Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тақуалыққа қалай қол жеткізуге болады?

11.12.2014
- Сұрақ-жауап
0
699
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тақуалық – ислам дінінде ерекше мән берілген асыл қасиеттердің бірі. Негізінен тақуа арабшадағы وقاية «уиқая» сөзінің (жақсылап қорғану, сақтану) түбірінен шығады. اتقاء «Иттиқа» сөзі жан қиналтатын және қиындық беретін нәрселерден сақтанып, өзін жақсылап қорғауды, осы түбірден тарайтын есім ретінде тақуа қуатты, мықты бір қорғаушының қорғанын паналап өзін сақтауды білдіреді. Терминдік мағынасы – Алланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан қашу арқылы Оның азабынан сақтану дегенді білдіреді. Кейде қорқу мағынасында да қолданылғанымен бұдан кең ұғымды қамтиды. Ол – діннің принциптерін ерекше ынтамен ұстана отырып, әлемдегі Жаратқанның қойған заңдылықтарына бағынуды, жаһаннам мен жаннатқа жетелейтін амалдардан бастап, мәнсіз еліктеуден сақтануға дейінгінің барлығын да тегіс қамтитын ұғым. Осы тұрғыдан алғанда тақуалық – адам баласы үшін абырой мен құндылықтың бірден-бір қайнары. Тақуалық – Алла тағалаға төте жолдан жеткізетін сырлы қасиет. Содықтан да адамзатқа екі дүние бақытын сыйлайтын, жаңылтпас жол көрсетуші Құран кәрім «Һудән лил муттақин», «Тақуалар үшін жол көрсетуші, сілтеуші» («Бақара» сүресі, 2-аят) деп назарымызды тақуалыққа бағыттайды.

Құранда көп аяттар «тақуалар ғана жақсы нәтижеге жетеді» деп, өмірінің соңына дейін имандылықтан айрылмағандардың о дүниеде қабір азабынан, қиямет пен есеп берудің үрейінен құтылатындығын айтып, тақуаларды қуантады. Сонымен қатар, жаннаттың бүкіл әсемдігі мен көркемдігі де діндар, тақуалар үшін әзірленген. Бұл жайлы Құранда: «Асылында, тақуалар жаннат бақтары мен өзендеріне лайық. Разы болатындай мәртебеде, құдіретті патшаның құзырында болмақ» («Қамар» сүресі, 54-55-аяттар) және «Тақуалар сенімді мәртебеде. Жаннаттар мен өзендердің қасында»

( «Духан» сүресі,51-52). «Шындығында тақуалар үшін құтқарылу (азаптан құтылу) бар» деу арқылы да осыны айқындай түседі. Тақуалар – ақыретте осындай шексіз нығметтерге бөленумен сүйіншіленген бақытты жандар. 

 «Олар үлкен күнәлардан және арсыздықтан сақтанады» деген аят тақуалықтың бір қырын көрсетсе, «иман келтіріп ізгі іс істегендер» (Юнус, 9) аяты екінші бір қырын аша түседі. Парыздарға көңіл бөліп орындау мен үлкен күнәлардан бойын аулақ ұстау – тақуалықтың негізі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құл зиянды нәрселерден сақтану үшін өзіне зиян бермейтін нәрселерді де тәрк етпейінше нағыз тақуалардан бола алмайды»,– дей отырып кіші күнәлардың өзінен сақтану керектігін атап көрсетеді. Нағыз ықыласқа күллі ширк атаулыдан сақтану арқылы қол жеткізуге болатыны сияқты, толық тақуалыққа да күмән атаулыдан бойды аулақ салып, одан қашу арқылы қол жеткізуге болады.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Харам мен халалға селқос қарау – тақуалыққа бөгет. Бұл жайында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қатаң ескертулері бар. Ол бір хадисінде: «Қандай да бір құл хараммен азықтанып өссе, оған ең лайық нәрсе – от»,– дейді.

Салғырттық пен немқұрайлылық, бейқамдық пен бойкүйездік те, енжарлық та – тақуалықтың жауы. Соның салдарынан өзін мәңгі осы дүниеде қалатындай сезініп адам бейқам өмір сүріп, фәни дүниенің өткінші ләззаттарына алдану арқылы ақыреттің қорқыныштылығын аса елемей өмірін салғырт өткізеді.

Тақуалық – иманнан кейін тұратын мүмінге ғана тән дара қасиет. Тақуалық шынайы қорқыныш пен кіршіксіз махаббатты қоса қамтиды. Қорқу біржақты болмайды. Алладан қорқу Оны терең танып-білуге жетелейді. Танып білу арқылы нағыз сүйіспеншілікке лайық ұлылардың ұлысы Жаббар Хақ екенін мойындата отырып, сол ұлылығына сай деңгейде Оған бас иіп қорқуға әкеледі. Ол қорқыныш – жүректің тек қана Алла деп соғуы. Бұл – адамның әртүрлі жаман қасиеттерден, індет көзі тәкаппарлық, қызғаныш пен көреалмаушылық секілді және тағы басқа да күнәлардан тазарып, парыздар мен сүннеттерге, бүкіл асыл қасиеттерге ие болу деген сөз. Міне, тақуалықтың ең жоғарғы дәрежесі – осы.

Тақуалықты көбіне Алла тағаладан қорқу, құлшылық амалдарына ерекше мән беру деп қана келте ойлап, адамдармен қарым-қатынастағы көркем мінезділікті ұмытып кетіп жатамыз. Ислам діні тек қана құлшылыққа тән бес парыздан ғана тұрмайды. Ислам шариғатында құқықтар екіге бөлінеді: 1. Жаратқанның құқықтары, яғни мұсылман баласының Алла алдындағы құлшылық міндеттері, 2. Пенделердің арасындағы құқықтар. Осы екінші топтағы құқықтар шариғаттың муамалат, яғни адамдар арасындағы қатынастарға қатысты құқықтарды қамтиды. Осы екінші категориядағы құқықтар мұсылман өмірінде ерекше рөл ойнайды. Өйткені пенде тәубе етіп, кешірім тілесе Алла тағала өз ақыларын кешіріп жібереді. Ал, ақыретте кісі ақысын жегенді ақысы кеткен кісінің өзі кешірмейінше Жаратқан ие кешірмейді. Сондықтан мұсылманның бойында ізгі қасиеттер адамдармен қарым-қатынас жасауда көрініс таппайынша тақуалықтың мазмұны толық ашылмайды. Олай болса, тақуалықты ту еткен мұсылман баласы ешкімнің ала жібін аттамай, тәкаппарлыққа ұрынбай, кісінің көңіліне кірбің салмай, Алла тағаланың жіберген кәміл дініне лайық түрде, күллі адамзат тамсанатындай тұлға болуы қажет.

 

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу17Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Күң оқиғасы хадисіне талдау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Онлайн радикализмнің себептері

    4 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Алладан кешірім тіле…

    3 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

Ғибратты әңгімелер

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026
Рухани келісім тұлғаларына құрмет
Жаңалықтар

Рухани келісім тұлғаларына құрмет

01.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00