Бейсенбі, 23 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Астана» медресесі

17.08.2013
- Ислам
0
459
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Оқу орнының толық атауы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің«Астана медресесі» жеке мекемесі

Мекен-жайы:Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36 үй.

Меншік түрі:Жеке мекеме.

Байланыс телефондары: 24 46 44, 24 30 44, факс 24 46 29

Тазалық – иманнан, таза қоғам – мұсылманнан

Тазалық – иманнан, таза қоғам – мұсылманнан

18.04.2026

Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

15.04.2026

«Астана медресесі» жеке мекемесі Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы №36-да орналасқан. Астана медресесі 2007 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ашылды. Медресенің оқу процесі – күндізгі, мерзімі – 2 жыл 10 ай. Астана медресесінің құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Астана медресесінің демеушілігін «Қазақстан – 2030» жастарды қолдау қоғамдық қоры» атқарады, осы мақсатта Қор мен Құрылтайшы арасында өзара келісімшарт жасалған.

Медресе Әділет министрлігінде тіркелген (№5024-1900-ДБ Астана қаласы, 2007ж. 30 қараша). ҚР Білім және ғылым министрлігінен алған мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензиясы (№0064030 Серия АБ, Астана қаласы, 2008ж. 27 қыркүйек) бар.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Астана медресесі жеке мекеме ретінде 2013 жылы 30 қаңтарда Астана қаласы Әділет департаментінен қайта тіркеуден өтті.

2007 жылы ашылған Астана медресесі қазір біршама тәжірибе жинақтаған беделді оқу орнына айналып үлгерді. Медреседе штат бойынша 4, штаттан тыс 11 оқытушы сабақ береді. Сонымен қатар Құрылтайшы мен Мысыр елінің «Әл-Әзһар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде келген 2 араб оқытушы жұмыс істеуде. 2 оқытушының докторлық (тарих, филология, философия салалары бойынша), 1 оқытушының кандидаттық (филология), 1 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар. Басқа оқытушылардың барлығы жоғары білімді, негізінен «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің, Халықаралық Қазақ-Араб университетінің, Ташкент ислам институтының, Ташкент ислам университетінің түлектері. Ұстаздардың базалық білімі, мамандану деңгейі орта діни оқу орны, яғни медресе оқытушысына қойылатын жүйелі діни білім беру талаптарына сай. Әрбір оқытушының өз пәндеріне арналған Жұмысшы оқу бағдарламасы, дербес жұмыс жоспарлары жасалған. Штаттық жылдық оқу жүктемелері медресенің оқу бөлімі тарапынан бекітілген. Медресенің оқыту жоспарына мемлекеттік стандартқа сәйкес зайырлы пәндер енгізілген.

Медреседе оқытылатын барлық оқулықтар, әдебиеттер мен оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы тарапынан бекітілген. Олар ханафи мазхабының ұстанымдарымен толық сәйкес келеді деп құпталған. «Ақида» пәнін жүргізу барысында Матуриди еңбектері негізге алынады. Өзге ақида өкілдерінің көзқарастары салыстырмалы түрде түсіндіріліп, Матуриди ақидасынан ерекшеліктері көрсетіліп отырады. Фикһ пәнін оқытуда ханафи мазхабы өкілдерінің еңбектері мен осы бағыттағы жинақтар пайдаланылады.

Медресе кітапханасы жеке ғимаратта орналасқан, жалпы алаңы – 190 шаршы метр. Кітапханада арнайы оқу залы бар. Медресенің жалпы кітап қоры 3000-ға жуық. Ислам діні саласындағы кітаптармен молынан қамтылған кітапхана қорында сонымен қатар экстремистік бағыттағы діни ағымдардың теріс идеологиясын ашып көрсететін маңызды әдебиеттер де бар. 2009 жылы кітапхана қорын байыту мақсатында медресе ұстаздары жергілікті демеушілердің көмегімен араб мемлекеттеріне арнайы іссапармен барып, 1500-ге жуық араб тіліндегі танымал оқулықтарды әкелген. 2011 жылдың қаңтарында Түркия Республикасынан да көптеген діни әдебиеттер әкелінген.

Медресенің әрбір оқу жылына арналған мәдени және тәрбие істерінің жоспары жеке бекітіледі. Медреседе түрлі тақырыптағы сұхбаттар, тәлімгерлік дәрістер, мерекелік шаралар, сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Студенттерге арнайы компьютер бөлмесі жабдықталған.

Медресенің 100 орындық толық жабдықталған жатақханасы бар. Шәкірттер оқу орнының басшылығы бекіткен күн тәртібіне сәйкес білім алады. Медреседе үш мезгіл тамақ беріледі. Шәкірттерге бос уақытында кітапханада отырып, сабаққа дайындалуға, теледидар көруге, компьютер бөлмесінде жұмыс істеуге жағдай жасалған.

2007-2010 оқу жылында медресені 24 шәкірт, 2008-2011 оқу жылында 29 шәкірт, 2009-2012 оқу жылында 18 шәкірт бітіріп, толығымен жұмыспен қамтылды. 20 шәкірт «Нұр» Қазақ-египет ислам университетіне арнайы жолдама алып, білімін оқу грантымен жалғастыруда. Бүгінгі таңда медреседе 110 шәкірт білім алуда. 

0d5ac959e887f38620b2e3904dde7072.jpg

Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Желідегі жасырын жанашырлар
Видео

Желідегі жасырын жанашырлар

22.04.2026
Ғибратты әңгімелер

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122965 бөлісті
    Бөлісу 49186 Твитерге 30741
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    455 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5247 бөлісті
    Бөлісу 2098 Твитерге 1312
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3070 бөлісті
    Бөлісу 1228 Твитерге 768

Соңғы жарияланымдар

Желідегі жасырын жанашырлар
Видео

Желідегі жасырын жанашырлар

22.04.2026
Ғибратты әңгімелер

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00