Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
21
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мәдениет саласындағы жұмыс қорытындылары қаралды.

Ұлытау облысында Жошы хан тарихи-мәдени кешенін дамытуға басымдық берілген. Биыл кешен облыстық тарихи-археологиялық музейдің теңгеріміне өтті. Жарты жыл ішінде архив құжаттарының 1,4 миллионға жуық беті цифрландырылып, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артты. Сонымен қатар екі нысанда археологиялық зерттеу жүргізіліп, үш ескерткіште реставрация жұмыстары қолға алынды.

Ақмола облысы Creative Aimaq республикалық жобасына алғашқы болып қатысты. Жәрмеңкеге 200-ден астам қолөнерші, дизайнер, суретші, стартапер және креативті бизнес өкілі жиналды. Өңірде алты инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бір ауылдық клуб пайдалануға беріліп, жыл басынан бері 18 шығармашылық үйірме ашылды. Жыл соңына дейін тағы 25 үйірмені ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысында алты ай ішінде 18 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіліп, оған 1,7 миллионнан астам адам қатысты. Өңірде төрт мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, тағы үш нысанға күрделі жөндеу жұмысы жасалып жатыр. Сонымен бірге «Жыраулар жолымен…» жобасы аясында 36 жыршы «Қырымның қырық батыры» эпикалық туындысын 24 сағат бойы үздіксіз орындап, бұл жетістік Халықаралық рекордтар кітабына енді.

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026

Жетісу облысында алғашқы жартыжылдықта төрт ауылдық мәдениет үйі ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес мәдениет үйі мен аудандық кітапхананы пайдалануға беру көзделген. Облыстық филармония жанынан камералық хор құрылып, Бикен Римова атындағы академиялық драма театрдың репертуары бес жаңа қойылыммен толықты. Сегіз аудан мен екі қалада жүргізілген экспедиция барысында материалдық емес мәдени мұраны сақтап келе жатқан 124 өнер иесі анықталды.

Сондай-ақ Жаркент мешітін басқару жоспарын әзірлеу жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 25 ауыл кітапханасы жаңғыртылып, ғимараттары жөнделіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді және кітап қоры толықтырылды. Ғылыми реставрациядан кейін А.Н. Островский атындағы театр тарихи ғимаратына қайта оралды. Ал Хадиша Бөкеева атындағы театр жаңа маусымын жаңартылған сахнада бастайды. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға «академиялық» мәртебесі берілді. Осыған байланысты 2026 жылдың екінші жартысынан бастап мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 50 пайыздық үстемақы белгіленді.

Сондай-ақ Жастар сарайы базасында «ÓzgeEpic Oral» креативті хабы ашылды. Жиында өңірлердің атқарған жұмыстары ғана емес, ауылдық мәдениет ұйымдарын жаңғырту, кадрлық әлеуетті нығайту, музей мен архив қорларын цифрландыру, археологиялық зерттеулер мен ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жалғастыру мәселелері де талқыланды. Екінші жартыжылдықта өңірлерде мәдениет нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жалғасады. Музей экспозицияларын жаңарту, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, дәстүрлі орындаушылардың байқаулары мен театр және музыка фестивальдерін өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында «Дәнеш дауысы», «Жайық сазы», «Ұлытау үні», «Жезкиік» және Flamingo Fest фестивальдері бар. Жиын қорытындысында өңірлерге Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Мәдениет және ақпарат министрлігі жүктеген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, екінші жартыжылдыққа жоспарланған жобаларды мерзімінде аяқтау және көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Тапсырмалардың орындалуы Мәдениет комитетінің бақылауында болады.

Таңбалар: мәдениеттарих
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында Қаңлы дәуірінің құнды жәдігерлері табылды
Жаңалықтар

Түркістан облысында Қаңлы дәуірінің құнды жәдігерлері табылды

20.07.2026
Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ: Озат ұлт боламыз десек, кітап оқуға құштарлықты арттыруымыз керек
Сұхбат

Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ: Озат ұлт боламыз десек, кітап оқуға құштарлықты арттыруымыз керек

25.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    525
  • Қару-жарақ тәркіленді

    517
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    280
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    272

Соңғы жарияланымдар

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Түрлі шарттарда жасалғанына қарамастан күнә барлық адам үшін бірдей ме?
Сұрақ-жауап

Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

11.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00