Жұма, 31 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген хадис бар ма?

17.05.2018
- Ислам
0
4.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кемелдікті кемеріне жеткізу үшін келген Ардақты пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) тәлім алған түркі мұсылман жұртшылығы арасында «Бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны жыққанмен бірдей» деген сөз кең тарап кеткен. Негізінен, тура осы сөздермен келген хадис мәтінін кездестіре алмадық. Алайда, осы мағынаға сай келетін басқа хадистер бар. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаға қарап тұрып: «Еш күмәнсіз Алла Тағала сені өте қадірлі, ұлық етіп жаратты. Алайда, мүмін адам сенен де қадірлі» деген (Ибн Мәжә, Фитән, 2; Мажмағ әз-зәуәид, 1/81) Тағы бір хадисте «Алла үшін әлемнің жоқ болуы, мүмін адамның өлтірілуінен жақсырақ» делінген (Термези, Дият, 7; Нәсәи, Тахрим, 2). Термези бұл хадисті «хасан» деп бағалаған. Осы мәндес хадистерге сүйенген Мәулана Жалаладдин әр-Руми: «Қағба – Азардың ұлы Ибрахимнің тұрғызған үйі, ал жүрек – Алла Тағаланың назар салар орны. Сондықтан да бір адамның көңілін қалдыру Қағбаны қиратқаннан да жаман» десе, Жүніс Әміре «Бір адамның көңілін қалдыру – Қағбаны жыққаннан да жаман» деген екен. Әрине, бұл сөздер Қағбаның қасиетін төмендету үшін айтылмаған. Алланың жаратқан ең ардақты жаратылысының адам екендігін баяндау мақсатында айтылған. Бұл өз кезегінде Алла Тағаланың «Біз адам баласын ардақты еттік» («Исра» сүресі, 70-аят) деген аяттың мағынасына да сай келеді. Негізінен, ислам шариғатында құқықтар «Алланың құқықтары» (яғни, адамның Алла Тағала алдындағы міндеттері) және «адамның құқықтары» деп екіге бөлінеді. Пенде осы Алланың құқына, яғни құлшылықтарына қатысты қандай да бір күнә жасап, шынайы тәубе етсе, Алла Тағала Өзінің шексіз рақымымен оның күнәсін кешіріп жібереді. Ал кісі ақысына қатысты қандайда бір күнә жасаған жағдайда, ақысын жеп, қиянат жасаған адам кешірмейінше, Алла кешірмейді. Ислам дінінде кісі ақысы өте жоғары бағаланған. Сондықтан, мұсылман баласы осы мәселеге ерекше мән беріп, кісі ақысын жемеуге, өзгеге қиянат жасамауға ерекше абай болуы тиіс.

Алау ӘДІЛБАЕВ,
теология ғылымының докторы

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

24.07.2026
Құлшылық, құндылық һәм қасиет

Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

11.07.2026
Бөлісу108Твитерге68Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Матуриди: Әл-Мисақ серті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    27
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    25
  • Діни төзімділік деген не?

    20
  • Дінтанушы: Деструктивті діни ағымдармен күресте алдын алу маңызды

    17
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    16

Соңғы жарияланымдар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00