Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Халал туралы

17.08.2013
- Ислам
0
179
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

Аллаһқа мадақ болсын! Пайғамбарымызға салауат болсын!

Ислам – мұсылмандарға өмірдің барлық саласын түгел қамтып басшылық жасайтын шариғат шеңберін айқын көрсетіп берген дін. Шариғат заңнамасының негізгі қайнар көзі саналатын Қасиетті Құран кәрім мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сүннетінде нақты не жанама түрде ескерілмей, қалыс қалған ешбір сала жоқ.

Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

24.09.2026
Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам

Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

22.09.2026

Бұл екі негізде нақты аталмаған іс-әрекеттердің үкімі ижмағ (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейінгі кез келген дәуірде оның үмметінен саналатын ірі мүжтаһид ғалымдардың белгілі бір діни үкім жайлы бірауыздан келісімге келуі) немесе қияс (Құран, сүннет және ижмағта үкімі белгіленбеген мәселелер жайлы осы қайнар көздердің бірінде айтылған ұқсас дәйектермен салыстыра отырып үкім шығару) бойынша анықталады.

Халал – барша мұсылмандардың күнделікті тыныс-тіршілігіне  қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын тек Ислам дініне тән ұғым.

«Халал» термині қазақ тіліне аударғанда «рұқсат етілген», «тыйым салынбаған», «мақұлданған» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ «халал» – «шариғат бойынша жасауға болады» деген нақты діни үкімнің атауы.

Халал шеңберінің аясы кең. Оның бір саласы мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты. Қасиетті  Құран кәрімде: «Ей,  иман келтіргендер!  Біз  ризықтандырған  (адал)  тағамдарды жеңдер. Аллаһ тағалаға шүкіршілік етіңдер. Оған ғана құлшылық етіңдер»,  («Бақара» сүресі, 172-аят) – делінген.

 «Халал» термині  ИЫҰ–на мүше елдердің арасында  тек мұсылмандарға  арналған  (адал)  тағамның белгісі ретінде қолданылады. Бұл ИЫҰ-ның  стандарттарында  арнайы бекітілген (Халал тағамдардың жалпы нормалары  IRIC MHS 0110   16 қазан, 2009 жыл).

Анықтама үшін:

Бүгінде  Ислам  Ынтымақтастығы  Ұйымына  1,5 миллиард халқы бар
57 мемлекет  мүше.  Қазақстан Республикасы 2011 жылы ИЫҰ-ның жарғысын ратификациялады.  

Халықаралық талаптарға  негізделген Малайзияның MS 1500:2004  стандарты  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік еркін стандарттар тізіміне  енген. Ал,  оның қайнар көзі – қасиетті Құран кәрім.

Алимантариус кодексі  комиссиясының стандарттары – діни сипатқа ие өнім өндіру –  тек діни құзіретті мекеменің рұқсаты негізінде жүзеге асырылуын  қамтамасыз ететін  тауар шығару мен қызмет көрсетудің техникалық құжаттары.  Алимантариус кодексі  комиссиясы ұйымына Қазақстан Республикасы 2002 жылдан бастап мүше.  Аталмыш құжатта  халал терминіне  мынадай анықтама берілген: «Ислам заңдары (шариғат) бойынша (мұсылмандардың ішіп-жеуі үшін)  мақұлданған  тағам түрлері».

«Халал» термині адал тамақ өндірісін және мұсылмандардың мал сойған  кездегі діни рәсімін  де білдіреді.  Бұл Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни ұйымдар» туралы 2011 жылғы 11-қазандағы заңымен реттелуі тиіс. Сондай-ақ ел мұсылмандары халал өнімдерді тұтынып, өндіруде Қазақстан мұсылмандарды діни басқармасының пәтуәсын тікелей басшылыққа алып әрі оның бақылап, қадағалауымен жүзеге асыруы қажет.

Анығын Аллаһ жақсы біледі.

Шейх-ул-Ислам  Мұхаммед-Хусейн қажы Алсабеков,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

төрағасының орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуә бөлімі

 

Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді
Видео

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді

29.09.2026
Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады
Жаңалықтар

Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады

28.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шәһид үкімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

    86
  • «Бұл да бір күні өтеді…»

    29
  • Құбылаға қарап намаз оқу міндет пе?

    27
  • 25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні

    26
  • «Ой, папа, болды!..»

    23

Соңғы жарияланымдар

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді
Видео

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді

29.09.2026
Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады
Жаңалықтар

Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады

28.09.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Намаздағы ықылас

28.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00