Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚМДБ: Мамыр-тамыз айларына есеп берілді

03.09.2021
- Жаңалықтар
0
120
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Онда мамыр-тамыз айларында атқарылған бөлім басшыларының жұмыс есебі тыңдалды.

Ең алдымен Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов мамыр-тамыз айларында ақпарат тарату мен қоғаммен байланыс бағытындағы жұмыстар жөнінде есеп берді.

«Есептік кезеңде http://www.muftyat.kz сайтына 1292 материал жүктелді. Атап айтқанда 914 жаңалық, 57 мақала, 105 видео, 180 фото баннер және 36 сұрақ-жауап жарияланды. Діни басқармаға қарасты Муфтият және Hikmet TV Youtube арнасына 237 видеоматериал жүктелді. «Munara TV» телеарнасы іске қосылып, отандық ақпарат тарату кеңістігіндегі «Отау ТВ», «ID TV» желілеріне қосылды. Дәстүрлі Ислам дінін насихаттау барысында қаңтар айынан бастап рухани мәнге ие 12 апталық ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «Алаш», «Ислам және отбасы», «Кемел адам», «Достық», «Жақсы сөз», «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Намаз – дін тірегі», «Қасиеті мол құрбан айт», «Кешірім», «Білім» апталықтары. Апталық барысында 147 материал жарық көрді. Нақтырақ айтқанда, 70 әлеуметтік картинкалар, 18 мақала, 16 апталыққа байланысты әлеуметтік роликтер, 8 «Сәрсенбілік сұхбат», 35 флеш-баннер жарияланды. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік сайттарына жалпы саны 6 505 материал салынды. Оның ішінде 660 мақала, 1 100 жаңалық, 3 241 сұрақ-жауап, 764 онлайн дәріс және 800 видео бар» деді Марат Дәлелханұлы.

Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлдың айтуынша республика бойынша пәтуа мамандары, Діни басқарма мен өңір мешіттеріндегі ақпарат беру call орталықтары мамыр-маусым айларында 11 мыңнан астам сұраққа жауап берсе, шілде және тамыз айларында 9111 және 9504 сұраққа жауап берген. Биылғы Құрбан айт мерекесі жаз айларына дөп келгендіктен, сұрақтардың дені ғибадатқа, соның ішінде құрбан шалу мен айт намазына қатысты келіп түскен.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

«Есептік кезеңде ҚМДБ Ғұламалар кеңесі 10 пәтуаны қабылдап, «Мұнара» газеті мен Діни басқарманың ресми сайтына жарияланды. Олардың қатарында «Зекетті мешіт шығындарына қолдану үкімі», «Діни басқарманың ЛГБТ-ға қатысты үкімі», «Парақорлықтың шариғи үкімі», «Жалға алған мүлікті жалға беру үкімі» секілді көптің көкейінде жүрген күрделі мәселелер бар» деді Хасан Аманқұл.

Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбековтің айтуынша, соңғы төрт айда республика бойынша 13683 адам сауат ашу курстарына қатысса, 2949 имам біліктілікті арттыру семинарлары мен курстарынан өткен. Сондай-ақ жаз айларында 154 дін қызметкері жұмысқа орналасыпты.

Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мамыр мен тамыз айлары аралығында жалпы саны 6773 медиа уағыз-насихат жүргізіліп, 3 501 713  адам қамтылғанын атап өтті. Одан өзге бөлімге қарасты Жастар ісі және Әйел-қыздар секторының 4 айда атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай «Жастық шақтағы кемелділік» онлайн семинар-тренингі, «Салауатты жамағат» атты түрлі форматта спорттық ойындар өтті. Төрт айда барлығы 2 844 шара атқарылып, 65 050 адам қамтылды. Ал Әйел-қыздар секторы төрт айда 2879 іс-шара ұйымдастырса, оған 9 816 адам қатысты» деді Батыржан Берденұлы.

ҚМДБ-ға қарасты дін қызметкерлері мамыр-тамыз айларында 10 кітап дайындап шықты. Бұл туралы аппарат жиналысында «Муфтият» баспасының директоры Мұрат Әбдіхалықов мәлімдеді.

«Мамыр айында Шымкент қаласында «Бас мүфти тағылымы», Павлодар облысында «Жүректің көзі ашылса» және тәрбиеге қатысты «Қ.А.Яссауи һәм Ихсан ілімі», «Имам Ғазали һәм Ихсан ілімі» кітаптары жарық көрді. Сонымен қатар осы аралықта, сайттарда, Республикалық, облыстық, аудандық газеттерде, ихсан іліміне қатысты 1119 мақала жазылды. Әлеуметтік желілерде 2506 жазба-инфографика, 1862 уағыз-дәріс таспаланып желілерге салынды. Сондай-ақ, онлайн, офлайн  722 іс-шара өтті» деді Мұрат Манапұлы.

Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, төрт айда атқарылған жұмыстарды одан ары жалғастыру қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ Бас мүфти Діни басқарманың «Munara TV» төл телеарнасының жұмысын жандандыруды тапсырды.

Таңбалар: есепҚМДБмүфти
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Шымкент: ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға арналған танымдық семинар өтті
Жаңалықтар

Шымкент: ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға арналған танымдық семинар өтті

03.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дарвиннің жаңа "дарындары"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123467 бөлісті
    Бөлісу 49387 Твитерге 30867
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00