Сұрақ: Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?

Жауап: Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін. Бұлай қыз бен ұл баланың жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады.

Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған. Ол мүбәрак хадисінде: «Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады», – деген. (Термези  2165.)

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Беретін садақаның мөлшері бар ма?

Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ» (Табари 20/212, 487.)

Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте былай делінеді: «Аллаға серт: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес» (Бұхари 6674, Мүсілім 3470, Термези 3228, Ибн Мәжә 2866, Ахмад 23685.)

Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін.

Пікір жазу