Сенбі, 23 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Соңғы 100 жылда болған ең ірі 10 зілзала

07.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
271
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кеше Жерорта теңізі аумағында орын алған ірі жер сілкінісі салдарынан Түркия мен Сирияда 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам зардап шекті. Зілзала Израиль, Ливан, Иордания, Ирак, Қазақстан, Пәкістан, Кипр елдерінде және армян-грузин шекарасында сезілген. Бұл апат соңғы жылдардағы ең жойқын әрі адам шығыны көп жер сілкінісі ретінде тіркеліп отыр.

Осы орайда біз соңғы ғасырдағы ең орасан 10 жер сілкінісін бір еске түсіруді жөн көрдік.

  1. Таншань зілзаласы, Қытай

1976 жылы 28 шілдеде Қытайдың Таншань қаласында болған жел сілкінісінің қуаты 7,8 баллды құрады. Алғашқы сілкіністен кейін-ақ қаладағы құрылыстардың 90% қирап, 242 419 адам қаза тапты. Ресми емес деректер бойынша 655 мың адам өлген. Осынша көп адам шығыны болуы зілзаланың түнде орын алуымен байланысты екені айтылады. Апат басталғанда барлық адам ұйқыда жатқан болатын.

2. Гаити зілзаласы.

2010 жылы 12 қаңтарда Гаити Республикасында орын алған зілзала 222 570 адамның өмірін жалмады. 311 мыңнан астам адам жарақат алды. 869 адам із-түзсіз жоғалған.

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

Зілзаладан келген шығын – 5,6 миллиард евро.

3. Токио зілзаласы

Осыдан тура 100 жыл бұрын, 1923 жылдың 1 қыркүйек күні жапонның Канто аймағында болған аса ірі жер сілкінісі Токио және Йокогама қалаларын жермен жексен етті. Қаза тапқан адамдар саны 174 мыңнан асты. 542 мың адам жоғалды. Жалпы зардап шеккендер саны – 4 миллион адам. 381 мың үй-жай мен құрылыс қирады.

4. Үнді мұхитындағы зілзала

2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында Суматра аралына жақын жерде болған жер сілкінісі шамамен 228 мыңнан 300 мыңға дейін адам өмірін қиды. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі үш зілзаланың бірі саналады. Одан әсіресе Индонезия қатты зардап шекті.

Су астында болған жер сілкінісі салдарынан цунами пайда болып, 14 мемлекеттің жағалауын талқандады. Тіпті зілзала болған жерден 7 мың шақырым қашықтықта жатқан Оңтүстік Африка Республикасының Порт-Элизабет қаласына да жетті. Ал ең жақын жердегі Суматра аралына жеткен цунамидің биіктігі 20 метрден асты.

5. Чили зілзаласы

1960 жылы 22 мамырда «Ұлы Чили зілзаласы» деп аталатын табиғат апаты орын алды. Магнитудасы 9,5 баллды құраған жер сілкінісі 200 мың шаршы шақырым аумақты қамтыды. Салдарынан биікті 10 метрден асатын цунами туындады.

Бұл зілзала Чилидің халық аз қоныстанған аумағында орын алғандықтан адам шығыны жоғарыдағы алапат апаттармен салыстырғанда көп болған жоқ. Дегенмен 6,5 мың адамның өмірін қиды.

6. Хонсю зілзаласы

2011 жылдың 11 наурыз күні болған табиғат апаты жапон тарихындағы ең ірі зілзала саналады. Оның магнитудасы 9,1 баллды құрады. Ресми деректер бойынша 5 мың адам қайтыс болған, бірақ бұл нақты дерек емес.

7. Кветта зілзаласы

1936 жылы Пәкістанда болған зілзала салдарынан 40 мың адам қаза тапты. Келген шығын 25 миллион АҚШ долларын құрады.

8. Чимботе зілзаласы

YUNGAY

1970 жылы Перудің Чимботе қаласында болған зілзала 7,7 баллды құрап, 67 мың адамның өмірін жалмады. 550 миллион доллар шығын келді.

9. Сычуань зілзаласы

2008 жылы 12 мамырда Қытайдың Сычуань провинциясында болған зілзаланың қуаты 8 баллды құрады. 68 мың адам қаза тауып, 20 миллиард доллардан астам шығын келді.

10. Спитак зілзаласы

1988 жылы 7 желтоқсанда Арменияда болған жер сілкінісі Спитак қаласы мен 58 ауылды жермен жексен етті. 25 мың адам қаза тауып, 514 мың адам баспанасыз қалды. 14 миллиард доллардан астам шығын келді.

Тегтер: жер сілкінісізілзалатабиғат апатыТүркия
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ердоған Илон Маскке өтініш жасады
Жаңалықтар

Ердоған Илон Маскке өтініш жасады

19.09.2023
Есектің үстіндегі “жылжымалы” кітапхана
Жаңалықтар

Есектің үстіндегі “жылжымалы” кітапхана

13.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
“Зекет” қоры үйі өртенген отбасыға жаңа баспана сыйлады

"Зекет" қоры үйі өртенген отбасыға жаңа баспана сыйлады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1493 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4961 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00