Сенбі, 23 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

“Телефон террористері”: мақсаты және жазасы

06.09.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
45
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Терроризм – елдің тынышты­ғын бұзу, қоғамды үрейге бө­леу мақсатында жасалатын қылмыстық әрекет болса, тер­ро­ристік актілер туралы жал­ған хабарлама берудің әсері одан кем емес. Құқық қор­ғау құрылымдарының тиімді жұмыс жүргізуі арқасында ел-жұрт жарылыстар мен атыс-шабыстан аман. Алай­да жалған хабарлама беріп, жұртты дүрліктіретін бұзақы­лар­дың әрекеті тыйылар емес.

Бұзақылар көпшілік орындарды таңдайды

Мұндай қылмыстардың ел ішінде қорқыныш пен үрей туғызатыны өз алдына, одан бөлек мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысына кедергі келтіріп, орасан зор шығынға батыратыны белгілі. «Жарылғыш зат қойылды» деп хабарланған ұйым­ның, мәселен әуежайлар мен сау­да орындарының жұмыс кес­тесін бұзып, ұшақтардың ұшу уақы­ты­ның кешігуіне немесе сауда-сат­тық­тың тоқтауына түрткі болады. ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қи­мыл департаменті 1-басқарма бас­ты­ғының орынбасары, полиция пол­ков­нигі Алмас Талқанбаевтың айтуынша, тәртіп сақшыларының осын­дай жалған шақыртуға бір рет шы­ғуының өзіне 200-300 мың тең­ге көлемінде қаражат жұмсалады екен. Ал ірі сауда орталықтарының жұ­мысы тоқтаса, әр сағат сайын миллиондаған теңге шығын келе­ді. Қылмыстық істерді тергеу бары­сында мемлекетке келтірілген мате­риалдық залалдың өзі жыл сайын 500 мыңнан бастап 2 млн теңгеге дейінгі соманы құрады.

Ғимаратқа жарылғыш зат қойыл­­ғаны туралы хабарлама түскенде оның рас не жалған еке­нін бірден анықтау мүмкін емес. Мұндай «жа­рыл­ғыш заттарды» қоюға қоғамдық дүмпу тудыру үшін адам көп жүретін қоғамдық орындар мен мекемелер әдейі таңдалады. Мәселен, сауда орындары, университеттер, мектептер, базарлар, мемлекеттік мекемелер, т.б. Сондықтан болуы ықтимал апаттың және адам шығынының алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарына барынша жедел әрекет етуге тура келеді. Ең алдымен, адам­дардың бәрін қауіпті аймақтан эвакуациялайды. Сосын ғимаратты бірнеше сағатқа жауып, арнайы мамандар хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін ғимараттың ішін түгел­дей тексереді. Ол жерге полиция­дан бөлек, ұлттық қауіпсіздік орган­да­рының, өртке қарсы қызмет және медициналық жедел жәрдем күш-құралдары жұмылдырылады. Осы­лайша, жарылғыш затты іздеу және оның салдарын болдырмау үшін кезек күттірмейтін шаралар қабылданады.

Жалпы айта кету керек, бүгінге дейін елімізде телефон арқылы түскен жалған хабарламалардың бар­лығы да расталған жоқ, яғни өтірік болып шықты. Алайда «құ­мыра да мың күнде сынбайды, бір күнде сынады». Әрбір келіп түскен ақпаратқа селқос қарамай, жіті тексерілуі керек. Өйткені оның артында, ең біріншіден, адам өмірі мен денсаулығы тұр.

Себепте шек жоқ…

Жалған хабарлама жасайтын бұзақылар мұндай оқиғаның салдары қаншалықты ауыр болатынын әсте біле бермеуі мүмкін, білсе де оған салғырт қарайды. Мысалы, көпшілік орында тез арада сыртқа шығу туралы дабыл берілгенде адамдар қорқыныштан бір-бірін итеріп, тапап мертігіп қалуы ғажап емес. Олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедектер, кішкентай балалар да болуы мүмкін. Бұл жағдай олардың денсаулығына ғана емес, психологиясына да кері әсерін тигізеді.

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

Мамандардың айтуынша, мұн­дай қылмыстарды көбіне ерік­кен жастар мен жасөспірімдер және өз әрекетіне есеп бере алмайтын мас адамдар жасайтын көрінеді. Мысалы, бұған дейінгі жағдайларға қарасақ, белгілі бір мекеменің басшылығынан кек алу, мектептегі сабаққа қатыспау секілді себептермен, тіпті жай ғана ерігіп отырып осындай қадамдарға барғандар көп. Кәмелетке толма­ған жасөспірімдер көбінесе дос­тарының алдында өзінің батыр екенін көрсету, тәуекелге бара алатынын, шешім қабылдай алатынын дәлелдеу немесе үй тапсырмасын орындамағандықтан сабаққа қатыспау үшін «жалған қоңырау» шалады екен. Ал терро­ристік акт туралы көрінеу хабарлама жасайтын ересектер көбіне алкогольді ішімдікке мас немесе психикасы бұзылған адамдар болып келеді. Олар мұндай қылмыстарды бұзақылық және пайдакүнем ниетпен істейді. Мысалы, нақты деректерге сүйенсек, кейінгі 5 жылда жалған хабарлама бергендердің 48-55 пайызы бұл қылықты мас күйінде жасаған.

