Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбілқасымхан медресесі

15.08.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
435
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әбілқасымхан медресесі Ташкент қаласының Бесағаш мақалласында ХІХ мен ХХ ғасыр басында жұмыс істеген діни оқу орны ретінде белгілі. Медресенің ең көне бөлігін Қоқан хандығы дәуірінде 1820 жылы Әбілқасымхан ишанның әкесі Муйи Мүбарак Ишантөрехан салдырған. Ал діни оқу орнының қазіргі сақталған негізгі бөлігін Қоқан хандығының соңғы дәуірі саналатын 1850-жылдары Әбілқасымхан ишан тұрғызған.

Алғашқыда Муйи Мүбарак Ишантөрехан ғимаратты сопылардың ханакасы ретінде салдырған болатын. Кейін Әбілқасымхан ишан әкесінің ханакасын кеңейтіп, бір қабатты көпшілік намаз оқитын мешітке әрі діни дәріс алатын медресеге айналдырды. Сонымен қатар, ғимарат жанынан хауыз ашып, монша тұрғызып, гүлзар аула жасады.

Медресеге оқуға келген шәкірттердің көптігіне байланысты 1864 жылы екінші қабаты тұрғызылды. Тіпті, кейінірек жанынан тағы да қажетті қосымша құрылыстар салынды.

Жалпы, Әбілқасымхан медресесі екі қабатты ғимарат. Медресенің құрылысы шығыс стилінде безендірілген. Оның ауласына алдыңғы және артқы қақпалар арқылы кіреді. Алдыңғы қасбетінен қарағанда, мезандарлы күмбезі мен екі қабатты ұяшықтан тұратын сыныптары көзге түседі.

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025

Ғимарат күмбезінің екі жағында биіктігі 16 метрлік гүл мұнаралар орналасқан. Ішінде жүздеген шәкірттің құлшылықтарын атқарып, діни білім алуына арналған құжыралары бар. Шәкірттердің басқа да қажеттіліктерін өтейтін арнайы жабдық бөлмелерімен (жатын орын, дәретхана, монша т.б.) қамтылған.

 Медреседегі діни білім беру үрдісі заман сұранысына қарай дамып отырды. Әуелгіде Муйи Мүбарак Ишантөрехан сопылар діни білім алып, құлшылық атқаратын ханака ретінде тұрғызса, соңыра Әбілқасымхан ишан классикалық діни дәрістерді жүйелеп, саты-сатымен оқытатын медресеге айналдырды.

Әбілқасымхан ишан 1892 жылы Ташкентте обадан қайтыс болған соң, медреседе оның баласы Хашимхан ишан сабақ береді. Мұсылман әлеміндегі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өзгерістерге байланысты, Әбілқасымхан медресесінде кейінгі дәуірде діни пәндермен қатар дүниеуи пәндер де оқытылады.

Бұл медреседе Орталық Азиядағы өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз, түрікменнің көптеген зиялылары діни білім алған. Мысалы, Абдулла Қодири, Гулом Зафари, Мунаввар қори Абдурашидхонов, және Абдурауф Фитрат, Ишан Баба Абдулмажитхан секілді өзбек ұлтының діни оқымыстылары Әбілқасымхан медресесінде діни білім алған.

Ал қазақтардан – ХХ ғасыр басында Жетісу жерінде және кейінірек Семейде діни қызмет еткен Ахметсафа Қалдыбайұлы, Кеңес үкіметіне қарсы күрескен атақты мұһажір ғұлама Мүбәшшар ат-Тарази, Түркістан муфтиі Алиш Омарқожаұлы т.б. ғұламалар мен діни қайраткерлер осы медреседе оқып, білім алды.

Ташкент қаласында Кеңес үкіметі билік құрғаннан кейін діни оқу орындарын жабуды қолға алады. Әбілқасымхан медересесі де 1919 жылы өзге діни оқу орындарымен бірге жабылды. Медресе ауласындағы хауыз бен дәретхана 1940 жылы, сол қанатындағы бағаналы мешіт 1981 жылы бұзылды.

Ташкент қаласындағы 1946 жылғы зілзаладан медресенің ғимараты қатты зақымданды. Кеңес үкіметі Ташкенттегі қуыршақ фабрикасын 1974 жылы медресе ғимаратына орналастырды. Осы жылдары ол адам танымастай тозды. Кейін 1982-87 жылдары мемлекет тарапынан күрделі жөндеу жүргізілді.

Әбілқасымхан медресесі 1983 жылы Өзбекстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау комитетінің балансына өтті. Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1996 жылдан бері «Алтын мұра» халықаралық қайырымдылық қорының Ташкент филиалы және халық өнері мектебі ретінде жұмыс істейді.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: Мұхан Исаханташкент
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дни культуры Ташкента пройдут в Астане
Жаңалықтар

Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді

06.08.2024
Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Көше ақыны» Кореядағы кинофестивальге ұсынылды

«Көше ақыны» Кореядағы кинофестивальге ұсынылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76825 бөлісті
    Бөлісу 30730 Твитерге 19206
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2494 бөлісті
    Бөлісу 998 Твитерге 624
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2725 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00