Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни басқарма ауылға спорт кешенін салып берді

20.02.2021
- Жаңалықтар
0
273
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында салынған спорт кешенін өңір тұрғындарының игілігіне берді.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы қатысты.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз өткен жылы 30 жылдық мерейтойымыздың аясында шалғай ауылдарға құдық, көпір, емхана, жол салуға үлес қостық. Осынау ізгі ісіміздің жалғасы ретінде бүгін спорт кешенін халық игілігіне беріп отырмыз.

Мешіт, медресе салудың сауабы қандай үлкен болса, ел игілігі үшін берілген көпір, жол, емхана құдық, спорт кешені сынды ғимараттарды тұрғызу сондай қайырлы істің бірі. Осы іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын деймін.

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

27.07.2026
Qamqor-sharapat орталығына жаңа салттық қызмет көрсету бөлімшесі мен арнайы автокөлік табысталды

Qamqor-sharapat орталығына жаңа салттық қызмет көрсету бөлімшесі мен арнайы автокөлік табысталды

27.07.2026

Біз мемлекеттің бұқаралық спортты дамытуға арналған бастамаларына үлес қосуды жалғастыра береміз. Өйткені жастардың жаны мен тән саулығы – маңызды мәселе. Оған үлес қосу – баршаға ортақ іс.

Ғалымдарымыз: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы» деген. Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Өйткені, ол – қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты – ер жігіттің көркемдігі», – деді.

Спорт кешенінің ашылу рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы: «Құрметті Бас мүфти! Сізбен осындай игі іс-шараның куәсі болғаныма қуаныштымын. Өзіңіз бастаған имамдар қайырымдылық жұмыстарға белсенді түрде атсалысуда. Сізге және барша дін қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Осы кешеннен мықты спортшылар шығуына тілектеспін» деді.

Айта кетсек, спорт кешенінің жалпы аумағы – 1300 шаршы метр. Ғимарат халықаралық талаптарға сәйкес салынған.

Таңбалар: Бас мүфтибасты тақырыпДіни басқарма
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған
Ислам

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

24.07.2026
Вакцинаның қолданылуы және шариғаттағы үкімі
Қоғам

Вакцинаның қолданылуы және шариғаттағы үкімі

19.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мейірімді адамдар ұзағырақ өмір сүреді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    525
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    34
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    19
  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    14

Соңғы жарияланымдар

Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа
Қоғам

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00