Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сырат көпіріндегі сынақ

24.11.2020
- Ислам
0
877
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хузайфа мен Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһума) көлемді хадисте былай деді: «Расулалла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Қиямет күні аманат пен туыстық қатынас жіберіледі де, олар сырат көпірінің оң және сол жағынан тұрады. Сендердің әуелгілерің сырат көпірінен найзағайдай өтеді», – деді.

Мен: «Ата-анам сіз үшін құрбан болсын! «Найзағайдай өтеді» дегенді қалай түсінеміз?» – дедім.

– Сендер найзағайдың қас қағым сәтте жарқырап өтетінін көрмедіңдер ме?

Кейінгілері, амалдарына қарай, жел тәрізді, одан кейінгілері құс және жүгірген адамдай өтеді. Ал Пайғамбарларың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) амалдары әлсіз болғандар келгенше сырат көпірінде тұрып: «Уа, Раббым! Оларды аман өткізе гөр! Оларды аман өткізе гөр!» – деп тұрады.

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

16.10.2026

Амалдары әлсіздердің ішінде жүруге шамасы келмей, тек бауырлап жүретіні болады. Сыраттың екі тарапында ілгектер ілініп тұрады. Оларға кімді бұйырса, соны іліп алады.

Ілгекке ілінбей, жырылып қана қойғандар құтылып, ал ілгекке ілініп, төменге тасталғандар тозаққа түседі.

Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһу): «Әбу Һурайраның (родиял-лаһу ғанһу) жаны билігінде болған Хақ Тағаламен ант етемін! Жәһаннамның түбіне жету үшін жетпіс мың жыл керек», – деді».

(Мүслім)

@hadis_sharip парақшасына жазылыңыздар!

Хадиске түсініктеме

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көп сөзінде Сырат сипаттамасы жайында айтып, адамдар одан қалай өтетінін баян еткен. Соның негізінде ғалымдар Сыраттан өтетін адамдарды үш топқа бөлген:

  1. Сыраттан қиналмастан өтетіндер.
  2. Сыраттан қиналып өтетіндер.
  3. Сыраттан өте алмай, тозаққа түсетіндер.

Әрине, пенденің сыраттан өтуі оның иманы мен амалына байланысты. Хадисте айтылғандай, біреулер жел тәрізді, одан кейінгілері құс және жүгірген адамдай, тағы біреулері бауырлап өтеді.

Сырат үстіндегі пенденің амалдарына сай нұры болады. Бұл жайында да хадистерде айтылған. Сол нұрдың өзі пенденің сыраттан қаншалықты жылдам өтетініне ықпал етеді.

Сонымен қатар, имам Мүслім (рохматуллаһи ғаләйһи) Жәбир ибн Абдулладан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Сыраттан аман-есен өткен мүміндерден әуелгі топтың жүздері Бәдр түніндегі айдай, ал кейінгілердің жүзі түнгі жұлдыздай жарқырап тұратыны жайында айтылған.

Сондай-ақ Сыраттан аман-есен өтетіндердің ішінде сұраққа тартылмайтын жетпіс мың адам болады. Имам Байһақи (рохматуллаһи ғаләйһи) Абдулла ибн Масғудтан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Сыраттан аман-есен өтетіндердің мына сөзі келтірілген: «Сені (яғни, Сыратты) бізге көрсетіп, кейін бізді сенен аман алып қалған Алла Тағалаға мақтау болсын! Расында, бізге өзге ешкімге берілмеген нәрсе нәсіп болды».

Сыраттан қиналып өтетіндер: соған лайық күнә-қателері болғандар. Сырат бойындағы ілгектер олардың денелерін жаралайды. Бірақ олар қиналып болса да, Алла Тағаланың жарылқауымен Сыраттан өтеді.

Сыраттан өте алмайтындар: кәпірлер, мұнафықтар. Сонымен қатар, олардың ішінде тозақта жазалануға лайық болған мұсылмандар да болады. Бірақ, олар тозақтағы жазасын өтегеннен кейін кейін жәннатқа кіреді. Ал кәпір мен мұнафықтар тозақта мәңгі қалады.

Таңбалар: ақырзаманқиямет қайымхадис-шәріп
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір заттан «Алла» жазуы шықса, нені білдіреді?
Қоғам

Бір заттан «Алла» жазуы шықса, нені білдіреді?

29.05.2024
Катаклизм: Адамзат тарихындағы ең қысқа күн тіркелді
Жаңалықтар

Катаклизм: Адамзат тарихындағы ең қысқа күн тіркелді

08.08.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сәләфиліктің доктриналық және канондық негіздері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    189
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    65

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00