Сейсенбі, 15 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін ұстану – тек құлшылық қылу емес

09.11.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
562
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні Алла Елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: «Уа Алла Елшісі, мұсылман деген кім?» деп сұрақ қойыпты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Тілімен де, ісімен де ешкімге зиян тигізбеген адам», – деп жауап берген екен. Бұл жолды бекем ұстанып көкірек көзі ашылып Шыңғыстаудың баурайында үй тіккен Шәкәрім қажы көптеген өлең жолдарында осы қағиданы дәріптеген. Яғни ешкімге зиян тигізбе, арлы бол, ұятты бол, намысты бол, рахымды, ынсапты бол деумен өмірін өткізді. Сол себепті «Қиянатың бар болса иманың жоқ, маған десең мың жылдай қыл ғибадат» дегені.

Одан бұрын күллі түркі жұртына ортақ ұстаз болған Қожа Ахмет Ясауи:

Кәпірге де қастық қылма жаралар,

Ол Құдайдан безуменен барабар.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Тозақ дайын талақ қылсаң сүннетті

Менен бұрын айтып кеткен даналар…», – деген. Яғни бұрынғы қазақтың дәстүрлі діни танымында кәпір де болса азар берме деген қатаң қағида орын алған. Бұл нағыз мұсылман үмбетінің жолы десек болар.

Дінді ешқандай пендеге қиянат жасамау деп ұғынсақ, Шәкәрім қажыға тағы да қайта оралмақпыз:

Адамның айуаннан айласы мол,

Қит етсе, қиянатқа қояды қол.

Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек –

Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол!

Және тағы да бір өлеңінде:

Жүрегі таза адамдар

Зұлымдықтан амандар,

Қиянатсыз надандар

Әулиеден кем емес, – деп биік дәрежеге көтерді. Ал әулие деп Құдайдың сүйген құлдарын, достарын атаса керекті.

Ғылымсыз – дін ақсақ және соқыр. Бұл бұрынғы өткендердің сөзі. Дін деген осы екен деп тек отырып тұрып намаз оқып, ораза ұстай беру де болмас. Құлшылыққа да ғылым керек. Құбыланы табу үшін құбылнама пайда болды, уақытты есептеу үшін сағатты ойлап тапты. Ораза кезінде айды есептеуге де ғылым керек. Ғылымның нәтижесі әсіресе XXI ғасырда қатты сезілуде. Ал қазіргі қоғамға тек қана ғылыммен ғана озу жараспақ. Академик Асқар Жұмаділдаев айтқандай: «Ғылымның барлығы қазаққа керек».

Мұны байқаған Хакім Абай кезінде жиырма бесінші қара сөзінде: «Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, орыстың ғылымын үйрет (оқыт)! Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма»!

Әрине Абайдың заманында ғылымы озық орыс ұлты болатын. Батысқа қол сермеу үшін орыстың тілін білу қажет еді. Ал қазіргі кезде мүмкіндік көп. Сондай-ақ оныншы қара сөзінде: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж ешбір ғибадат орнына бармайды» деген сөзін ескерсек, дін дегеніміз ең әуелі – білім мен ғылым екені даусыз.

Хақ мұсылман кім болар,

Айтса сөзі шын болар.

Рахым, ұят, ар, ынсап –

Төртеуі болса дін болар.

Мұсылман адамның тағы бір бойынан табылар қасиеті – кеңпейілділік. Ол да Жаратқанның сүйген амалы.

Тәңірі жолы – ақ жүрек,

Сайтан деген қиянат.

Ақ жүректі ертерек

Ескер-дағы қыл әдет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бүгінгі мақала тақырыбына арқау болған Шәкәрім қажының бір шумақ өлеңімен түйіндесек:

Есіл түзу пішінді,

Түзете алмай қысылды.

Сен құбылмай тек отыр,

Түзетсін Құдай ішіңді.

Демек діндар болу, мұсылман болу әуелі өзіңді түзетуден басталмақ. Мен мұсылманмын деген қазіргі қазақ қоғамына жоғарыда айтылған өлең жолдарынан ғибрат алу керек секілді. Сонда ғана еліміздегі дінді тек құлшылық дейтін буквалистік пайымнан арылатын секілдіміз.

Қ. ҚОСМАХАНОВ,

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

маманы

Таңбалар: басты тақырыпдіндін ұстануқұлшылықнамаз
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Дүниені мойындатқан діндарлар
Видео

Дүниені мойындатқан діндарлар

12.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Толеранттылықтың түп мәні – кеңпейілділік

Толеранттылықтың түп мәні – кеңпейілділік

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00