Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әдептілікті кімнен үйренді?

11.07.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
495
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын дәлелдейтін маңызды жайттардың бірі – бұны тек достары ғана емес, дұшпандары да мойындап әрі тәнтті болған әдептілігі. Бір адамды ең жақындары мен танымайтын ең ұзақтағы адамдар да бірауыздан мақұлдаса, бұл пікірде қателік болуы мүмкін емес.

Пайғамбарымыз «Хира» тауында алғаш рет Жәбірейіл періштемен сөйлескенде, үрейленіп үйге келіп, Хз. Хадишаға айтып, бір жамандық болып қала ма деп қорқатынын айтты. Хз. Хадиша оған: «Алла сені ешқашан жалғыз қалдырмайды. Өйткені сен кедейге жақсылық жасайсың, туған-туыстарыңа қамқор боласың, жетімдерді қорғайсың» деп, оның адамгершілігі туралы айтып жұбатады.

Әдетте ер адам, қыздарға ұсыныс беретін болса,  Хадиша анамыздың, Хз. Пайғамбарымызға үйлену туралы ұсыныс беруінің астарында жақсы мінез-құлқы мен тәрбиесіне тәнті болуы емес пе еді? Алла елшісінің көркем мінез-құлқын Пайғамбар болмай тұрып-ақ қабылдаған жоқ па? Мекке тұрғындары оған «Мұхаммедул-әмин (сенімді Мұхаммед)» деген лақап ат бергенін де білеміз.

Ал енді, дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына мойынсұнуға тоқталар болсақ. Оның дәуірінде өмір сүрген Әбу Суфиян мұсылман болғанға дейін Грек императоры Геракль, Араб түбегінде өзін пайғамбармын деп айтып жүрген адамның тұратын қаласынан келгендерден сұрауды мақсат етіп, сауда-саттықпен Әбу Суфиян және достарын сарайына шақырады.

Әбу Суфиянның өтірік айтпауына көз жеткізу үшін бірнеше қадам алға шығарып, Меккеден келген басқа адамдарды артына тізіп: «Мен бұл кісіге бірнеше сұрақ қоямын. Егер ол шындықты айтпаса, ескертіңдер мені» деді.

Осыдан кейін Геракль Пайғамбарымыздың ата-тегі мен әдептілігі туралы сұрақтар қойды. Әбу Суфиян Пайғамбарымыздың жауы болғанымен, жақсы әдептілігі мен шыншылдығын мойындауға мәжбүр болды. Бұған қоса алғанда, тарихта таңбаланған Пайғамбарымыздың әдептілігі, тәрбиесі және шыншылдығы мен адамгершілігі туралы жүздеген деректер айтуға болады.

Ал енді азғындық өршіп, зұлымдардың дәуірі жүріп тұрған уақытта, әсіресе көпқұдайшылық жайлаған қоғамда тәрбиеленген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мұндай адамгершілікті қайдан алды? Бұл сұрақтың жауабына тоқталайық: ол ата-анасының тәрбиесімен алуы мүмкін емес еді. Өйткені әкесі ол тумай тұрып бақилық болса, бес жасына толғанда анасынан айырылды. Бес жасына толғанға дейін де анасының жанында емес, сүт анасы Халима анамыздың жанында қалды және тәрбиені, тәлімді және сөйлеуді асырап алған анасы Халимадан және оның отбасынан алғаны даусыз.

Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023

Алайда бес жасар бала адамгершілік туралы саналы тәрбие алуға тым жас еді, ал мұндай тәрбиені асырап алған анасынан алғаны туралы мәлімет жоқ. Атасы Абдулмутталиб те оған білім бермеген. Анасы қайтыс болғаннан кейін екі-үш жыл атасының қолында болды. Егер атасы Абдулмутталибтің осындай тәрбиелік қабілеті болса, өз балалары Әбу Лахаб, Хамза, т.б. балаларын оқытушы еді.

