Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата-анасы талап етсе, әйелінен ажырасуы міндет пе?

10.02.2020
- Сұрақ-жауап
1
177
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Исламда ата-анаға бағыну міндет екені белгілі. Алайда жігіттің ата-анасы әйелінен ажырасуын талап етсе, жігіттің ажырасуы міндет пе? Ажыраспаса күнә санала ма?

Жауап: Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген. Мықты отбасы негізінде баянды қоғам қалыптасатынын айта отырып, осы күрделі мәселеге қатысты бұлжымас қағидаларды орнықтырған. Құранда әуелі Алла алдындағы борыштарымыздан  кейін бірден ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән бар.

Алла Тағала бұны бізге: «Сендерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Оған (Аллаға) ешнәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!» («Әнғам» сүресі, 151) деп білдіреді. Тағы бір аятта:

«Біз адамдарға әке-шешесіне жақсылық жа­сауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді. Ананың жатырда баланы көтеруі мен емшектен шығуы отыз ай жалғасты» («Ахкаф» сүресі, 15) деп, әуелі өзіне шүкір етуге, содан кейінгі кезекте ата-анаға шүкіршілік етіп, алғыс айтуға шақырады

Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?

Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?

23.08.2025
Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

22.08.2025

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алланың разылығы әке-шешенің ризашылығын алудан өтетінін, ал Алла Тағаланың наразылығы ата-ананың наразылығына байланысты екенін бізге: «Алла Тағаланың разылығы – ата-ананың ризашылығында, Алла Тағаланың разы болмауы да – ата-ананың наразылығында» (Шуғабул-иман лил-Бәйһақи) .деп ескертеді.

Ата-анаға қарсы шығу ең үлкен күнәлардың қатарына жатады. Бір күні Пайғамбарымыз сахабаларына:

– Сендерге күнәлардың ең үлкені қайсы екенін ай­тайын ба? – дегенде, сахабалар «Иә, бізге қайсылары екенін үйрет», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға серік қосу, ата-анаға қарсы шығу, нақақ адам өлтіру, өтірік айту» – деп айтқан (Бухари, Әдәб, 6). Демек ата-анаға қарсы шуғу үлкен күнә саналады. Алайда бұл ата-ананың орынды-орынсыз кез-келген талабын орындауды міндеттемейді.

Қандайда бір заңды, арнайы себеп болмаса, ата-ананың баласынан ажырасуды талап етуге ақысы жоқ Мынаны жақсы біліп алу керек. Ислам дінінде шаңырақ құру қастерлі іс. Сондықтан себепсізден-себепсіз көтерілген шаңырақты шайқалту – құптарлық іс емес. Отбасын бұзу – бір ғана адамның тағдырына қатысты іс емес. Кез-келген ажырасудың қоғамға берер зияны өте үлкен.

Алла тағала: «(Уа, иман келтіргендер!) Жарларыңмен жақсықарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлылық танытыңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», – дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», – деу арқылы («Ниса» сүресі, 34-аят) отбасын сақтауға шақыруда.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Алланың құзырында адал болғанымен ең жағымсыз саналған нәрсе – талақ (ажырасу)» (Әбу Дәуіт, Талақ, 3) деген хадисі көпшілікке мәлім.

Ибн Хажар Хатами өзінің «әз-Зәуәжир» атты кітабында осы мәселеге қатысты былай деген екен: «Ата-анаға қарсы шығу дегеніміз – әдет-ғұрып бойынша олардың көңілдеріне кәдімгідей қаяу салып, қиындыққа душар ету. Көңілге қаяу түсіру мен қиындыққа душар етудегі негізгі өлшем ата-ананың жағдайына қатысты.

Яғни ата-ана баласының жасағанынан қатты ренжіп, , көңілдері құлазитын болса, баласы мүндайға жол бермеуге барынша тырысуы қажет. Алайда ата-ананың екеуі немесе біреуінің ақыл-парасаты төмен немесе жақсылық пен жамандықтың арасын дүрыс пайымдай алмағандықтан баласына қандайда бір нәрсені жасауды бүйырса немесе тыйым салса, оған мойынсұну әдет-ғұрып бойынша бағынбаушылық деп саналмаса, онда перзенттің ата-анасының талаптарын орындамауына рұқсат. Мұндай іс үшін ол күнә арқаламайды.

Мысалы, Бір кісі өз әйелін жақсы көріп, ажырасуды қаламаса, алайда ата-анасы оның ажырасуын талап етсе, бұл талап әйелдің діни өмірінде салғырттығынан туындаса да, ер кісінің ата-анасының талабын орындауы міндет емес»

«Ата-ананың өзге де талап-тілектері осындай. Яғни тек өздерінің мәселені дүрыс түсініп, бағамдай алмауына байланысты беретін бұйрықтары немесе тыйымдары ақыл-парасатты адамдарға айтылған кезде егер олар орын алған жағдай ата-ананы ренжітуге саналмайды деп шешсе, онда ата-ананың айтқанын орындамауға рұқсат етіледі». Олай болса, ата-ананың баласынан әйелінен ажырасуын талап етулеріне бағынбауы күнә саналмайды.

(И. Жанан. Ктуб әс-ситтә тержуме ве шерхи, Акчаг иайынлары, 2/486).

Дегенмен жоғарыда атап өткендей қай жағдайда да бала ата-анасының алдындағы міндеттірін қалтқысыз орындап, көңілдеріне аулауы тиіс. Ата-ананы ашуландыратын қылықтарға жол бермей, мұқияттылық танытқаны жөн.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу23Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Абай және Ислам

Пікір 1

  1. Еркін жазған:
    5 жыл бұрын

    Өте өзекті тақырып және жазба. Жақсы жазылған)

    Жауап беру

Еркін үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою