Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рухани дағдарыс: псевдосәләфилік ағымдармен жаңаша күрес

22.08.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
486
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі рухани дағдарыс заманында көптеген ұлттар тарих бетінен ұлт ретінде жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Ұлтты сақтайтын – оның тілі, діні, ділі екені анық. Алайда, оны сақтап, халықтың санасында бекем ұстау жолындағы тартыс мәселесі тарих сахнасынан түскен емес.

VІІІ ғасырдан бастап Түргеш қағанаты кезеңінен Ислам дінін қабылдаған қазақ даласы сүнниттік бағытты ұстанып келеді. Ата-баларымыздың ханафи мәзһабы мен матуриди ақидасында болғаны жырауларымыздың, ғалымдарымыздың, ақындарымыздың, билеріміздің көзқарастары мен еңбектерінде айғақталады.

Тарихымызда Исламның бірнеше ағымға бөлінген, халыққа зардап тигізген кезеңі болған емес. Алайда, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізге ентелеп кірген түрлі ағымдар қазіргі таңда бірқатар ел азаматтарының арасында жік салғанын байқаймыз.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде дін мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы рөліне баға бере келе: «Барлық халықтар үшін дін – жаулаудың тәсілі мен тәпсірі болғанын еске салудың зияны жоқ. Әртүрлі себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа ұшыраған шақта, елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады. Көп жағдайда сенімнің біртұтастығы тарихтың тайғақ кешулерінде халық тағдырына араша түсіп отырады.

 

Алайда, кейбір жағдайларда мемлекет рөлі баяу да басыңқы болғанда, өмірдің барлық саласында діннің бел алуы сайқымазақтық сипат алып қана қоймайды, сонымен бірге, қауып-қатер төндіретін кездері бар. Бұл жеке адамдарға ғана қауіп төндіріп қоймайды, кейде тұтас адамзат үшін де қатерлі», – деген болатын.

Ислам дінін жамылған түрлі жалған ағымдар ашылып, Құран аяттарын өз саяси бағыттарына қарай бұрып алған діни-саяси топтар, экономикалық ортаны басып алу ниетімен минералды ресурстарға бай елдердің маңызды нүктелерінде  түрлі бүліктер ұйымдастырып, аталған орындарда мемлекетке қарсы псевдосәләфилер азаматтар топтарын қалыптастыру үрдістерін жүргізуде.

Жат ағымдар – отбасының жауы

Жат ағымдар – отбасының жауы

18.05.2025
Хаддадилер ағымы жайында не білеміз?

Хаддадилер ағымы жайында не білеміз?

16.04.2025

Аталған жалған ағымның Қазақстанда «мадхали» және «сурури» ұстанымындағы псевдосәләфилік, тәкфір жамағаты сынды бөліністері бар. Бұл бөліну үдерістері саяси себептерден туындағанын осы уақытқа дейін ғалымдар жазуда.

Дегенмен, бірнеше жамағатқа бөлінген аталмыш топтардың өзара қарым-қатынасы неге жақсармайды деген сұрақ туады. Олардың оқитын кітаптары да, алға тартатын тарихтағы басты ғалымдары да бір. Алайда, саяси көзқарастары мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай жоғарыда көрсетілген жамағаттар діни-қоғамдық мәселеге келгенде өзара араз.

Діни көзқарастары олардың әрі қарай әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарастарының да алшақтауына да әсер етіп отыр. Аталмыш жамағаттардың санасын ұлттық құндылықтар, дәстүр ұғымдары еш қызықтырмайтыны түсінікті. Ал әлеуметтік қиындықтарды пайдалана отырып, өз ортасы мен мемлекетке деген өшпенділігін арттырады.

Қазақстанда псевдосәләфилік көзқарастағы азаматтар ортасын талдасақ, аталған идеология жетегіндегілердің бір топтан екіншісіне өтіп кетуі тәжірибеде бар. Бұл қай жамағат арасында уағыздардың көбірек белсенділігіне қарай болып отыр.

Елімізде осы шетін көзқарасқа өтіп кеткен азаматтарды оңалту саласын жүйелендіру бүгінгі күні мәнін жоғалтпаған мәселе ретінде күн тәртібінде тұр. Өйткені, жамағатқа айналған топтардың мемлекеттің саяси күші мен экономикалық бағыттарына саяси шабуылдар басталғанда сыртқы күштердің қолшақпары болып кетуі мысалдары бар екенін кейбір елдердің ахуалынан байқауымызға болады.

