Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін және Отан

16.04.2022
- Мемлекет және дін
0
364
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан өзгелермен иық тіресіп, дамудың дара даңғылын салып үлгерген мемлекеттердің қатарын бетке алып келеді. Қазақстан жұртының мақсаты – бейбітшілік пен тыныштықты ту етіп, халықтар достығына сызат түсірмеу.

Әртүрлі ұлттардың басы қосылған елде татулықты сақтап, оларды айрандай ұйытып отыру үшін көрегендік, үлкен қажыр-қайрат қажет. Тұтас бір ел емес, тіпті бір отбасы мүшелерін тәрбиелеп, татулыққа шақыра білу үшін де ақыл-парасат, үлкен сабыр керек. Еліміздегі ынтымақ-бірлік Елбасымыздың дана саясатынан бастау алып отыр. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген халық даналығы әрдайым жадымызда жүруі тиіс. Еліміздің өркендеп-өсіп, дамыған елдер қатарына қосылуы жолында әрқайсысымыздың адал еңбегіміз, маңдай теріміз қажет.

Біздің дәстүрлі ұстанып келе жатқан дініміз де Отанға деген адалдыққа, сүйіспеншілікке үндейді. Кейінгі ұрпақтың болашағы жарқын болуы, жақсы тұрмыс кешуі, басқалармен терезесі тең болуы да осыған байланысты.

Бүгінде Қазақстанда көптеген этнос өкілдері ұлтқа, діни сеніміне қарамастан бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Орыс, украин, поляк, әзербайжан, армян, болгар, татар, неміс, кәріс, шешен, тағы да басқа ұлттар қазақ халқының қонақжайлылығына дән риза. Осы орайда, Елбасымыз «әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін, еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз», – деп атап көрсетті.

Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Қазақстандағы дінаралық достық: бейбітшілік пен бірліктің үлгісі

24.04.2026

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кейбір мысықтілеулер Қазақстан Республикасын құру мүмкін емес деген болжамдар айтып жатты. Олардың мұндай «диагноз» қоюына республиканың көпұлтты ел болуы себеп болса керек. Тіпті, елімізге қатысты «көп ұзамай ұлтаралық жанжалдар туындайды» деген болжамдар да айтылды. Әлбетте, мұндай негізсіз, дәйегі жоқ болжамдардың барлығы барша халықтың еліміздің ертеңіне, ұлтымыздың болашағына күдікпен қарауға себеп болды. Тәуелсіздік алған жылдары талай жұрттың елімізді тастап көшкені соның дәлелі.

Алайда, соның өзінде елімізде қалған сан түрлі этнос өкілдері жетерлік. Сондықтан осынау аумалы-төкпелі кезеңде еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынасты, конфессияаралық жағдайды тезірек қолға алу қажет болды. Жағдайды тез бағдарлап үлгерген Мемлекет басшысының ұзақ жылдарға арналған, стратегиялық саясатының арқасында көздеген мақсатымызға жете білдік. Осы жылдар ішінде ел бірлігі бұзылған емес. Еліміздің бұл бағыттағы ұстанымы алдағы уақытта да жалғаса берері сөзсіз.

Ел ішінде қалыптасқан осындай ахуалдың арқасында еліміз ұдайы даму үстінде. Жыл сайын ішкі жалпы өнімнің үлесі артып, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар еселеніп көбейіп, халықтың өмір сүру көрсеткіші жоғарылап келеді. Бұл, ең алдымен, еліміздегі тұрақтылықтың арқасы екені даусыз. Алдағы уақытта одан әрі дамуды мақсат еткен еліміз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуды көздеп отыр. Әрқашан ел ішінде ғана емес, әлемде бейбітшілікті, ауызбіршілікті қолдаған елдің ертеңі жарқын болары сөзсіз. Этносаралық мәселелерді әрқашан әділетті түрде шешіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың көңілін табу арқылы, ел егемендігін сақтап, еліміздің дамуына тиімді жағдай жасай алдық. Бүгінгі күні бұл ұстанымымыздың дұрыс болғанын көріп отырмыз. Ең бастысы да осы!

Экономикалық, әлеуметтік-саяси, демократиялық тұрғыдан алғанда, әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде мойындайды. Біздің еліміз бұл жетістікке, ең алдымен, қоғамдағы татулық пен тұрақтылық арқылы жетіп отыр. Ынтымақты нығайту мақсатында дінаралық келісімді сақтау ерекше маңызды мәселе. «Дінаралық келісім – біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі», – деді Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі күні елімізде дінаралық келісімді сақтау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жолында үлкен қадамдар жасалып жатыр. Дінаралық келісім – әртүрлі дін өкілдерінің бір-бірінің діни сеніміне төзімділік таныта отырып, бір-біріне өз діни сенімдерін таңбай, өзара сыйластық пен тең құқылы қарым-қатынас жасауы.

Дінаралық келісімнің басты мақсаты – діндердің рухани беделі мен күші арқылы әлемдегі кейбір өзекті мәселелердің оң шешімін табу. Сонымен қатар, қоғамдық қатынастардың ізгілік сипатын арттыруда, әсіресе қазіргі жаһандану заманында оның алатын орны ерекше. Түрлі дін өкілдерінің өзара мәмлеге келіп, ортақ шешім қабылдауы бірқатар өзекті мәселелердің реттелуіне оң ықпал етеді.

Тәуелсіздік жылдарында діни институттар көбейіп, сонымен бірге, сапасы жетілуде. Діни бірлестіктер бірнеше есе өсіп, рухани дәстүрлер жаңаруда, жаңа мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар бой көтеруде. Тұрғындардың діни сауаттылығы да артып келеді. Бұл – елдегі ар-ождан бостандығы мен рухани жаңғыруды қамтамасыз етуге, этносаралық келісім мен азаматтық татулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған саясаттың нәтижесі және зайырлылықтың айқын көрінісі.

Шахмардан ӘЖІМБЕТ,

Қызылорда облысы дін істері басқармасының

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ

Шиелі ауданы бойынша бөлімше меңгеруші

Таңбалар: дінҚазақстанотанОтаншылдықпатриотизм
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінді саясиландыру қауіпті ме?
Сұрақ-жауап

Дінді саясиландыру қауіпті ме?

07.04.2026
Дінді қиындатып түсіндіретін кейбір бейресми «уағызшылар» бар. Оларды тыңдауға бола ма?
Сұрақ-жауап

Дінді қиындатып түсіндіретін кейбір бейресми «уағызшылар» бар. Оларды тыңдауға бола ма?

02.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ғаламтордан дін үйрену қауіпті

Ғаламтордан дін үйрену қауіпті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123367 бөлісті
    Бөлісу 49347 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00