«Жалған террористің» әлеумет­тік портретіне келетін болсақ, бар­лық қылмыстың 88 пайызын жұмыс­сыздар жасаған. Кейінгі 10 жылда жалпы саны 592 адам ұсталған болса, солардың 450-і, яғни 76 пайызы еш жерде тұрақты жұмыс істемейтіндер болып шық­ты. Сондай-ақ олардың арасында 55 мектеп оқушысы да бар», дейді полиция полковнигі Алмас Талқанбаев.

Бұрын террористік акт туралы жалған хабарламалар көбіне көшедегі таксофондар арқылы түсетін болса, қазір басым көп­шілігі, яғни 85 пайызы ұялы те­лефон арқылы хабарланады. Ақ­параттық технологиялардың да­муы­на байланысты интернет арқы­лы келіп түскен хабарламалар да бар. Олардың үлес салмағы – 8 пайыз шамасында.

Тағы бір айта кетер мәселе, көбіне мұндай «қоңыраулар» жарылғыш затпен байланысты болғанымен, арасында басқа да қауіпті жағдайлар жайында телефон шалатындар бар. Мысалы, биыл мамыр айында Балқаш қаласының полициясына белгісіз бір адам хабарласып, мектептердің бірінде террористердің жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, хабарламаның жалған екенін анықтады. Кейін 8-сынып оқушысының әзілдеп қоңырау шалғаны анықталып, оның ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қандай жаза қарастырылған?

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары мұндай қылмыстарға қарсы күресу үшін заманауи техникалық құралдармен толыққанды жабдық­талған. Қоңырау шалған адам дау­сын өзгертіп сөйлесе де, сим-кар­тасы мен телефонын ауыстырса да, қазіргі құрал-жабдықтар қыл­мыскерді анық­тап ұстауға то­лық мүмкіндік береді. Оған бұза­қы­лардың 90 пайыздан астамы бір тәуліктің ішінде «ізі суымай» табылып жатуы айқын дәлел.

Бұрын таксофон арқылы қоңы­рау шалған адамды іздеп табу қиындық туғызатын болса, қазіргі ақпараттық технологиялармен жасалған кез кел­­ген әрекеттің ізін жасыру мүм­кін емес. Сондықтан болар, статис­ти­ка­ға жүгінсек, кейінгі 10 жылда осы санаттағы қылмыстардың едәуір азайғанын байқауға болады. Мыса­лы, 2011 жылы елімізде 123 факт тіркелсе, 2022 жылы небәрі 50 адам «әзілдеп» қоңырау шалған. Ал биыл 8 айдың ішінде 52 қылмыстық іс тір­кел­се, оның 28-і сотқа жолданып үлгерген.

«Қазіргі уақытта 16 адамға қа­тысты үкім шығарылды, оның ішінде 5-еуі бас бостандығынан айы­ру жазасына сотталса, 8 адамның бас бостандығына шектеу қойылды. Екі азаматқа қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасы қабылданды. 1 кә­мелетке толмаған балаға қатыс­ты тәрбиелік бағыттағы шаралар қолда­нылды. Жалпы айта кету керек, елімізде террористік акті туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу (14,5 млн теңге) немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да білуге тиіс. Сонымен қатар сот шешімімен осы істің кесірінен келтірілген барлық шығын өтеледі. Егер оны кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі», дейді Алмас Талқанбаев.

ІІМ өкілі «бәленше жерге бомба қойылды» деп жалған хабарлама беріп, бүкіл елді дүрліктіру әзіл де, ермек те, батырлық та емес, ол қылмыстық жауапкершілікке алып келетін ақымақ әрекет екенін еске салып өтті. «Жалған хабарлама жасалды ма, болды, бұл аяқталған қылмыс деп саналады. Жасарын жасап алып, кейін қанша өкінсе де, қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайды. Жастар жағы мұндай жауапсыз әрекеттердің өз өмірін бүлдіріп қана қоймай, оның отбасына, ата-анасының абыройына нұқсан келтіретінін есте сақтауға тиіс. Одан кейін қанша бармақ тістесең де, ештеңені өзгерте алмайсың», дейді полиция полковнигі.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Тегтер: басты тақырыпЕскендір Зұлқарнайжалған көрінеу хабарламақылмыстелефон террористері
Бөлісу1Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Тоқаев: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын

20.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қосшыда жаңа мешіт ашылады

Қосшыда жаңа мешіт ашылады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1493 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00