Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аллаға деген адалдықтың сыйы

11.07.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
403
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күндердің күнінде Дамаск қаласында жағдайы өте төмен, ішерге асы жоқ жігіт болыпты. Оның басында арнайы баспана болмағасын бар өмірін мешітте дәріс тыңдап, шариғи білімін жетілдіріп өткізеді. Сондай бір күндері ол қатты ашыққаннан көше кезіп, көрші үйлерді жағалайды. Сөйтсе, көшенің басындағы үйдің терезе тұсында тамақтың исі аңқыған ыдыс тұрады. Ол дереу ыдысты ашып, жан-жағына қарамастан қуырылған баклажанды үзіп алады. Сол сәтте ол осы уақытқа дейін бойына жиған шариғи ілімдерді ойлап, рұқсатсыз ешбір дүниеге қол сұғуға болмайтыны есіне түсіп, дереу жұлынған баклажанды орнына қойып, мешітке қайта бет алады.

Мешітке барып, дәрісін жалғастыру үшін соңғы қатарға барып аштықтан жатып қалады. Біршама уақыттан кейін дәріс аяқталып, барлық шәкірттер үйлеріне тарайды. Ұстазы болса мешіттің шетінде кітабын оқып қалады. Алайда, бұл жігіттің барар жері болмағасын оның үстіне әбден әлсіреген бойда тапжылмай жата береді. Сол сәтте бір көрікті өте әсем қыз келіп, ұстаздың құлағына сыбырлайды. Ұстаз жан-жағына қарап, әлгі жатқан жігітке келіп:

– Үйленгің келе ме? – дейді. Жігіт:

– Менің ішерге асым жоқ, ұстаз! Мен қалай үйленбекпін, – деп еңсесі түсіп кетеді.

Шынайы тәуекел

Шынайы тәуекел

28.10.2026

Уағызды кім айтар еді…

19.10.2026

– Еш алаңдама! Мына қыз өзіне жар іздеп жүр. Бұл жесір қалған әйел екен. Артында күйеуінен қалған жаңа үйі де бар. Дамаск қаласында ешкімді танымайды және артындағы бала-шағасы бар, соларға әке, өзіне өмірлік серік іздеп жүрген көрінеді,  – дейді ұстаз. Жігіт қуана келіседі.

Сөйтіп, ұстазы қыздың мәһрін төлеп, некесін қиып жігітті үйлендіреді. Жігіт әйелдің үйіне келіп жайғасады. Әйелі дастархан жайып, тамақ исі аңқыған ыдысты алып келеді. Сол уақытта әйел:

– Қап, мына ыдыстағы баклажанды кім үзген? Біреу келіп мен жоқта тамағыма қол сұққан көрінеді, – деп ашуланады. Сонда жігіт жымиып:

– Бірер уақыт бұрын бұл баклажанды  мен үзген едім, – деп басындағы барлық оқиғаны айтып береді. Сосын іштей жігіт:

– Ислам мені біреудің асына рұқсатсыз қол сұқпауға үйретіп, баклажанды орнына қою арқылы Алла Тағала маған көрікті келіншек әрі жаңа үй берген екен ғой. Аллаға деген адалдықтың сыйы осы болар, – деп жылдар бойғы көңіліне қуаныш сол сәтте ұялаған екен.  

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: адалдықбаклажандамаскжалғас асхатұлымешіт
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Нұрлан Байжігітұлы астаналық мешітке бас имам болды
Сұрақ-жауап

Мешіт имамдарының қызметі қандай?

22.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мораль және дін

Мораль және дін

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    189
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    65

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00