazislam порталына берген сұхбатында ол каллиграфия өнерінің тарихы, стильдері, оған берілетін ижаза және еліміздегі осы өнердің даму барысы жайында жан-жақты баяндап берді.

– Асылбек мырза, Сіз елімізде құсни хат бойынша ижаза алған санаулы адамдардың бірі екенсіз. Жалпы бұл өнерді қай кезден бастадыңыз?

– Бұл өнерге қызығушылығым жастайымнан басталды. Ол кезде арнайы “ижаза” алайын деген ниет те болған жоқ еді. Тіпті «ижазаның» бар екенін кейін білдім. Білген соң қол жеткізуге талпындым. Жалпы айтқанда кішкентайымнан сурет салып, сызу сызғанды ұнататынмын. Мектеп жасында да сол қырымнан танылдым. Мектепте оқыған жылдары әкемнің кенже інісі Кемал қажы Түркия елінде оқитын, оқу демалысында елге келгенде өзімен бірге көптеген арабша жазылған көркем жазулар алып келетін. Оны көріп қызығушылық танытып, қолымнан келгенше көшіруге тырыстым.

Мектепті тәмамдаған жылы елімізде «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университеті талапкерлерге алғашқы рет өз есіктерін айқара ашты. Сол оқу орнына сәтті түсіп, оқуымның екінші курсында бізге Мысыр еліндегі әйгілі «әл-Азхар» университетінің ұстазы Ахмад Амир деген ұстаз «көркем жазу» пәні бойынша тәлім беруді бастады. Ол жылдары шетелдік ұстаздар белгілі бір уақытқа келісімшартпен келетін. Екі жылдай осы пәнді ерекше ықыласпен оқыдым. Өйткені бар болғаны екі жылдан кейін ұстазымыз өз Отанына қызмет мерзімі бітіп, кетіп қалды. Сол сәтте мен өзіме анық бағыт-бағдарымды айқындадым. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң көркем жазу өнерінің қаймағы тұнған Мысыр еліне барып қайнар көзінен сусындаймын деп бел будым.

Некенің дұрыстығы – жария болуында

Некенің дұрыстығы – жария болуында

24.06.2025
Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

24.06.2025

Бірақ бастапқыда университет қабырғасынан түлеп ұшқан соң 1-2 жылдай Алматы қаласында наиб имамдық қызмет атқардым. Сол қызметте жүргенде кішігірім мешіттердің қабырға жазуларын жазуды бастадым. Десе де Мысыр еліне бару жоспарым еш әлсіремеді. 2006 жылдың маусым айында Мысыр астанасы Каир қаласына аттандым. Сол қаладағы Мысыр билеушісі Фуад Бірінші 1922 жылы қалаған «Халил аға» көркем жазу мектебіне оқуға түстім. Бұны өмірімдегі шешуші кезең десем де болады.

–  Ол жерде білім алу несімен ерекшеленеді? Ижазаны кім береді?

– Кез келген Ислам ілімі секілді көркем жазу оқуының алғышарты –  ұстаздың алдында ғасырлар бойы қалыптасқан оқу жүйесі бойынша ерекше ыждаһаттылықпен оқу. Ондағы басты міндет – ұстаздың көрсеткен әріп кескіндеу техникасын жіті бақылап, қайталай білу. Қол икемділігін үздіксіз шыңдап отыру.

Ал арнайы оқу орындары тарихи мұсылман елдерінде бар. Соншалықты көп деп те айта алмаймын. Ижазаны ұстаздар береді. Неғұрлым көп ұстаздан алынған ижаза болса, соғұрлым дәрежесі жоғары болып есептеледі. Ол процесс былай жүзеге асады. Ұстаз шәкіртке мәтін береді, ол аят не хадис, дұға, ғибратты сөз болуы мүмкін. Сол мәтінді шәкірт белгілі стильде (өзі машықтанған) бір қағазға көркемдеп жазуы тиіс. Сол жазуды ұстаздар тексергенде бағасын лайықты деп тапса, онда астына өз есімдерімен және шәкіртті атап тұрып қолтаңбаларын қалдырады. Міне, осыны «ижаза» дейді. Кейін ол қағаз алтын қолданылған ою-өрнекпен әсемделіп, арнайы құтыға салынып шәкіртке табыс етіледі. Бұл оның жоғарғы шеберлік дәрежесінің бұлтарпас айғағы.

– Араб каллиграфиясы, яғни құсни хат жазудың Исламмен байланысы бар ма? Әлде оған дейін өмірде болған өнер ме?

– Өте жақсы сұрақ қойдыңыз. Жалпы көркем жазу адамзат тарихымен қатарлас келе жатыр. Біздін дәуірімізге дейін 3200 жыл бұрын Месопотамия жерлерінде көркем жазудан жарыс секілді іс-шаралар өткізілген деген деректер бар. Ислам каллиграфиясындағы араб графикасы да өз бастауын сол замандардан бастау алған. Ол Набатей, Арамей, Химьяр, Финикия мәдениеттерімен байланысты. Яғни Ислам дінімен де байланысы бар. Өйткені асыл дінімізде ілімге үлкен мән берген.

Сауаттылық көркем жазумен тікелей байланысты, оның бір компоненті. Тұлғаның интеллектуалды қоры үлкен дәреже екенін дініміз әрдайым дәріптеген. Тіпті Исламның алғашқы жылдарында қақтығыста қолға түскен тұтқындарды босату мәселесінде мұсылмандар мүшріктерге талап қойған: мұсылман баласын жазу-оқуға үйреткен жағдайда бостандық кепілдігі берілетіні туралы. Хазірет Әли (Алла оған разы болсын!) бір сөзінде «Каллиграфияның ұзақтығы – Ислам дінімен тең» деген.

– Бұл өнердің өзіндік мектептері, түрлері қалыптасқан ба?

– Ислам каллиграфиясы қазіргі кезде нақты қаншама бейнені қамтитыны белгісіз. Әуелгі уақыттын өзінде 300-ден астам түрі белгілі болған, ол уақыттан бері 13-14 ғасырдай мерзім өтті. Каллиграфия стильдері де тілдің дамуы секілді өзгеріске ұшырап отырады, оның ішінде өлісі де бар, қолданыстағысы да бар.

Қазір шамамен 2 миллииард адам ұстанатын үмбеттің қолданысында жүрген 6-7 стиль бар. Олар әрқайсысы өзінің шыққан ерекшелігіне сай қолданылады. Мысалы, қасиетті кітабымыз Құранды жазуға «насх» стилі пайдаланылса, мешіт сияқты сәулет нысандарында «сүльс» стилі таңдалынады. «Тағлиқ» стилі поэзия мәтіндерін жазуда, ал сән-салтанатты рәсімдерді жазуда «диуани» стилі қолданылады.

Ал мектептерге байланысты әр өлкенің өзіндік ерекшелігіне сай каллиграфия мектептері де алуан түрлі. Әрқайсысы бірінен бірі кем түспейді. Олар шыққан қайнар көздеріне, тарихи нюанстары мен үйрену тәсілдеріне қарай ерекшеленеді.

– Асылбек Байұзақұлы, біздің елімізде осы өнер саласы қаншалықты дамыған?

– Қазақстанда бұл өнер белгілі себептермен кенжелеп қалған. Қазақ жеріне араб графикасы ертеде келгенмен, бірнеше рет әліпби өзгергеннен біраз жылдар діннен алшақтап қалдық.  Себебі дін қайраткерлері әртүрлі себептермен жер аударып, өлім жазасына кесілді. Тәуелсіз отыз жылдың ішінде де құсни хат өнеріне айтарлықтай көңіл бөлінбей келе жатыр. Көршілес елдер оны қолға алып, жастар арасында кең насихаттап қызу жұмысқа кірісіп кетті. Біз де қалыс қалмай әрекет жасауымыз керек деп ойлаймын.

