Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Маған дүниеде үш нәрсе жақсы көргізілді: Жақсы иіс және әйел. Намаз көзімнің нұры қылынды» деген хадисті қалай түсінген жөн?

28.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
624
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сіз айтып отырған хадистің мәтіні; «Әнас (р.а.) былайша әңгімелейді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Маған (хош) иіс және әйел жақсы көргізілді. Намаз көзімнің нұры қылынды»,–  деді (ән-Нәсәи, Ахмад ибн Ханбал). Негізінен хадистің мәтінінде «дүниеден үш нәрсе» деген сөз жоқ. Кейбір ғалымдар хадситің мәніне қарап осы сөздерді қосып риуаят еткен. Алайда, Ирақи, Зәркәши және Ибн Хажар секілді мухаддис ғалымдар хадистің негізінде ондай сөздер болмағандықтан әрі мағынаны бұзғандықтан хадистің осы сөздермен келген түрін қабылдамаған. Негізінен, бұл хадисте етістік «жақсы көрдім» деп емес ырықсыз түрде «жақсы көргізілді» деп келген. Осы жерден хош иіс пен әйелді жақсы көру Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз болмысынан туындаған қасиет емес екені анық байқалады. Оған осы екі нәрсенің жақсы көргізілуі адамдарға рақымдылық жасау мақсатында берілген. Өйткені, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дүниелік нәрселерді жақсы көруден ең алшақ жан болғандығы мәлім. Ал, намаз дүниелік нәрселердің қатарына жатпайтындықтан бөле жара, ерекше аталған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намазға деген еркеше ықыласы әмбеге аян. Енді осы хадисте әйелдің аталуының себебіне қатысты мұсылман ғалымдарының айтқан пікірлерін келтіре кетейік.

Шариғаттың көп бөлігі әйелдер тарапынан жеткізілгендіктен; Діннің негізгі қайнаркөзі балып табылатын сүннеттің кейінгі ұрпаққа жеткізілуінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) пәк жұбайларының орны бір төбе.

Мұсылман үмбетінің көп болуына себепкер болғандықтан. Өйткені, Пайғамбарымыз қиямет күні үмбетінің көптігімен мақтанады;

Әйел дүниедегі ең жақсы жаратылыс болғандықтан. Өйткені, Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде «Дүние – өзі бір қолданыс құралы, ал оның ең жақсысы – ізгі әйел» деген.

Дінді бұрмалаудың салдары не болмақ?

24.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026

Кейбір адамдар Пайғамабарымыздың көп рет үйленгенін алға тарта отырып, осы мәселені бұрмалап көрсетуге тырысады. Пайғамбарымыздың көп үйленуі жек бас қалауына қатысты емес, пайғамбарлық міндетіне қатысты жәйт болатын. Бұған және исламдағы әйел мәртебесіне қатысты ислами әдебиеттерде көптеген дәйектер келтірілгендіктен бұл мәселеге ұзын-сонар тоқталып жатпай-ақ, мәселені қысқа қайыруға тырысайын.

Әйел дегенде тек қана қарсы жынысты ойламау керек. Әйел – ана, әйел – қыз, ол – қарындас, ол – әпке. Яғни, адамзат тіршілігінің негізгі ұйытқылырының бірі ретінде қарап, осы тұрғыдан бағамдау керек. Құран кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың өзге хадистеріндегі әйелдерге қатысты пайымдарды біртұтастық шеңберінде алып қарасақ бұған толықтай көз жеткіземіз.

Пайғамбарымыздың жоғарыдағы сөздері Құрандағы «Адамдарға әйелдер, балалар, алтын-күміс байлықтар, бағалы аттар, мал және егіндер секілді қызық қалауларға назар салу әдемі етіп көрсетілді» деген аяттың («Али Имран» сүресі, 14-аят) мағынасымен толықтай үйлеседі. Осы аятта тек әйелдер емес өзге де нәрселердің қатар аталуы әйелдерге тек қана жыныстық тұрғыдан қарамау керек екендігін ұқтырады.

Жоғарыда да айтып өткеніміздей әсіресе бәдәуи, мәдениеттен ұзақ бір қоғамды жаман иістерден алшақтату үшін «маған хош иіс жақсы көргізілді» дегені секілді Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол қараңғы қоғамда қандарына сіңіп қалған әйелдерді адам санатына қоспау, оларды алып-сатар мал-мүліктің орнына қойып, қор санау түсінігін жою үшін «маған әйел жақсы көргізілді» деген. Оны тәрбиесін алған сахабалар да «Пайғамбардың өзі әйелдерді құрметтеп, жақсы көретін болса, бізде солай жасауымыз қажет» деп бойларын түзеп, әйелдерге мүлдем басқаша қарай бастаған. Бұл қоғамда әйелге бұрын-соңды көрмеген мәртебеге қол жеткізуге мүмкүндік берді. Тіпті жаннаттың өзі аналардың аяқтарының астына төселді.

Пайғамбарымыздың «Қоштасу қажылығында» айтып кеткен соңғы өсиеттерінің ішінде «Әйелдермен қатынас мәселесінде Алладын қорқыңдар. Олар сендердің жандарыңдағы Алланың аманаты екенін ұмытпаңдар… Осының бәрін сендерге толық жеткіздім бе?» (Әбу Дәуіт, Мәнәсик, 57) деп ерекше атауы, соңғы демін берер кездің өзінде «әйелдерге жақсы қараңдар, намаздарыңды оқыңдар» деп байыз таппауы жоғарыда жақсы көргізілген нәрселерге қалай қарау керектігін тайға таңба басқандай түсіндіріп тұр. Сондықтан бүкіл ғұмырын өзі үшін емес, үмбетінің қияметке дейінгі жағдайын уайымдап, тіпті қияметтің өзінде үмбетінің барлығы жаннатқа кіргенше жанын қоярға жер таппай, ерекше уайымдайтын Адамзаттың асылы, Пайғамбарлар падишасының (Алланың мыдаған салауаты мен сәлемі ол кісіге болсын!) жоғарыдағы сөздерін басқаша түсінудің ешқандайда мәні жоқ.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ақиқа құрбанын енді шалсам бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    29
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    25
  • Дінтанушы: Терроризмнің алдын алу тек жазалау шараларынан тұрмауға тиіс

    20
  • Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

    19
  • Тарихи сана – діни экстремизмнің алдын алудың маңызды тетігі

    18

Соңғы жарияланымдар

О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремистік әрекеттерге итермелейтін факторлар

26.08.2026
Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны мен қауіп-қатері
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны мен қауіп-қатері

26.08.2026
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

25.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00