Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ПАЙҒАМБАР ШАПАҒАТЫ

16.05.2020
- Қоғам
0
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы, сынақ үшін жіберілген дүниедегі дәм-тұзы таусылған соң Жаратушысының алдына барғанда өзіне мейірім қолдарын созатын шапағат қанаттарына мұқтаж. Пайғамбарлардың жол көрсетуімен дүние тіршілігін жаратылыс мақсатына сай лайықты, бақытты өткізген адам, әлбетте ақыретте олардың көмек қолының созылуын қалайды. Өйткені, Құран Кәрімде бұйырылғандай Алла елшісі (с.ғ.с.) ақыретте мүміндердің құтылуы үшін қолдарын көкке жайып, үкім иесінің алдында кешірім және  кешірілу есіктерінің ашылуы үшін жалбарынады.[1]

Иман еткен адам өмірін күнәларға батып өткізсе де, күнә істегенде де Алладан басқасына бағынуды ойламайды, күнәларымен мақтанбайды, керісінше өкініп, кешірім тілейді. Иман еткен үмітсіздікке, түңілуге түспестен, жүрегінің түбінде Жаратқан иесі өзін құтқарады деген бір үміт сәулесі болады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осыған байланысты: «Маған шапағат ету немесе үмбетімнің жартысының жаннатқа кіруі туралы таңдау жасауға мұрсат берілді; мен шапағат етуді таңдадым. Себебі ол кең қамтиды және көпке жетеді. Сіз шапағатымның тақуа иесі мүміндер үшін болатынын ойлайсыңдар ма? Жоқ. Керісінше, ол – күнә істер мен көп қате жасағандар үшін»[2] – деп бұйырады.

Мүслімнің хадис кітабында  Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Әр пайғамбардың жалбарынып сұрайтын бір дұғасы бар. Мен де дұғамды қыямет күніне, шапағат ету үшін сақтағым келеді» – деп, бұйырғаны туралы баяндалады.

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

Соныман қатар, Әбу Дәуіттің хадис кітабында Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісі (с.ғ.с.) «Мен – адамұлының мырзасы, қабірі алғашқы ашылатын, алғашқы шапағат ететін және шапағаты алғашқы қабыл етілетін менмін» – дер бұйырғанын жеткізеді.

Алла елшісі (с.ғ.с.) «Қыямет күні үш топ шапағат етеді; пайғамбарлар, одан кейін ғұламалар, одан кейін шейттер»[3] деп, шапағат үшін  рұқсат берілгендердің кім екендіктері баяндалған. Өмірлері бойынша бүкіл күш-жігерін, адамдарды тура жолға шақыру үшін арнаған пайғамбарлар шапағат етеді.

Шейіттер және ғұламалар үшін шапағат рұқсаты, оларды басқа адамдардан айыратын жоғары қасиеттеріне байланысты беріледі. Адамдарды қараңғылықтан жарыққа шақырған пайғамбарлар секілді жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйған, Хақ жолында жанын берген, Алла және Елшісіне мойынсұнуда жоғары дәрежеге ие болған адамдар, әлбетте, Раббылары алдында құрметті мәртебеге ие болады.

Әсіресе, Алла елшісі (с.ғ.с.) шейіттердің алты ерекшелігінің біреуінің туыстарына шапағат ете алу екендігін айтқан.[4] Осылайша, Құран кәрімді оқып, жаттаған, адал дегендерді ескеріп, арам дегендерден алыс тұрған хафыздардың да жаннатқа кіретіндері және Құран арқылы отбасыларына шапағатшы болатындарын білдірген.[5]

Адамдардың құтылуы үшін үкім күнінің иесі Алла тағаладан кешірім тілеп, шапағат есігін қағатындар тек пайғамбарлар және шейіттер ғана емес. Қыямет күні салиқалы мүміндер де, жазаға ұшыраған бауырларының азаптан құтылуы үшін Рабыларына дұға етеді.[6]

