Жексенбі, 15 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рамазан айының кіргенін қалай біле аламыз?

15.06.2015
- Сұрақ-жауап
0
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алайда, Шафия мазхабы ғұламалары Рамазан айының басталуы хақында «Жиырма төрт фарсахтан (140 шақырым) тысқары тұрған мемлекетте айдың туылғаны басқа уақытта көрінсе, ол мемлекеттің мұсылмандары айды көргеннен кейін барып ораза ұстайды» (Мазаһибул-Ербаа, 2: 550) деп пәтуа бекіткен. Олар бұл шешімге Курайбтен (р.а) жеткен мына руаятты негізге алады: «Курайб (р.а) Шам қаласында жаңа туған айды көреді. Іле-шала бір шаруамен Мәдинаға сапар шегеді. Мәдинада жолыққан Ибн Аббас (р.а): «Айдың туғанын қай уақытта көрдің?» деп сұрайды. Курайб (р.а): «Жұма күні кеште көрдім» деп жауап береді. Ибн Аббас (р.а): «Оны сен де көрдің бе?» деп қайталап сұрайды.  Курайб (р.а): «Иә, оны мен де көрдім, барлық адам көріп, ораза тұтуды бастады» дейді.  Ибн Аббас (р.а): «Біз айдың туғанын сенбі күні көрдік. Отыз күн толғанша немесе Шәууал айы туғанға дейін ораза тұтамыз» дейді. Курайб (р.а): «Муавиенің айды көруі ораза тұтуды бастауға жеткілікті емес пе?» деп сұрағанда,  Ибн Аббас (р.а): «Жоқ, Алла Елшісі (с.а.у) бізге осылайша әмір етті» деп жауап береді (Мүслим, Сиям: 28, Тирмизи, Савм: 9, Әбу Дәут, Сиям: 9).

Рамазан айының кейбір мемлекеттерде ерте, кейбір мемлекеттерде кеш басталуының тағы бір себебі, Батыс елдерінде қоғамдық жұмыс мезгілін біріңғайлау мақсатында «әлеуметтік сағат» түсінігі қалыптасқан. Осы «әлеуметтік сағат» режиміне байланысты, бұл мемлекеттердегі уақыт өлшемінің тілі ай есебін ұстанатын елдерден бөлек болып келеді. Осы қайшылықты реттеу үшін мұсылман мемлекеттері 1978 жылы «Ай Конфенциясын» (Түркия) өткізіп: «Жер жүзінің қай жерінде алғаш рет ай көрінген болса, Ислам елдері ораза ұстауды бір мезгілде бастауы қажет» деп қарар қабылдаған болатын. Өкінішке қарай, бірауыздан қабылданған бұл байлам әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр.

Задында, қасиетті айда Рамазан рухын бойымызға сіңіріп, кеудеміздің хикметке толы болуы оразаның жиырма тоғыз күн немесе отыз күн болуынан да маңызды. Осы тұрғыда, сырғып өтіп жатқан уақыт, байыбына бара білгенге қайтып айналып соқпайтын илаһи қазына саналады. Қиямет-қайым күні амал дәптеріміз толған айдай нұрланып тұруы үшін біздің сынақ әлеміндегі әрбір тынысымыз сауапқа толы болуы қажет. Яғни, уақыттың құнын дер кезінде ұғына алсақ ұшпаққа шығамыз, ал, ұғына алмасақ, мешеулікке ұрынарымыз хақ. Олай болса, лайым алаш жұртына бес күндік сынақты мағыналы өткізіп, сауапқа толы ғұмыр кешуді жазсын!

 
Жын кіре ме, жоқ па?

Жындар не нәрсеге үйір болады?

14.11.2026

Арабша сөздерді қолдану тақуалықты білдіре ме?

13.11.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Рамазан» сөзі қандай мағынаны білдіреді және отыз күн ораза тұтудың қандай химеті бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір мәрте Алла десе…

    Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    523
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    322
  • Аманатқа адалдық

    315
  • Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

    314
  • Қажылық: Қазақстанға 4300 орын бөлінді

    263

Соңғы жарияланымдар

Жын кіре ме, жоқ па?
Сұрақ-жауап

Жындар не нәрсеге үйір болады?

14.11.2026
Діни алауыздық тудырған ер адам ұсталды
Жаңалықтар

Діни алауыздық тудырған ер адам ұсталды

14.11.2026
Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Әзербайжанда «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» көрмесі ашылды

14.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00