Сәрсенбі, 27 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлт пен дін

03.02.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
437
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін дегеніміз – Сенім әрі өмір сүру салты; Бақытқа жеткізер Өмір Жолы. Ал Ұлт немесе Халық – адам сомдайтын Қалып, азамат қалыптастыратын рухани Орта.

Дін – Ұлтты қалыптастыратын һәм сақтайтын мына жеті негіздің бірегейі: тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы, өнері, атамекені, мемлекеті. Бұл жетеуін тағы жинақтай түссек, онда Ұлттың үш негізі шығады: Мекені, Байлығы, Мәдениеті. Яғни Территориясы, Экономикасы, Идеологиясы қалыптаспаған халық Ел болып ұйысып, Мемлекет болып тұтастыққа, Бірлікке жете алмайды. Ал бұл үшеуінің ішіндегі басты тұғыр – мәдениет-идеология саласы. Өйткені, пендені Адам қылатын нәрсе – рух болса, ұлттың өзегі – рухани құндылықтарында. Яғни, Ұлт дегеніміз – рухани бірлік, адами ерліктің нәтижесі!

Пайғамбар хадисінде «жаңбыр» образында суреттелген Дін «ұлт» топырағына сіңіп, өзіндік бейнесінде бүр жарып, гүлденеді. Сол себепті Нәр (дін) – біреу болғанымен, жеміс (ұлт мәдениеті) – бөлек. Өмір сонысымен қызық! Алла Тағаланың шеберлігі мен даналығы да осында!..

Сондықтан дін мен ұлтты қарсы қою, екі бөлек бөлек дүние секілді елестету қандай қателік болса, басқа топырақтан (ұлттан) әкелінген діни білімді талғамсыз-таразысыз қабылдау да – сондай қателік. Хақ дін Ислам әрбір ұлттың төл мәдениеті болғанын, өз болмысын сақтағанын, адамзаттық өркениетті өзіндік өрнегімен байытқанын, барлық ұлттың бір-бірімен жақсылықтың жолында жарысқанын құптайды.

Иә, түбінде бір ата-анадан тарағанымызбен, Алла Тағаланың даналығына сәйкес, дәстүріміз бен дініміз, түріміз бен тіліміз – бөлек-бөлек қауымбыз. Қасиетті Құранның мына аяты діни сенім мен ұлттық ерекшелік те – пенденің өтер сынағының бір қыры екенін дәйектейді: «Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үмбет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің – Алланың алды. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді» («Мәида» сүресі, 48-аят).

Тілінен айырылған жұрт – санасынан сансырап, мәңгүртке айналса, дінінен айырылған ел де – рухани өзегінен ажырап, санасыз тобырға айналады. Өйткені дін – халықтың дүниетанымы мен сана-сезімін, қам-харекетін бір арнаға тоғыстырушы, бір мақсатқа жұмылдырушы қасиет-қуат. Кезінде түрік тектес халықтардың құрамында болған, бірақ басқа сенім-нанымды қабылдағаны себепті, өз тамырынан ажырап қалған хакас, тува, якут секілді ұлттардың аянышты тағдыры – тарих сабағы.

Ұлтыңа ұл болу – Жаратқанға құл болудың шарты. Өйткені, ұлтыңа ұл болу – өзімшіл нәпсінің құрсауынан құтылғанда, отбасылық тұйықтық пен әулеттік мақтаннан, рулық-жүздік жіктелуден жоғары көтеріле алғанда ғана; әр қандас бауырыңа мейірім мен әділет тұрғысынан қарай алған кезде ғана жүзеге аспақ. Асыл дініміздің талабын былай түйіндесек болады: «Әр адам – менің бауырым, әр қазақ – менің жалғызым!»

Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023

Хақ дін Ислам ұлттық намыс пен абыройды қолдағанымен, нәсілдік, ұлттық, тектік астамшылыққа тыйым салады. Жеке адамның тәкаппарлығы секілді,  шектен шыққан надан ұлтшылдықты айыптайды: «Уа, мүміндер! Бір ел бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді кемсітпеңдер, жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін, бұзық ат тағу – нендей жаман! Ал кім тәубе қылмаса, міне солар – залымдар» (Құран, «Хужурат» сүресі, 11-аят).

Ислам қағидасы бойынша тегіңнен, ұлтыңнан бас тарту – зор күнә болып есептеледі. Бұл жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) былай дейді: «Қайсыбір кісі, біле тұра, өз әкесінен басқаның баласымын деп жарияласа – кәпір болғаны, ал кімде-кім өзін тектік қатысы болмаған «бір қауымнанмын» деп жарияласа – тозақтан орынын дайындай берсін» (Бухари жеткізген хадис).

Мұсылман адам өз тағдырын халқының тағдырымен қабыстырып, отанының өркендеуіне, рухани гүлденуіне өзін жауапкер сезінуі тиіс. Өйткені, ата дініміз бес нәрсені: дініңді, ар-намысыңды, жаныңды және ұрпағың мен дүниеңді қызғыштай қорғауды міндеттейді. Осы құндылықтарды қорғау жолында қайтыс болғандар шейіт саналады. Сол себепті өскелең ұрпаққа бала жасынан, жан-тәні мен мал-мүлкін қорғағанындай, тілін, дінін, салт-санасын, отанын қорғауды ұлттық құндылық ретінде сіңіру – тәлім-тәрбиенің негізі.

Ұлттың өркендеуі – оның әрбір өкіліне тікелей байланысты. Ұлтыңды сүю – оның тарихын, атамекенін, тілі мен дінін, салт-дәстүрі мен мінезін және еліңе қатысты барлық құндылықтарды сүю деген сөз; өз ел-жұртыңның бүгіні мен келешегі үшін жауапкершілік арқалап, саудасыз тер төгу деген сөз.

Иә, атасының қаны мен анасының көз жасы сіңген ата жұртын; ойын өсірген, жандүниесін жетілдірген ана тілін; жан-ділін қалыптастырған ата дінін сүймеген, қадірлемеген  жан – адамшылықтың мәнін, имандылықтың сәнін түсіне алмаған жан…

Туған еліміздің тағдырымен тамырластықты сезіну, оның абыройы үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз, асыл мұратымыз! Тәуелсіздік тұғыры – бәрімізге аманат!…

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Тегтер: Алғадай Әбілғазыұлыбасты тақырыпдінотанОтаншылдықпатриотизмұлт
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды
Сұрақ-жауап

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды

27.09.2023
Сұрақ-жауап

Отан артық па, Мекке артық па?

26.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Маңғыстау облысы: Балалар үйінде тәттілер таратты

Маңғыстау облысы: Балалар үйінде тәттілер таратты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1555 рет бөліскен
    Бөлісу 622 Твитерге 389
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    837 рет бөліскен
    Бөлісу 335 Твитерге 209
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4982 рет бөліскен
    Бөлісу 1991 Твитерге 1244
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7528 рет бөліскен
    Бөлісу 3011 Твитерге 1882
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2178 рет бөліскен
    Бөлісу 871 Твитерге 544

Соңғы жарияланымдар

Қазақтың киіз үйі Словакияның тарихи орталығына тігілді

27.09.2023
0
Қазақстандағы дін мен дәстүр сабақтастығы

Толығырақ оқу

30 күн тәтті жемеу оң нәтижеге жеткізеді

27.09.2023
0

Толығырақ оқу

Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

27.09.2023
0
Бас мүфти: Сауд Арабиясымен тығыз қарым-қатынастамыз

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00