Алла Елшісі мүміндердің тозаққа кірген бауырларының құтылуы үшін Раббыларына жалбарынуын: «Мүміндер Раббыларына айтады екен, Уа, Раббымыз, Бұл тозаққа кіретіндер, біздің мүмін бауырларымыз еді. Бізбен бірге намаз оқитын, бізбен ораза ұстайтын, бізбен қажылыққа баратын еді. Бірақ оларды отқа тастапсың? Алла оларға: «Барыңдар олардан танығандарыңды ол жерден шығарыңдар» дейді, тозақтықтардың қасына барады. Оларды жүздерінен таниды, біреулер – тізелеріне дейін отта, біреулер – тобықтарына дейін отта. Оларды оттан шығарғанда, «Уа, Раббы, бұйырғандарды шығардық» деп, Аллаға жөнеледі.

Алла да «Алдымен жүректерінде динар ауырлығында иман болғандарды, содан кейін жарты динар ауырлығында иман болғандарды, одан кейін де жүректерінде шаңның тозындай иман болғандарды оттан шығарады» – деп суреттейді. Осы хадисті Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жеткізген Әбу Саид әл-Худри бұл айтқандарына сенбегендерге:

«Күмәнсіз, Алла өзіне серік қосуда ешқашан кешірмейді. Бұдан басқа қалған күнәларды қалаған құлдары үшін кешіреді. Аллаға серік қосқан адам, күмәнсіз үлкен күнә істеу арқылы жала жапқан болады.»[7] – деген аятты оқуға кеңес береді.

Мүміндердің тозақ отынан құтылуы үшін шапағат етулеріне рұқсат берілгендер арасында періштелер де бар. Адамзатқа тура жол бастаушы – Құран кәрімнің бізге жетуінде қызмет еткен және иман еткендер үшін жер бетінде кешірім тілейтін періштелер[8], мүміндердің құтылуы үшін жасаған қызметтерін, ақыретте пайғамбарлармен бірге мүміндерге шапағат тілеу арқылы бір рет тағы жасайды[9]. Ол күні періштелер Алла рұқсат бергендерге шапағат етеді.[10]

Сондай-ақ, Алла тағалаға былай деп жалбарынады: «Уа, Раббым, Сенің мейірімің және ілімің барлық нәрсені қамтыған. Онда тәубе еткен және сенің жолыңмен жүргендерді кешір және оларды тозақ азабынан қорға»[11]

         Бұл хадистерге қарап, шапағаттың қандай да бір дәрежені лайық болмаған біреу үшін жасалған араша, қайтару, басқаларға берілген ерекшелік деп түсінілмеуі керек. Бұндай жағдай Хақтың әділеті тұрғысынан да, шапағат етуге рұқсат берілгендер тұрғысынан да мүмкін емес.

Негізінде шапағат – мәңгілік дәрежеде мейірім иесі Алла тағаланың өзіне серік қоспаған және күпірге түспеген құлдарын кешіру жолдарынан бірі. Құран кәрімде: «Күмәнсіз Алла, өзіне серік қосуды ешқашан кешірмейді. Бұдан басқаларын қалаған құлын кешіреді»[12]– деп бұйырылса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім Алладан басқа тәңірі болмағанын біліп, қайтыс болса жұмаққа кіреді»[13] деген. Бұл мағынада жеткізілген басқа хадистерде Алланың иман етіп серік қосуға ұшырамаған адамдарды қалаған бір уақытында кешіретініне ишара бар. Әрине, бұл аят және хадис, адамдарды ғибадат етуден және салиқалы амалдар істеуден тыймауы керек, оларды босаңсуларына себеп болмауы керек.

Омар (р.а.) мен Алла елшісі (с.ас.) арасында болған бір оқиғаны Әбу Мұса әл-Ашари (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні тайпамнан бірнеше кісімен бірге Пайғамбарға барғанымда, «Сүйінші, басқаларына да сүйінші хабарды жеткізіңдер. Кім адал болып, Алладан басқа тәңірі болмағанына куәлік етсе, жаннатқа кіреді» – дегенін естідім.

