Сұрақ: Кейбір адамдар Исламда «толеранттылық» жоқ деп ойлайды. Бұған не айтасыз?

Жауап: Ислам тарихы бастауыларының бірі – мединелік кезеңнен байқағанымыздай, Мәдина шаһары және оның атырабындағы тайпалар бір қоғам, бір мемлекет саналған. Әрбір ұлт, тайпа, ру сол мемлекеттің діни-саяси бірлігі мен тұрақтылығына қарсы келмейтін өз ерекшеліктерін, діндері мен сенімдерін, әдет-ғұрыптарын сақтады.

Егер пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жақтылықты қалап, мұсылман мемлекетінде тек рухани бірлігі мен жақындығы бар мұсылмандардың жасағанын қалаған болса, онда оның бұлай жасауға абыройы да, құдіреті де жетер еді. Тіпті, біраз мұсылмандардың ағайын-туыстарының басым бөлігі пұтпарастар болатын. Бірақ, мұсылмандардың көсемі, бұлай жасамады. Ол туыстық қатынасты үзген жоқ, қайта оған қатты көңіл бөлді, мұсылман емес ұлттарды қуған жоқ, бір мемлекеттің астына шақырып, өз қамқорлығына алды (Әс-сирату ән-Набауйя).

Расында да Мекке шаһарынан көшіп Мәдинаға келген пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаңа, жас мемлекеттің негізін қалады. Ол бірінші кезекте өзге де дін өкілдерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Жаңа мемлекеттің қабырғасын қатайтып, қоғамды мығым әрі бір жұдырықтай жұмылдыру үшін шаһар тұрғындарының басын бір араға қосу керек болды. Ол үшін парасаттылықпен «бір мемлекет, бір қоғам» саясатын іске асырды. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басқа дін өкілдерімен жасаған қарым-қатынасын Құрандағы «Кафирун» сүресінің: «Сендерге өз діндерің, маған өзімнің дінім» аяты анық баяндайды (Әл-Итқан фи әл-улум әл-Қуран).

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Отқа май тамызу – шаманизмнен қалған әдет пе?

Бұл уақытта Араб жазирасының халықтары түрлі дінді ұстанды. Олардың арасында христиандар, яхудилер, мәжусилер (отпарастар), мүшриктер (пұтпарастар) және сол сияқты т.б. сенім ұстанушылары болды. Исламның, пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сол кездегі басқа дін адамдарына көрсеткен достығы парасатты адам үшін үлкен ғибрат. Мәдиналық келісім – мұсылмандардың толеранттылығына анық мысал.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

10 ПІКІР

  1. Я думаю то что любая религия должна быть толерантна. Вообще в целом толерантность это когда религии остаются в хороших отношениях, не имею каких либо конфликтов. В целом если брать ислам то думаю что да, ислам является одной из толерантных религий. Это очень важный фактор для любой религии, уметь находить общий язык меж собой и не конфликтовать.

  2. Менің ойымша толеранттылық мәселесі исламғада қатысы бар, себебі бұл әлемдік діндердің қатарында болған соң басқада діндердермен арам қатынастары жақсы болуы керек. Бұл біріншіден басқа дінге деген көрсеткен құрметі, бұл өте маңызды.

  3. Исламда төзімділік, сабырлық, шүкірлік деген құндылықтардың мәртебесі жоғары екені белгілі. Міне, осы ұғымдар бірігіп, бүгінде толеранттылық ұғымын құрап отыр. Толераттылық – басқа ойға, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сенім-күйге, идеяларға деген төзімділік.

  4. Діни төзімділік (діни төзімділік) – бұл әртүрлі діндер мен конфессиялардың, діни бірлестіктердің сенушілері арасындағы өзара құрмет, өмірге және қызметке құқықтарды өзара мойындау қағидатына негізделген толерантты қатынас. Яғни, ислам дінін толерантты дін деп айта аламыз. Ислам діні ешқандай адамға жаманшылық жасамауға, тек жақсылық жасап, басқа діндегілерге төзімділікпен және құрметпен қарауға бағытталған дін.

  5. Аяттар мен хадистерді келтіре отырып, біз ислам – бейбітшілік пен жақсылықтың діні деп айтамыз. Қазіргі уақытта біздің елімізде көптеген ұлттар мен ұлыстар бар, бейбітшілік пен саяси тұрақтылық мемлекет құрылды, этносаралық және конфессияаралық келіспеушіліктерсіз, барлық халықтарға келісім мен ынтымақтастықта өмір сүруге мүмкіндік береді, «Толеранттылық» ұғымы Ислам дінімен тығыз байланысты деуге болады.

  6. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз. Дін мен қоғам бейбітшілікте болса, мемлекетте тыныш болады.

  7. Толерантты болу тек қызмет орындары мен қоғамда ғана емес, жанұяда да толеранттылық ата-ананы құрметтеу, жұбайыңмен жақсы мәміледе болу және балаларға сүйіспеншілік пен жанашырлықпен қарау, сондай-ақ олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету болып саналады. Міне діндегі ислам дініндегі толеранттылық.

  8. Дұрыс, толеранттылық және ислам бір-біріне жат ұғымдар емес. Ислам тарихына көз жүгіртсек, көптеген дінаралық мәселелер бейбіт түрде шешімін тапқанын байқаймыз. Тіпті пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған яһуди кісінің табытын алып бара жатқан адамдарды көрген кезінде құрмет көрсету мақсатымен орнынан тұрғандығын білеміз.

  9. Құран Кәрімге қарайтын болсақ, онда басқа дін өкілдеріне төзімділікпен қарау керек екенінің жазылғанын байқаймыз. Дәлірек айтатын болсақ: Әли-Имран сүресінде, Кәфирун сүресінде әркімнің діні өзіне екендігі туралы айтылған. Ал дінаралық қақтығыстарды ұйымдастырушылар исламның принциптеріне анық қайшы келгендер.

  10. Ислам діні өте терең. Кез-келген сұрағына нақты жауап алуға болады. Егер әр адамда сауаттылық, білімге, құштарлық, іздемпаздылық болса толерант т.б бізде бар ма деп отырмайтын едік.

Пікір жазу