Жексенбі, 28 Мамыр, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни сенімге байланысты әскерден бас тартуға бола ма?

19.05.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
55
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биылғы наурыз бен маусым айлары арасында Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бір қызығы, әлемдік атаулы күндер күнтізбесінде 15 мамыр Халықаралық ар-ождан мен діни наным-сенімге байланысты әскери қызметтен бас тартушылар күні болып бекітілген.

Ал Қазақстан Қарулы күштерінде аталған себептерге байланысты әскери қызметтен бас тартуға бола ма? Осы мәселені зерттеп көрейік.

Қазақстан заңнамасында бейбіт уақытта әскери шақырудан босатылатын азаматтар санатының тізімі бар. Бірақ онда ар-ождан, моральдық немесе діни сенімге байланысты әскери қызметтен бас тарту мәселесі жоқ. Тек ресми түрде діни бірлестіктерде тіркелген діни қызметкерлер ғана әскери қызметтен заң жүзінде босатылады.

2003 жылы Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қойып, оны 2005 жылы ратификациялады. БҰҰ келісімі адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделген, ол мемлекеттерді «адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын, соның ішінде өмір сүру құқығын, дін бостандығын және сөз бостандығын» құрметтеуге міндеттейді. Онда ар-ождан себептері бойынша әскери қызметтен бас тарту құқығы туралы нақты ереже жоқ. Бірақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 1993 жылғы мәлімдемесінде: «…қару қолдану міндеттері ар-ождан бостандығына және дінді немесе нанымды ұстану құқығына қайшы келуі мүмкін», делінген.

2016 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан «бұған дейін ұсынылғандай, адамның діни және өзге де наным-сенімдер бойынша әскери қызмет атқарудан бас тарту құқығын тану мақсатында өзінің заңнамасын қайта қарамағанын және оған баламалы әскери қызмет туралы ережені енгізбегенін» атап өткен. Комитет Қазақстанға аталған себептермен әскери қызметтен бас тарту құқығын заңнамалық тәртіппен тануға кеңес беруді жалғастырды («Ар-ождан себептері бойынша әскери қызметтен бас тарту» туралы баяндама, 2017 жыл). Сондай-ақ «осы себептер бойынша әскери қызметтен бас тартқан адамдар үшін азаматтық сипаттағы балама қызметті қарастыру» ұсынылды.

Алматы қаласы Дін істері басқармасының мәліметінше, Конфессияаралық қатынастар департаментінде діни сеніміне байланысты Қарулы Күштерде мерзімді қызметтен бас тартқан қазақстандықтардың статистикасы жоқ. Ведомство түрлі діни бірлестік өкілдерімен бірге азаматтардың балама қызмет атқару мәселесін шешуде.

Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Байкал Хамзин діни сеніміне қарамастан, әскери қызметтен өту әр ер азаматтың конституциялық міндеті екенін алға тартты.

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023

Ата заңда атап көрсетілгендей, ер азаматтар діни сеніміне қарамастан әскерде қызмет етулері керек. Менің білуімше, кейбір діндерде қолға қару алуға тыйым салынады. Олай болса, бұл конфессиялардың өкілдері балама ретінде – ауруханада, қарттар үйінде, сондай сияқты басқа да жерлерде қызмет етуі мүмкін. Мысалы, бізбен бірге протестант қызмет етті, ол қолына қару ұстады, бірақ ешқашан атпады. Ол асханада қызмет етті, бізге тамақ пісірді, ыдыс-аяқ жуып, едендерді сыпырды. Бұл жұмыстарды да біреу жасауы керек қой, – деді ардагер.

Хамзин өзін атеист деп санайды, бірақ әркімнің сеніміне қарамастан, ішкі ар-ожданы таза болуы керек деп есептейді.

Діндар адам басқаларға қарағанда жауапкершілігі жоғары, ар-ожданы таза болуы мүмкін, Сенім – әркімнің жеке мәселесі, әрине, адамның бір нәрсеге сенгені жақсы. Қазіргі уақытта армияны ұстауға және жабдықтауға көп ақша бөлінеді. Көбісі әскерге қызмет ету үшін емес, жұмыс істеу үшін барады. Ауылдарда жұмыс жоқ, жігіттер отбасын асырау үшін әскерге кетіп жатады. Полицияға баратындар да солай – ақша табуды көздейді, – дейді Байкал Хамзин.

Қорытындылай келе, ол қазақстандықтарды ар-ожданымен таңдау жасауға және Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігінің құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға шақырды.

Қайнар көзі: zakon.kz
Тегтер: армияәскердіни сенім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни сенім әртүрлі, ал заң баршаға ортақ
Мемлекет және дін

Діни сенім әртүрлі, ал заң баршаға ортақ

24.11.2022
Сенімге салғырт қарама
Видео

Сенімге салғырт қарама

07.10.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Уақытша алған зат “аманат” болып есептеле ме?

Уақытша алған зат "аманат" болып есептеле ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6621 рет бөліскен
    Бөлісу 2648 Твитерге 1655
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4327 рет бөліскен
    Бөлісу 1729 Твитерге 1081
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1419 рет бөліскен
    Бөлісу 567 Твитерге 355
  • Истиғфар дұғасы дегеніміз не?

    4024 рет бөліскен
    Бөлісу 1608 Твитерге 1005
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1466 рет бөліскен
    Бөлісу 586 Твитерге 367

Соңғы жарияланымдар

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
0
Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

Толығырақ оқу

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

26.05.2023
0
Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ: Біздің басты ұстанымымыз – өмірге үміт сыйлау

Толығырақ оқу

Пранк жасауға бола ма?

26.05.2023
0
Пранк жасауға бола ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00