Жексенбі, 20 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сириядан қайтқан келіншек: «Туған жерге ештеңе жетпейді…»

18.11.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
363
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Біздің еліміз теріс ағымның ықпалына түсіп, жаза басқан бауырларымыздың қайта қоғамға қосылуы үшін үздіксіз мүмкіндіктер сыйлауда. Әрине, қателеспейтін адам жоқ, барлық адам қателік жасайды. Құранда: «Алла тәубе еткендерді жақсы көреді», – десе («Бақара» сүресі, 222-аят), ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Кімде-кім күн батыстан шықпас бұрын тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді», – деген.

Санасы уланып, жат ағымның жетегінде кеткендерге қолды бір сілтесек те болар еді. Бірақ, ондай жағдайда біздің имандылығымыз бен қазақтығымыз қайда қалады?! Өз ұлтынан безіп, тұманды дінсымақтың жолында адасқан жандарды елімізге кері қайтарып, қазақ қоғамына қайта қосу – бұл ұлы жеңіс деп білемін. Сирияға сән-салтанатты өмір іздеп, нәтижесінде сандалып сан соққандардың қатарында қаракөз қыздарымыз бен абзал азаматтарымыз аз емес.

«Жусан» операциясымен елге оралған қыз-келіншектердің әрқайсымен жеке-жеке сұхбат жүргізіп, оңалту жұмытарын жасау үстіндеміз. Мақсатымыз – олардың діни сауатын анықтау, дәріс беру барысында қандай дүниелерге көңіл аудару қажеттілігін бағамдау.

Мен «Ақниет» ақпараттық-насихаттау жане оңалту орталығы» қоғамдық қорының Қарағанды қаласы бойынша теологы ретінде оларға ең алдымен, дәстүрлі бағыттағы мәзһаб танымымен, ислам дінінің идеологиясымен және сенім мәселесімен таныстырамын. Дәріс беру барысында түрлі себеппен жалған ағымның жетегінде кетіп, туыстарымен не басқалармен бірге шекара асып, соғыс өртіне тап болған жерлестеріміздің діни сауаттылығы өте төмен екендігін байқадым.

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

Арбаушыны тану мен қорғану жолдары

01.07.2025
Жат ағымдар – отбасының жауы

Жат ағымдар – отбасының жауы

18.05.2025

Қаракөздердің өз Отанындағы тыныш өмірді тәрк етуіне тағы да сол діни сауатсыздық себеп болған. Олардың кейбіреуі араб қарпін сәл-пәл танығанымен, жеткілікті діни білімдері жоқ. Ал біреулері ешқандай діни білім алмаған, ол жаққа күйеуімен немесе туыстарымен бірге кеткен. Ол жерде, әрине, діни білім алуға мүмкіндік болмағандықтан, елге сол күйі қайта оралған. Ал біз оларға дінді барынша жеңіл түсіндіруге тырысамыз.

Азаматшалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде олардың теріс әрекетке ілім-білімнің жоқтығынан, жақындарынан қолдау таппай, жылулық сезіне алмағандарынан, қала берді рухани ілімді ғаламтор желілерінде өтірік-шыны белгісіз адамдардан алуларының нәтижесінде ұшырағанына көз жеткіздік.

Отанын тастап, оқ пен оттың алаңынан табылғанына өкінішін білдіріп, басынан өткен қиыншылықтарын күрсіне еске алатындары қаншама?!

Солардың бірі – Айшаның (есімі ауыстырылды) баяндауынша, ол 10 жыл отасқан жұбайымен ақыры тіл табыса алмай, қарым-қатынастарына сызат түсіп, екі жаққа кеткен. Өз жақындарынан да қолдау таба алмаған жалғыз басты ана жат ағымның жетегінде жүрген бір құрбысынан көмек сұрайды.

Осылайша түр-түсін білмейтін жат адамнан бар қамқорлықты сезінген екі балалы ана олар не айтса да барлығын айна қатесіз жасауға дайын болады.

Күндердің бір күні сол құрбыларының ықпал етуімен шетелдегі бір азаматқа ойланбастан тұрмысқа шығады. Ислам аясында бақытты ғұмыр кешемін, діни білім аламын деп барған қандасымыз бейбіт күнде қан майданды, қатігездікті көргенде, соқыр сенімі адастырғанын түсінеді. Осылайша бірнеше жыл қиыншылық пен қорлықтың ортасында өмір сүреді.

Елбасымыздың тапсырмасымен азаматтарымызды елге қайтару мақсатында қолға алынған «Жусан» операциясы туралы хабарды естігендегі толқыныстарын да жасырмайды. Әрқайсы Қазақстан билігінде отырған азаматтарға алғыстарын жеткізеді. «Қазақстаннан адамдар келгенде қатты қуандық, біз елімізді сатып кетсек те, мемлекетіміз бізді далаға тастамады», – дейді ол.

«Бұл жаққа келерде жасаған қателігіміздің жазасын өтейтінімізді анық білдік. Өзге елде аштықтың азабын тартып, қашан ажал құшатынымызды күтіп жатқаннан, өз елімізде жазамызды өтеген жақсы. Ең бастысы балаларымызды тыныш, бейбіт елге жеткіздік.

Бізге мемлекет бар жағдайды жасауда. Түзеу мекемесінде болсақ та, моральды, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетілді. Енді еліміздің бірде-бір азаматы Сирия асып, біз көрген өмірді көрмесе екен деп тілеймін.

Себебі, Қазақстанға келгелі көп нәрсенің қадірін білдім. Тіпті, қарапайым ғана еркіндік, тыныш ұйқы мен бір тілім нанның өзі қандай қадірлі?!  Сондықтан жастарды адаспауға, өз елінің қадірін білуге шақырамын. Қайда жүрсең де, кім болсаң да, сен тек өз еліңе ғана керексің. Бар бақытты осыннан-ақ табуға болады», – деп өз ұлтына деген ыстық ықыластарын жеткізуде.

Еліміздегі «Жусан» операциясы өз нәтижесін беріп отыр. Отанымыздың бейбіт өмірі бәрінен қымбат екенін олар жат елде жүргенде-ақ түсінді. Оларды жатсынып, шетке шығару адамгершіліктен алыс. Осындай жағдайларды көзімен көріп келген қыз-келіншектермен жұмыс жасау – біз үшін нәтижелі еңбек.

Бүгінгі бейбіт өмірде сол азаматшаларымызбен жасалған әрбір әрекетіміз, дұрыс бағыттағы тәрбиеміз барша ұлтты тәрбиелеуге қосқан үлесіміз деп сенемін.

Айткүл ҚҰРМАНТАЙҚЫЗЫ,

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау жане

 оңалту орталығы» қоғамдық қорының

Қарағанды қаласы бойынша өкілдігінің теологы

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдаррадикализмсәләфизмсектаСириятәкфиризм
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды

19.07.2025
Тұмша тағдыр
Видео

Тұмша тағдыр

19.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қалай саудаласқан жөн?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2823 бөлісті
    Бөлісу 1129 Твитерге 706

Соңғы жарияланымдар

Адасқан шәкірт
Ғибратты әңгімелер

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды

19.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00