Кейін бұл жағдайды сүйіншілеп, басқаларына да айта бастадым. Жолда Омар ибн Хаттаб алдымыздан шықты, (бұл хадисті естігенде) бізді Алла елшісіне қайта апарды және «Уа, Алла Елшісі, сүйіншілеген хабарды адамдарға естіртсек, осыған сеніп қалады» – деді. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.с.) үн қатпаған».[14]

         Бұл оқиғаның Омар (р.а.) мен Әбу Һурайра (р.а.) арасында болғаны да айтылады.[15] Алла елшісінің  (с.а.с.) Омардың (р.а.) бұл сезімталдығына жауап бермей, үнсіз қалуы қате түсініктің болуы мүмкін екеніне ишара.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылай сахабаларына сүйінші бергенде Алла тағаланың мейірім және кешірімінің шексіз екендігін айтқысы келген. Әйтпесе, жақсылық жасағандар мен жасамағандардың тең болуы  және адамдардың салиқалы амалдар жасаудан  алыстауы үшін емес.

Өйткені пайғамбарлық міндетінің негізгі мақсаты бір;  Аллаға табыну, ғибадат ету және  ізгі амалдарды тарату. Күмәнсіз, бұл жауапкершіліктерді лайықты түрде орындағандар мен орындамағандар Алланың әділеті алдында бір болмайды.  «Кім шаңның тозаңындай жақсылық жасаса, оны көреді. Кім шаңның тозаңындай жамандық жасаса, оны көреді[16]» аяттары осыған ишара.

Аят пен хадистерде  айтылған шапағат  мәселесінің, Хақ әділетіне  қайшы келеді деп саналмауы керек. Күмәнсіз, Алла тағала – әділет иесі. Тек адамның ғибадат жасағаннан кейін тағдырдың Алланың қолында екені, нәтижені белгілегеннің де тағы Ол екендігіне иманды   жоғалтпау керек. Мынаны жақсы білу керек, құл қаншалықты күш жұмсаса жұмсасын, қандай амал жасаса жасасын, орындаған  бұл ғибадат және мойынсұнуы оның құтылуының кепілдігі емес. Бұл амалдардың қабыл етіліп, етілмеуіне байланысты.

Пайғамбарымыз (с.а.с.)  сахабаларына: «Істеріңде асыра сілтеуге ұрынбаңдар және кем жасамаңдар, орта және тура болыңдар; біліңдер сізден ешкім тек амалы арқылы құтыла алмайды»  – деген. Сахабалар «Уа, Алла елшісі, сіз де ме? – дейді. Бұған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Йа, Алла тағала рахметі мен мейірімі түсіп қорғап-қоршамаса, мен де құтыла алмаймын»[17] – деп жауап береді.

Яғни, адам белгіленген міндеттерін орындайды, тырысады, артынан Алла тағаланың әділдігіне сүйеніп мейірім, кешірім және шапағатын күтеді.

Мейірім Пайғамбары бір күні жақын достарынан Абдулла ибн Масғұтқа дауыстайды: «Абдулла! Кел, маған Құран оқы». Сол сәтте абдырап қалған құрметті сахаба, «Уа Алла елшісі! Құран сізге түсірілгенде, сізге мен оқиын ба? – деп, таңданысын айтады. «Ия» дейді, Алла елшісі, «Мен Құранды басқасынан тыңдауды да жақсы көремін».

Ибн Масғұт «Ниса» сүресінің жаратылысты еске салған, жетімге құрметпен қарауды үгіттеген, мирас бөлінісіні түсіндірген аяттарын оқиды. Қырық бірінші аят келгенде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көздерінен жас төгіледі және «Жетеді» дейді. Оны жылатқан аят мынау: «Әр үмбеттен бір куә келтіргеніміз және сені де олардың үстіне бір куә жасаған уақыт, көрейік олардың хәлі не болатынын»[18]. Себебі куә болу – сонымен қатар, оларға шапағатшы куә болу мағынасына келетін ауыр жауапкершілік.

Пайғамбарлардың, періштелердің, шейіттердің, салиқалы кісілердің және басқаларының шапағаты тек Алла тағаланың рұқсат беруі және ризалығымен мүмкін болады. Алла тағаланың рұқсаты және ризасы болмастан ешқандай шапағат етілмейтіні секілді, шапағат ете алатындар да мұны сұрай алмайды.

