Сенбі, 23 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отбасылы әйел өзге біреуді сүйіп қалса…

18.09.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
43
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде дін уағызшысынан біреу «махаббат харам ба, халал ма?» деп сұрады. Сонда ол: «Халал махаббат – халал. Харам махаббат – харам» деп жауап берді. Әрине мұндай жауапты тапқырлық немесе ешкімге белгісіз сыр деп айтпас едім. Бірақ ондай сауалдың тоқ етері осы еді.

Дінімізде халал нәрселер белгілі, харам нәрселер де белгілі, ал ол екеуінің арасында күмәнді нәрселер бар, оны тек ғалымдар ғана біле алады. Күйеуінің әйелін, әйелі күйеуін немесе жігіт қалындығын, қалындығы жігітін жақсы көруі – белгілі халал. Ал ер адамның өзгенің әйелін жақсы көріп қалуы – белгілі харам.

Біреудің әйелін жақсы көру – біреудің әйелінің көңілін алдандырып, ойын бұзады, оның күйеуіне суытады. Мұндай махаббаттың арты – әйелдің күйеуіне қиянат жасауына алып келуі мүмкін. Қиянатқа алып келмесе де, оның өмірін бейберекет күйге ендіріп, ерлі-зайыптылық өмірінің тынышын бұзады.

Біреудің әйелін күйеуіне суытқан адамға қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім өзгенің әйелінің күйеуіне деген көңілін бұзса, ол бізден емес» деген болатын.

Күйеуі бар әйелдің басқа бір еркекті жақсы көріп қалуы да осындай нәтижелерді тудырады. Жатса-тұрса соны ойлап, өзінің некелі жарына көңілі толмай, оған суып, көңілі ұзақтай береді. Оның арты шариғатта харам болып саналатын қарым-қатынастарға алып келеді. Атап айтқанда, оған қарау, онымен оңаша қалу, кездесу деген сияқты. Ал бұндай істер өз кезегінде үлкен күнәға жетелері сөзсіз, яғни, күйеуінің көзіне шөп салу күнәсіна. Тіпті, мұндай тірлікке бармаған күннің өзінде, әйелдің басы қатып, жаны қиналып, жүйкесі жұқарады және нәпсісінің жетегінде кетіп, қараптан қарап отбасылық өмірі лайланады.

Қасиетті Құран Кәрім бізге бір жас жігітті жақсы көріп қалған отбасылы әйелдің оқиғасын баяндаған. (Юсуф сүресі). Оның ол махаббаты оны құдайға да, адамға да жақпайтын әбес тірліктерге итермелеген еді. Ол әйел – Мысыр билеушісінің әйелі болатын. Ал жігіт деп отырғанымыз – Юсуф пайғамбар.

Әйел сұлу жігітті, яғни, жас Юсуф пайғамбарды түрлі жолмен өзіне қаратуға тырысты. Оған деген сезімін ашықтан ашық білдірді. Тіпті жігіт ыңғай танытса күйеуінің көзіне шөп салуға дейін дайын болды. Алайда, көңілі кіршіксіз және ойы кіршіксіз болған пәк жігіт, сұлу әйелдің қалауына көнбеді, сонда ызаланған әміршінің әйелі оған жала жауып, түрмеге қаматады. («Юсуф» сүресі, 32 аят)…

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

Зина ісі – Исламда ауыр күнә, үлкен азғындық болып саналады, әсіресе, отбасылы адамдардың ондай күнәға барулары екі есе күнә болмақ. Сондықтан да, отбасылы адамдарға тағайындалған зина жазасы, бойдақтарға берілетін жазаға қарағанда ауыр.

Ендеше әйел кісі өзінің Құдай қосқан жарына ғана жүрегін арнап, одан өзгеге көзін сүзбеуі тиіс. Әйел кісі барынша күйеуіне құштарлығын аударып, түрлі бүліктердің есіктерін жапқаны дұрыс. Шайтанның азғыруына жол бермеуі тиіс. Егеряки, біреуге деген сезім оты тұтана қалса, алауламай тұрғанда өшіріп тастауы ләзім. Ол үшін оны көрмей, онымен сөйлеспей т.б. осы сияқты оған деген сезімді қайта тұтатар әртүрлі алғы шарттардың көзін жою тиіс. Мақалда айтылғандай: «көзден жырақ болған, көңілден де жырақ болады».

Сондай-ақ, өзін бір нәрселермен шұғылдандырып, бос уақыт қалдырмауы тиіс. Бос уақыты көбейген сайын көптеген әбес тірліктер де ойға келе береді. Одан кейін, Құдайға жалбарынып, өзгеге деген сезімді көңіленен алып тастап, оның орнына күйеуіне деген сүйіспеншілікті орнықтыруын сұрауы тиіс. Бұған көмектесер мына бір дұғаны жиі оқып жүргені абзал:

«Аллаhумма, уәффиқ бәйни уә бәйнә зәужи уәжмәъ бәйнәнә ъалә хайрин! Аллаhуммаж-ъальни қуррата ъайнин ли зәужий уәжъалһу қуррата ъайнин лий уә асъиднә маъә баъдинә! Уәжмәъ бәйнәнә ъалә хайрин. Аллаhуммаж-ъальний ли-зәужий кәмә юхиббу, уәж-ъальһу лий кәмә Ухиббу! Уәж-ъәлнә ләкә кәмә тухиббу! Уарзуқнәз зурриятәс солихатә кәмә нухиббу уә кәмә тухиббу!»

Қазақша мағынасы:

«Уа, Алла Тағалам! Мені мен күйеуімнің арасында үйлесімділік жарат. Екеумізді жақсылықта бірлестір. Уа, Алла Тағала! Мені күйеуіме көзайым ет. Оны да маған көзайым ет. Бірімізді, екіншімізбен бақытты ет және бізді жақсылықта бірлестір. Уа, Алла Тағала! Мені күйеуімнің қалауына сай ет, әрі ол да менің қалауыма сай болсын және екеумізді де сенің разы болатындай пенделерден ет! Екеумізге біз разы болатындай және Сен разы болатындай салиқалы перзент сыйла!» Әмин!

Алла Тағала отбасыларыңызға баяндылық берсін!

Қайнар көзі: islam.kz
Тегтер: Зинамахаббат
Бөлісу1Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Сахабаның махаббаты

03.07.2023
Ислам – табиғи дін
Қоғам

Махаббаттың қоғамдағы көрінісі – әділеттілік

09.06.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Судан ыдырау алдында тұр

Судан ыдырау алдында тұр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1493 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00