Бейсенбі, 5 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда сақ дәуіріне тиесілі бірегей алтын бұйым табылды

05.11.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Сурет: Алматы әкімдігі

Сурет: Алматы әкімдігі

2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл Алматы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі Наурызбай ауданындағы Қарағайлы қорымында ерте темір дәуіріне жататын сақ қорғанына шұғыл археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында бірегей алтын бұйым мен көптеген адам сүйегі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған қорғанның диаметрі 25-26 метрді, ал биіктігі шамамен 2,5 метрді құрайды. Қорымға жүргізілген алдын ала зерттеулер нәтижесінде ескерткіш сақ дәуіріне жататыны және б.з.д. IV-III ғасырларға тиесілі екені анықталған.

Қорған ежелгі заманда-ақ тоналған. Қазба барысында тонаушылар қазған шұңқырдың тереңдігі 3 метр екені белгілі болды.

Археологтар зерттеу кезінде көптеген адам сүйектерін тапқан. Алдын ала болжам бойынша, қорғанда төрт ересек адам мен үш бала жерленген болуы мүмкін. Алайда жерленген адамдардың нақты саны әзірге анықталмады.

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

05.11.2026
Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

05.11.2026

Адам сүйектерінен бөлек, сақ дәуіріне тиесілі қыш ыдыстардың сынықтары да табылды. Артефактілердің басым бөлігі қорған тоналғаннан кейін жан-жаққа шашылып қалған. Табылған жәдігерлердің ішіндегі ең құндысы – аю бейнесіндегі шағын құйма алтын мүсінше. Болжам бойынша, ол бас киімді әшекейлеуге арналған. Алтын бұйымдағы тесіктер оның бас киімге тігіліп бекітілгенін көрсетеді.

Мұндай әшекейлер сақ дәуіріндегі киім үлгісіне тән. Оған ұқсас жәдігерлер басқа археологиялық қазбалардан да табылған. Атап айтқанда, «Алтын адамның» бас киімінен арқар бейнесіндегі алтын әшекей табылса, 2014 жылы Көк-Қайнар қорымынан бас киімге тағылатын барыстың мүсіншесі анықталған.

Қарағайлы қорымындағы зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жерлеу рәсімінің ерекшеліктерін анықтап, марқұмдардың нақты санын білу үшін қосымша зертханалық талдаулар жүргізу жоспарланған. Оған антрополог мамандар да тартылады.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Марат Нұрпейісов бір қорғаннан табылған адам сүйектерінің көптігі ерекше қызығушылық тудыратынын айтады. Себебі Қазақстан аумағында мұндай жерлеу рәсімі сирек кездеседі.

«Әдетте көлемі осындай қорғандарға бір немесе екі адам ғана жерленген», дейдімаман.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықованың айтуынша, аю бейнесіндегі мүсінше Қазақстан үшін бірегей олжа саналады.

«Қазақстан аумағында бұған дейін мұндай мүсінше табылған емес. Бұл жәдігер Қаратеңіз маңынан Алтайға дейінгі Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыстар менұқсастықтарды зерделеуге мүмкіндік береді», дейді ол.

Археологиялық зерттеулер толық аяқталып, табылған материалдарға қажетті ғылыми сараптама жүргізілгеннен кейін ең құнды жәдігерлерді Алматы музейінің экспозициясына қосып, көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.

Таңбалар: жәдігерсақ дәуірітарих
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті
Жаңалықтар

Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

07.10.2026
Қола дәуіріне тиесілі қорым табылды
Жаңалықтар

Қола дәуіріне тиесілі қорым табылды

23.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    19
  • Мешітке не үшін қолдау көрсету керек?

    17
  • Адамшылық – асыл қасиет

    17
  • «Имантау» жұмбағы: аңыз бен ақиқат

    15
  • Құндылығын білген “құлдыққа ұшырамайды”

    15

Соңғы жарияланымдар

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді
Жаңалықтар

Қазақстанның екі мұрасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіміне енгізілді

05.11.2026
Мақсатты топтармен жұмыс маңызды
Видео

Мақсатты топтармен жұмыс маңызды

05.11.2026
Алматыда сақ дәуіріне тиесілі бірегей алтын бұйым табылды
Жаңалықтар

Алматыда сақ дәуіріне тиесілі бірегей алтын бұйым табылды

05.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00