Псевдосәләфилік идеологияның тарихы халифа Әлидің кезіндегі харижиттік атаулармен басталады. Исламның атын жамылған топтардың өз нәпсілеріне қарай дінді бұрмалап, түрлі бүліншіліктер жасағаны туралы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Менің үмбетім 73-ке бөлінеді, барлығы тозаққа түседі, тек біреуі ғана жұмаққа кіреді», – делінеді. «Ол кім? деп сұрағанда: «Мен және жамағатым», – деп жауап береді. 

Дәстүрлі емес бағыттағы кез келген жамағаттар көшбасшылары «сол пайғамбар айтқан тура жол – біздің жолымыз» деп сендіру арқылы өз жамағаттарын одан әрі қуаттандыруға тырысады. Түрлі жамағатқа бөлінген азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан өзара қарым-қатынасқа түспеуі күннен-күнге өрістеп келеді.

Психологияда аз топ өкілдері бір-біріне өзара жақын болатыны туралы теория бар. Бұл тәжірибелік тұрғыда кейбір мемлекеттердің ішінде аз ұлттардың өзара жақын қарым-қатынаста болатынын айтуға болады. Ал мемлекет ішінде тілін, ұлтын, рухани құндылықтарын жоққа шығарып, «Алла жолына, таза исламға шақырамыз» деген  ұрандармен сыртқы күштердің немесе жеке тұлғалардың ықпалымен саяси топтарға айналып отыр.

Мысалға алатын болсақ, кейбір мемлекеттерде ел тізгінін ұстаған басшылардың түрлі діни топтардың көсемдерімен өзара келісімге келуі арқылы билікке жететіні тарихи деректерден белгілі. Яғни, кез келген діни экстремизмнің артында мемлекеттің іргесін сөгуге дайын топтар тұрғанын байқауға болады. Сондықтан елдің руханиятын сақтап қалу үшін, псевдосәләфизм жолындағы азаматтардың эмоционалды кеңістігін алмастыру қажет. Яғни, жастарға ұлттық болмысты сіңіру қажет.

Әлемдегі мұндай теке-тірестер идеялар тартысының көрінісі екені анық. Аталған тартыстың жемісі жоғары білімділікпен, терең психологиямен, әлеуметтік әрі адамгершілік істермен нәтиже береді. Радикалды азаматтың әлеуметтік және психологиялық қиындықтарының негізінде жан тыныштығын радикалды жалған құндылықтардан алды деп есептесек, оларды да осындай сынды сарапталған жағдайлармен санасуға бейімдеу маңызды.

Ал, әсіре діншілдікті немесе радикалдық ұстанымды насихаттайтын құралдардың тоқтамайтынын тәжірибеден байқаудамыз. Кез келген радикалды іс-әрекеттердің бастауында саяси, экономикалық, өзгеше құндылықтарды енгізу жатады.

Псевдосәләфизмнің тарихы, өзіне тән идеологиясы, қайнар көздері мен ғалымдары, оның үстіне қазіргі таңда бұл жүйені қолдаушы саяси күштердің бары білгілі. Тарихи деректерден идеологиялық күрестердің болатындығы және оның заман ағымына сай өзгеріп отыратындығы анық. Уахабизм идеологиясының Ислам құндылықтарымен және әр халықтың дәстүрімен еш қабыспайтынын ескерсек, дәстүрмен біте-қайнасқан дәстүрлі танымның баяндылығы мәңгілік болатындығы анық.

Отанның мәңгілігі, құндылықтың мығымдығы өміршең күрестің нәтижесінде орнығады. Жалпы құрылыммен қатар жекелеген жұмыстардың маңыздылығы ешқашан маңыздылығын жоймайды. Өйткені, құндылықтың маңызы көпшілікпен артады. Көпшіліктің белсенділігін жекелеген тұлғалар арттырмақ. Қоғамдық жұмыстарда жекелеген жұмыстар жалпылама сипат алмақ. Сондықтан жеке тұлғалармен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарының негізгі бағыты елдің рухани байлығы мен болмысын насихаттау болып табылады.

Kazislam.kz

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдаржарас аханпсевдосалафизмрадикализмсекта
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Диалогтық алаң – достық дәнекері
Видео

Диалогтық алаң – достық дәнекері

09.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ: Пікір плюрализмінің де әдебі мен заңдылықтары болады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80957 бөлісті
    Бөлісу 32383 Твитерге 20239
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00