Пайғамбар олжаға және елдің дүниесіне сатқындық жасағандардың алдынан шығатын жағдайды суреттегенде, кейбіреулердің иықтарында қорылдаған бір ат немесе мөңіреген сиырмен, кейбіреулердің, арқасында көтерген алтын, күміспен келетіні және шапағат етуін сұрайтынын айтқан. Ол күні осылайша шапағат талап еткендердің әрбіреуіне: «Сен үшін ешқандай жәрдемге күшім жетпейді. Мен саған насихат айтқанмын» дейтінін білдірген.[19]

Осыған ұқсас түрде Алла елшісі (с.а.с.) залым және әділетсіз басқарушылардың, дінде астамшылыққа ұрынған және азған кісілердің де шапағатқа жете алмайтынын білдірген.[20] Осылайша құл ақысын тартып алған, жемқорлық жасаған адамдарға оның шапағаты болмайтыны, тіпті бұл адамдармен кездескісі де келмейтінін түсінуге болады.

Шапағат етуі үшін берілетін негізгі сипат иман, ықлас, мойынсұну, бағыну және көркем мінез-құлықтармен Ұлы Жаратушы алдында сыйлы орында болу. Олай болса, алдымен азаптан құтылып шапағатқа іліну, содан кейін басқа мүміннің құтылуы үшін Алла алдында осындай қасиетке ие болу, бұл сипаттарға ие болу арқылы мүмкін.

Сондықтан, ешкімнің мәңгілік өмірге қатысты үмітін шапағатқа байлап бұл дүниеде өзіне жүктелген міндеттерді көрмегендей болуы немесе тастап қою секілді істемеу керек. Хадистерде күнә жасағандар дүниеде істеген қателердің жазасын шеккеннен кейін шапағат етіліп, мәңгілік тозақта қалудан құтылады.[21]

Демек, ақыретте шапағатқа ие болу үшін дүниеде жамандықтардан сақтанып, жақсы амалдар мен ізгі істерді жасап, барлық тіршілік иелерімен көркем қарым-қатынаста болуымыз керек.

Балғабек Мырзаев

[1] Әбу Дәуд, жихад 162.

[2] Ибн Мәже, Зухд, 37.

[3] Ибн Мәже, Зухд, 37.

[4] Тирмизи, Федаилүл-жихад, 25.

[5] Тирмизи, Федаиллүл-Құран, 13; ИМ216 Ибн Мәже, Суннет, 16.

[6] Мүслім, иман, 302.

[7] Ниса, 4/48;Н5013 Несаи, иман, 18.

[8] Шура, 42/5.

[9] Н1141 Несаи, татбик, 81.

[10] Енбия, 21/28.

[11] Мүмін, 40/7.

[12] Ниса, 4/48.

[13] Мүслім, иман, 43; Ибн Ханбал, I, 65.

[14] Ибн Ханбал, IV, 42.

[15] Мүслім, иман, 52.

[16] Зилзал, 99/7-8.

[17] Мүслім, сифатул-мунафикин, 72.

[18] Ниса, 4/41; В5050 Бухари, Федаилүл-Құран, 33; Тирмизи, Тәфсирүл-Құран, 4.

[19] Бухари, жихад, 189.

[20]Тәбәрани, әл-Мужәмүл-кебир, XX, 213.

[21] Ибн Ханбал, I, 278.

Таңбалар: Балғабек МырзаевПайғамбаршапағат
Бөлісу25Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Пайғамбарға деген сүйіспеншілік

23.04.2025
Сахабаның махаббаты
Ғибратты әңгімелер

Сахабаның махаббаты

01.11.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Туысыңмен тату бол тірісінде

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74823 бөлісті
    Бөлісу 29929 Твитерге 18706
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2469 бөлісті
    Бөлісу 988 Твитерге 617
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    547 бөлісті
    Бөлісу 219 Твитерге 137

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершить хадж без визы?
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жалған қажылық жасағандарға айыппұл салынады

13.05.2025
Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

Мүфтият жанынан «Қарилар алқасы» құрылды

13.05.2025
Күмәнді контенттің қаупі неде?
Видео

Күмәнді контенттің қаупі неде?

13.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00