– Ал тарихта бізден шыққан құсни хат шеберлері болған ба? Көне заманнан қалған өнер ескерткіштері бар ма?

– Қазақ даласына каллиграфия ерте келгенімен, өмір салтына байланысты көптеген жәдігерлер (қолжазбалар) сақталмай қалған. Дегенмен қағаз беттерінен ғана емес, жауынгердің қару-жарақ, сауыт-саймандары, ыдыс-аяқ, т.б күнделікті заттарынан да каллиграфия үлгілерін кездестіре аламыз.

Айтарлықтай ел аузында қалған көрнекті қалам шеберлерінің есімдері сақталмаған. Еліміздің кең-байтақ өлкелеріндегі сәулет нысандарындағы каллиграфия көбінесе Иран жерінен алдырылған шеберлердің жұмыстары. Рухани астанамыз Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жазу үлгілеріне, сондағы қолтаңбаларға қарап, олардың сол кездегі білім ордаларынан (Тебриз, Мешхед, Бұхара) келген ұсталар екенін аңғарамыз. Олар Әмір Темір алдыртқан өз ісінің шеберлері еді.

– Қазір қандай кәсіппен шұғылданып жатсыз?

– Қазіргі таңда Шымкент шаһарында бой көтеріп келе жатқан еліміздің көлемі жағынан екінші мешітінің жазу жұмыстарымен шұғылданудамын. Оған дейін 2019-2022 жыл аралығында елордамыздағы Республикалық Бас мешіттің жазуларын жазған едім.

Сондай-ақ «ұстаздық еткен жалықпас» деген мақсатпен Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» колледж-медреседе каллиграфия пәнінен дәріс беремін.

– Осы өнер саласына қызығушылығы бар жастарға не айтар едіңіз?

– Бастауыш каллиграфтарға берер кеңесім: каллиграфияны табыс көзіне айналдырам десеңіз, демек Сіз сол деңгейде қаласыз. Яғни даму мен нәтиже болмайды. Каллиграфияны шынайы сүю керек, сол кезде табыс та, атақ та, басқа игі нәтиже де болады (Алланың қалауымен).

Ең басты мәселе – әріпті дұрыс кескіндеу. Ал екінші орында – жазудың формасы, түс-реңі, т.б. Бірден өнердің үздік туындысын шығарамын деу – қателік. Бұл өнер үлкен сабырлылықты талап етеді.

Әр әріпті кемеліне жеткізу үшін алғашқыда күніне 16-18 сағаттан отыратынмын. Сондай-ақ жазу жазар алдында намазға дайындалғандай дәрет алу пайдалы. Жазу жазып отырғанда телефон, шай, бос әңгімеге көңілді бөлмеңіз. Тіпті жұмыс үстінде ара, шыбын мен маса мазалағанда сабырмен отырған хаттаттарды білемін. Ең бастысы каллиграфияға құрметпен қарау керек. Бәрі Алладан екеніне кәміл сену керек.

 – Әңгімеңізге рахмет!

 Әңгімелескен Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Ислам дінікаллиграфия
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұрыс діннен дән ізде
Видео

Дұрыс діннен дән ізде

26.02.2025
Бас мүфти елді елең еткізер жоспарымен бөлісті
Жаңалықтар

Бас мүфти елді елең еткізер жоспарымен бөлісті

23.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ораза кестесі – 2022

Рамазан – кешірім айы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Некенің дұрыстығы – жария болуында
Видео

Некенің дұрыстығы – жария болуында

24.06.2025
Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды
Жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған тұрғын сотталды

24.06.2025
Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын
Жаңалықтар

Донорлық пен трансплантацияға қатысты жиын

24.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00