Ал, немере ағасы Әбу Талиб те оны оқытпаған. Оның үстіне он жылдан астам бірге болған ағасы Әбу Тәліптің де ислам дінін қабылдағаны туралы дерек жоқ. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ислами әдепті пұттарға табынатын адамнан алды деп айтуға да болмайды. Пайғамбарымыз оқуды және жазуды білмегендіктен, оның бұрынғы қасиетті кітаптарды оқу арқылы жақсы адамгершілікті үйренуі де мүмкін емес. Оның үстіне Пайғамбарымыздың дәуіріне дейін бұл қасиетті кітаптар өзгеріске ұшырағанын білеміз.

Осы және осыған ұқсас мәселелердің барлығын бірге алып қарайтын болсақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сенімділік, шыншылдық, қарапайымдылық, адалдық, сабырлық пен мейірімділік сияқты барлық жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, қатыгездік, залымдық, көкбеттік, өтірік сөйлеу, жаман сөз сөйлеуден бас тарту сияқты басқа да барлық жаман әдеттер мен мінез-құлықтардан аулақ болуы мүмкін емес.

Сонымен қоса алғанда, тарихта сол дәуірдегі мұндай географияда қиянат және сараңдық сынды қоғамда бұндай жақсы әдепті де әділетті, жомарт және шыншыл адамның пайда болуы мүмкін емес. Міне осында қоғамда адам өзінің психологиялық болмысын да қандай да бір жақсылықты сақтау арқылы кейбір сұлулықтарды көрсете алады, алайда бүкіл қоғам қызығып та, қызғана да қарайтын жақсылығымен ерекшелене алмайды.

Пайғамбарымыздың кейбір әдеттері жақсы болса да, барлық әдеттері жақсы болу мүмкін емес еді. Ешкім Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) бір рет болса да балағат сөз естімеген, ол өмірінде бір рет болса да уәдесінен таймаған, бірдеңе сұраған адамды ешқашан бос қайтармаған. Оған дүниелік мүмкіндіктер мен нығметтердің барлығы ұсынылғанда басын бұрыпта қарамаған, бұндай теңдесіз әдептілік пен шыншылдықтың, жақсы әдет пен мінез-құлықтың астарында тек илаһи құдірет қана болуы мүмкін еді.

Раббымыз бұл ақиқатты Құран Кәрімде былайша баяндайды: «Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма? Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма және кедей халден байытпады ма?» (Дұха сүресі, 6-8 -аяттар).

Иә… Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Раббысының тәлімімен тәрбиеленген. Алланың рақымы мен мейрімділігі Пайғамбарымыздың өмірінің барлық кезеңін қамтиды. Әкеден жетім, шешеден тас жетім болса да, Раббысының мейірімі мен рақымы оны әр сәтте қорғап, қолдап он сегіз мың ғаламда болмаған имандылыққа ие болуын нәсіп еткен.

Алла баршамызды жақсы ақлақты, мәдениетті және шыншыл болуымызды нәсіп етсін.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

 Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығынығ теологы,

PhD, Доктор

Тегтер: әдепәдептілікбасты тақырыпмұхаммедПайғамбарТәлім-тәрбие
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Домбырасыз қазақ жетім

26.09.2023
Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда
Жаңалықтар

Саудияға барған еуропалық футболшылар исламды қабылдауда

22.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
33 981 отбасыға құрбандық еті үлестірілді

33 981 отбасыға құрбандық еті үлестірілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1543 рет бөліскен
    Бөлісу 617 Твитерге 386
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    824 рет бөліскен
    Бөлісу 330 Твитерге 206
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4977 рет бөліскен
    Бөлісу 1989 Твитерге 1243
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7524 рет бөліскен
    Бөлісу 3010 Твитерге 1881
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2175 рет бөліскен
    Бөлісу 870 Твитерге 544

Соңғы жарияланымдар

Не үшін Құдай жолында малдың жақсысын беру қажет?

26.09.2023
0

Толығырақ оқу

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023
0
Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Толығырақ оқу

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00