Бейсенбі, 29 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран – жүректі билеуші

10.10.2017
- Ислам
0
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні кешке Алланың елшісі (с.ғ.с.) Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) Құран оқығанын тыңдап, ұзақ уақыт тұрып қалады. Кейін Алланың елшісі (с.а.с.) қасындағы Омар мен Әбу Бәкірге (Алла ол екеуіне разы болсын):

–Кім Құранды түскен қалпындай оқығысы келсе, Абдулла ибн Масғудт ұқсап оқысын – деп айтады.

Ибн Масғуд (р.а.) мынадай риуаят келтіреді. «Пайғамбар (с.ғ.с.):

–Маған Құран оқып берші – деді.

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

16.10.2026

Мен:

–Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Сізге түскен Құранды, сізге оқып берейім бе? – деп айттым. Ол (с.ғ.с.):

–Рас, мен Құранды басқадан тыңдағанды жақсы көремін – деді. Мен Ниса сүресін оқыдым. Бұл сүренің: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?» – деген аятын оқығаннан кейін, пайғамбар (с.ғ.с.):

–Жеткілікті – деді. Оған бұрылып қарасам, оның көздері жасқа толып тұр екен».

Құран Кәрімнің адам жүрегіне толық ықпал ететіні туралы Омар ибн Хаттаб (р.а.) жайында мынадай оқиға бар.

Бір күні Омар ибн Хаттаб (р.а.) түнде келе жатып, Құран оқуьшының дауысын естиді. Әлгі адам:

«Тур тауына. Жазулы Кітапқа, Теріге жазулыға, Толықсыған үйге, Көтерілген төбеге (аспанға) және ыстық теңізге серт! Сөзсіз Раббыңның азабы болады. Оны тойтарушы жоқ» (Тур: 1-8) – деген аятқа жеткен уақытта Омар есінен айырылып, атының үстінен құлап түседі. Жолмен кетіп баратқан бір сахаба құлап жатқан Омарды көріп, көтеріп үйіне апарады. Омар (р.а.) осы науқастығынан бір ай төсек тартып жатып қалады.

Ал енді осындай тақуалардың бірі Хасан әл-Басри су ішіп, кейін жылаған екен. Қасындағы жолдастары мұның себебін сұраған уақытта, ол:

– Алла Тағаланың: «Тозақтағылар, жәннаттағыларға: Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер деп дауыстайды» – деген аяты есіме түсіп кеткені (Ағраф: 50) – деп жауап береді.

Белгілі сахабалардың бірі Әбу Сағид әл-Худрии (Алла оған разы болсын) пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп:

–Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Түсімде мен «Сод» сүресін оқып отыр екенмін. Қасымда қалам, сия сауыт және тал бар екен деймін. Мен сүредегі сәжде аятына жетіп, оны оқығанымда әлгі қалам, сия сауыт және ағаштың барлығы да сәжде жасады – дейді.

Алланың елшісі (с.ғ.с.):

–Ағаш, қалам және сия сауыт сәжде жасаған уақытта, тек сен сәжде қылмадың ба ей, Әбу Сағид!? – деп айтады. Әрине, мұнда Алланың елшісі (с.ғ.с.) әзілмен айтып отырғаны белгілі. Басқа заттың барлыңы сәжде қылғанда сен қарап отыра бердің бе? Дегендей Әбу Сағидке әзілмен сөйлеп отыр.

Денемен Құранды жиі оқып тұруды әдетке айналдыру жақсы амалға жатады. Сағд ибн Әбу Уаққас (Алла оған разы болсын):

«Кім Құранды күндіз тәмамдаса, оған періштелер кеш батқанша салауат айтады. Кім Құранды кешке тәмамдаса, оған періштелер таң атқанша салауат айтады», – деген.

Жоғарыдағы әңгімелерде айтылған Құрандағы рухани құндылықтар мұсылман ілімі мен қазақ дүниетанымы үшін құнды әрі маңызды. Құранды жиі оқып тұруды әдетке айналдыру, оны оқыған уақытта мүмкіндігінше аят мағыналарына көңіл бөлу сияқты т.б. әрекеттер жақсы амалдардың қатарына жатады. Құран адамды өзгенің еркіндігі мен құқығын құрметтеуге, қоғам азаматтарын төзімділікке, келісім мен бейбітшілікке  шақырады.

Құранды жақсы таныған, бұл дүниеде Құран арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген және ақыретте Алланың мейіріміне ие болуға ұмтылған адам – екі дүниенің де кілтін ұстаған кісі саналмақ. Алла Тағала сіздер мен біздерді осындай пенделердің қатарынан қылғай!

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

философ.ғ.к., дінтанушы 

Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ғибадат іліммен толысады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    191
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    85
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    72
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    66

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00