Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дұға жасағанда Пайғамбарымыздың шапағаты тисін деуге бола ма?

25.04.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Бата немесе дұға жасағанда Пайғамбарымыздың шапағаты тисін деп айтып жатады. Осыны түсіндіре кетсеңіз.

Жауап: Шапағат дегеніміз – ахирет күнінде Алла Елшісінің (с.ғ.с.), басқа пайғамбарлардың және өздеріне рұқсат берілген салиқалы адамдардың Алла алдында мүмін-мұсылмандардың кешірілуі үшін дұға етіп, жалбарынуы мағынасында қолданылады.

Құран Кәрімнің көптеген аяттарында шапағат мәселесіне қатысты егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Зумәр сүресінің 43-44 аяты, Юнус сүресінің 3 аяты, Бақара сүресінің 255 аяты, Мариям сүресінің 87 аяты, Әнбия сүресінің 28 аяты, Таха сүресінің 109 аяты және Зухруф сүресінің 86 аятында  Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайтыны және кімдердің шапағат ете алатыны туралы айтылады.

Бұл аяттардың барлығында тек Алла тағаланың рұқсат бергендерінің шапағат ете алатынына ишара жасалған. Яғни, Алла тағала қаласа кейбір мүміндерге шапағатшы болуға рұқсат берілетінін түсінеміз.

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026

Әбу Муса әл-Ашари (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Маған шапағат ету немесе үмбетімнің жартысының жаннатқа кіруі туралы таңдау жасауға мұрсат берілді; мен шапағат етуді таңдадым.» – деп, бұйырылады (Ибн Мааж, зуһд, 37).

Хадистерде шапағат рұқсаты берілетіндердің кімдерге шапағат ететіндері туралы нақты мәлімет берілген.

Әбу Һурайра: «Уа, Алланың елшісі, Ұлы Раббым саған шапағат мәселесінде қандай құқық берді?» – деп сұрағанда: «Сенің ілімге деген құштарлығыңды білгенім  үшін, мұны маған алғашқы сұраушының да сен болатынын білген едім. Менің шапағатым – жүрегі тілін, тілі де жүрегін мақұлдап Алладан басқа тәңірі  жоқ  екендігіне шын көңілден куәлік еткен адам үшін»[1]–деп жауап береді.

Жоғарыдағы аяттар мен хадистер шапағаттың бар екендігінен хабар береді. Алла тағала біздерді де қиямет күнінде Пайғамбарымыздың шапағатына еретін бахтияр құлдарының қатарынан жазсын.

Балғабек Мырзаев

[1] Ибн Ханбал, II, 518.

Бөлісу27Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Карантин кезіндегі керемет сауабы сарқылмас іс – садақа

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    185
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    68

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00