Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Намаз» жайлы аяттың тәпсірі қандай?

27.04.2019
- Сұрақ-жауап
4
3.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Намаз» жайлы аяттың тәпсірі қандай?

Жауап: Алла Тағала: «Күндіздің екі уақытында және түннің күндізге таяу уақытында намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін бір насихат» («Һуд» сүресі, 114-аят) – деген.

Дінімізде әрбір ақыл­ды, ба­ли­ғат жа­сы­на толған ер, әйелге күніне бес уақыт намаз оқу парызекендігін білдіретін көптеген аят, хадистер келген. Әрі Ислам ғұламалрының ижмәғы бар. Ғұламалар, на­маз­дың па­рыз­ды­ғын мойындамаған адамның дін­нен шы­ғатынын айтады. Ал, намаздың парыздығын мойындап, бірақ намазға нем­құ­райлық танытып оқымаған адам күнәкар мұсылман болып саналады[1].

Имам Матуриди, Құрандағы: «Күндіздің екі уақытында және түннің күндізге таяу уақытында намаз оқы» деген аяттың тәпсірінде: «Аятта үш намаз зікір етілді. Күндіздің алғашқы бөлігіндегі таң намазы мен соңғы бөлігіндегі екінті намазы. Және түннің күндізге жақын болған уақыттағы ақшам намазы. Ал қалған намаздар, «Рум» сүресі, 17-18 аятындағы: «Кеш батырған кезде» деген сөзі екінті намазын, «таң атырғандарыңда» деген сөзі таң намазын, «ғәшиян» деген сөзі құптан намазын және «түскі уақытта» деген сөзі бесін намазын білдіріп тұр. Бұл аятта ақшам намазы айтылмағанымен, ақшам намазы «Һуд» сүресі, 114-аятындағы «түннің күндізге таяу уақытында» деген сөзінде айтылған. Әбу Һурайра (р.а.), Алла елшісінің (с.а.с.): «Намаз – күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Қаласаңдар: «Ақмқатында, жақсылықтар жамандықтарды жояды» аятын оқыңдар», – деді» деген хадисін риуаят етті. Бұл аяттағы «жақсылықтар» бес уақыт намазды меңзеп тұр. Бес уақыт намаз –адамды күнәлі істерден қайтарып, тазаруына себеп болатындығы жайлы риуаяттар көп»[2]деп, бес уақыт намаздың Құранда көрсетілгенін айтып, «Құранда бес уақыт намаз туралы келмеген, аяттарда тек күніне үш уақыт немесе тек таң намаз жайлы ғана айтылған» дейтін кейбір ағымдардың қате көзқарасының дұрыс еместігін айтады.

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

Намаз – адам баласының ақыретте алғаш сұралатын істерінің бірі. Сол себепті, намазға селқостық танытып, оқымай қоюға болмайды. Имам Бұхари және имам Мүслимде жеткен бір риуаятта, Алла елшісі (с.а.с.): «Егер сендердің бірің намаз уақытында ұйықтап немесе ұмытып намазын оқымаса, есiне түскенде дереу оқысын» – деген. Яғни, мұсылман адамның Алла алдындағы парызы болған намаз ғибадаты ұйықтап қалу немесе қатты қарбаластықтан ұмытып кетусебепті оқылмай қалуы мүмкін екен. Мұнан тыс намазды оқымай қоюға бір себептің жоқтығын көреміз. Қасиетті Құ­ран­да: «Жұмақтықтар жұмақта жүріп, тозақтықтардың жағдайы жайлы бір-бірінен сұрасады. Сонда тозақтықтардан: «Са­қар жаһаннам­ына кірулеріңе не се­беп бол­ды?» – деп сұ­райды. Олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды» («Мүддәссир» сүресі, 40-43 аят) – делініп, намаз оқымаған адамдар үшін қияметте ауыр азап бары ескертіледі.

Ал, намазына берік тақуа құлдарға мол сауаптың білдіретіндігі жайлы көптеген риуаяттар кездеседі. Соның бірінде қияметтің қиын сәттерінде нәпіл намаздың өзі парыз намаздың орнын толтыратындығы айтылады. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­латын ама­лы, ол – на­маз»деген. Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Алла Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?». Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Аллаһ Та­ға­ла: «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», – дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[3] деген.

Алла елшісі (с.а.с.) тағы сөзінде: «Намаз – мүминнің миғражы»деген.Яғни, намазына берік болған адамның тәні мен рухы әртүрлі кірлерден тазарып, Жаратушысы алдындағы мәртебесінің өсуін ұқтырады. Намаз оқыған адам күніне бес уақыт Жаратушысы алдында, «Аллаһу әкбар» (Алла ұлық), «Субханаллаһ» (Алла кемшіліктерден пәк) және «Әлхамдулилләһ» (Аллаға шүкір) деп, Жаратушысын ұлықтап, өзінің күнәкар әлсіз құл екенін сезінеді. Бір Аллаға ғана құлшылық етіп, Одан ғана көмек сұрайды. Бір намаздан кейін екінші намазға дейін түрлі күнәлардан сақтанып, таза өмір сүруге тырысады. Міне, осылай адамның әрдайым өзін жамандықтан қайтарып, ізгілікке ұмтылуы Алла алдындағы мәртебесін асқақтата түседі.

[1]Ибн Абидин, I-том, 32-бет; әл-Биная фи шархил һидая, 2-том, 5-бет.

[2]Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Стамбул. – 2006. 7-том, 589бет. 249-бет.

[3]Тирмизи, Салат; 118.

Бөлісу77Твитерге48Бөлісу10Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі

Пікір 4

  1. Гүлім жазған:
    7 жыл бұрын

    Қандай күшті. Менің де намаз оқығым келеді. Бірақ ата-анам рұқсат етпейді((((

    Жауап беру
    • Марлен жазған:
      3 жыл бұрын

      31:15 окыныз карындасым, намазга ата ана разылыгы керек емес

      Жауап беру
  2. Бахти Булатов жазған:
    7 жыл бұрын

    Гүлім қарындасым, Алладан үмітіңді үзбе. БІр қиындықтың жеңілдігі, әр сынақтың бір қайыры бар. Бастысы, дін үйренгесін ата-анаңның алдындағы міндеттерді ұмытып кетпесең болғаны. Өйткені, оларға қызмет ету намаздан кейінгі орында.

    Жауап беру
    • Марлен жазған:
      3 жыл бұрын

      Аллага кулшылык жасау адам заттын 1 шы парызы, 31:15 окыныз ата карсы болса

      Жауап беру

Марлен үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00