Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Күйбең тіршілікпен ақыретімізді ұмытып кетіп жатамыз. Не істеймін?

25.07.2021
- Сұрақ-жауап
0
486
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Мен кәсіпкермін. Мешітке барып уағыз тыңдаған уақытта ақыретті ойлаймын. Базарға келгенімде саудаға кірісіп, дүниені ғана ойлап кетемін. Бұл күнә емес пе?

Жауап: Расында да адам уағыз естіген кезінде сауап пен обалды, ақыретті ойлайды. Ал енді өзінің күнделікті күйбең тірлігіне, саудасына, кәсібіне кіріскен уақытта о дүниеге қарағанда осы дүниесін ойлауы табиғи құбылыс. Себебі оған өзін қоршаған орта, қасындағы адамдар, әлеуметтік және экономикалық жағдай әсер етеді.

Әдетте мешітке келген адам өзін уағыз тыңдауға дайындап келеді, яғни ақыретті ойлап, күнә мен сауаптарын салмақтап бойсынып кіреді. Сондықтан да адам мешітте және уағыз тыңдағанда дүниеге қарағанда ақыретті көптеу ойлайды.

Ал басқа уақытта дүние істерінің басымырақ түсуі қалыпты жағдай. Дегенмен, мұсылман мүмкіндігінше барлық жағдайда, амалдарында (отбасында, ұжымда, жұмыста, саудада, қарым-қатынаста және т.б.) ізгі амал жасап, ақыретін естен шығармауға тырысады.

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026

Мұндай жағдай (уағыздан тыс уақытта дүние істерінің басым түсуі) сахабаларда да болған. Мысалы, Ханзала ибн Раби пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахиды жазушыларының бірі еді. Оқу-жазуды білгендіктен пайғамбар кейде оған жаңадан түскен аяттарды жаздыратын. Ханзала да өзге сахабалар секілді пайғамбарды бар жан-тәнімен, ұйып тыңдаушы еді.

Бір күні ол пайғамбардың алдына келді де:

– Уа Алланың елшісі! Ханзалла мұнафық болды! – деп өзінің мұңын шақты. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл сөзіне таң қалды:

– Бұл не дегенің, Ханзала? – деп сұрады. Ханзала өз дертін айта бастады:

– Уа Алланың елшісі! Сіздің жаныңызда болған кезімізде бізге жұмақ пен тозақ жайында айтасыз. Сол сәтте біз жұмақты да, тозақты да көзімізбен көргендей боламыз. Алайда, Сіздің құзырыңыздан шыққаннан кейін мұның көбісін ұмытып кетеміз, – деді.

Сол кезде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған өмірде өзін қалай ұстау керектігін түсіндірді:

– Жанымды уысында ұстаған Аллаға ант етейін! Егер сендер менің құзырымнан шыққаннан кейін де дәл сондай сезімде болған болса едіңдер, онда төсекке жатар алдында және жолда жүріп келе жатқанда періштелер сендермен амандасқан болар еді. Алайда, уа Ханзала! Уақыттың бір бөлігін құлшылыққа, бір бөлігін дүние істеріне арнау керек! – Пайғамбар бұл сөздерін үш мәрте қайталады (Мүслим 2750).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: ақыретдүниеуағыз
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Уағызды кім айтар еді…

19.10.2026
“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты
Жаңалықтар

“Нұрсұлтан” мешітінде жұма уағызын айтты

18.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Айя-София" 3 млн турист қабылдады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    150
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    67

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00