Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәнті – көшпенділердің асы

29.05.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
25
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада 21–27 мамыр аралығында өткен Түрік асханасы апталығы аясында қазақ және түрік халқының көне түркі тарихынан тамыр тартқан ортақ тағамдары әзірленіп, көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркі дүниесін біріктіретін гастрономиялық мұраны жаңғырту, таныстыру және насихаттау мақсатын тұтқан Түрік асханасы апталығы әлем бойынша биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайынғы шараның негізін қалаушы – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған.

Биыл апталық «Дастархан басындағы мұра» тақырыбымен өтті. Әдетте, жайылған дастархан үстіне түрлі халықтардың тағамдары ұсынылуы мүмкін. Алайда, олардың ғасырлар бойғы тарихтан сыр шертетіне мән бермейміз. Демек, «дастархан» – түрлі ұлттарды, мәдениеттерді, тарихты өзара тоғыстыратын алаң.

Қазақстандағы Түркия Елшілігі ұсынған мәліметке сәйкес, Астанаға шақырылған шеф-аспаздар мейрамханалардың бірінде қазақ және түрік халықтарына ортақ тағамдарды даярлап, жас аспаздармен тәжірибе бөлісті, жиналған қауымға олардың шығу тарихын баяндап берді.

«Бұл да бір күні өтеді…»

«Бұл да бір күні өтеді…»

24.09.2026
«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

24.09.2026

Әзірленген астың бірі – мәнті. Тағамдардың шығу тарихын 25 жылдан астам зерттеп келе жатқан шеф-аспаз әрі көптеген шәкірттің ұстазы – Али Ронайдың айтуынша, мәнті – көшпенділердің асы әрі гастрономияның тамаша үлгісі. «Себебі бұл тағам Орта Азиядан бастау алып, Анадолыға жеткен, кейін Еуропаға тараған. Оның дамплинг деген атауы бар, Әзербайжанда – дұшпара, бізге мәнті болып келеді. Ал Еуропаға барғанда равиоли, тортеллини болады. Тағам мәдениетпен бірге қозғалып, атауы өзгере берген. Мәнті – ескіден келе жатқан көшпенділер асы. Ол құнарлы әлі тойымды», – дейді.

«Қалдықсыз ас әзірлеу» қағидатын қатаң ұстанатын шеф-аспаз Гөкхан Чылак пен Али Ронаймәнтіден бөлек, тұздығы қымыздан дайындалған тұшпара да ұсынды. Бұдан бөлек, дастарханға жапыраққа оралған сарма, ішли көфте және түрлі салмасы бар қамыр тағамдары қойылды. Негізгі тағам ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген – кешкек тарту етілді (қозы еті бидай және өзге жармалармен бірге ұзақ уақыт баяу отта дайындалады).

Ал «тәттілер» бөлімінде қаймақтан жасалған балмұздақ тыс, түріктің дәстүрлі десерттері мен қазақтың ұлттық тағамдары жент пен қоспа бір дастархан басында үндестірілді.

1890 жылдан бері атадан мирас болып қалған наубайшылық дәстүрді жалғастырып келе жатқан Хакан Доғанның айтып өткендей, нан пісірудің мыңдаған мәзірі арасынан апталық үшін бірнешеуін ғана таңдап алу қиынға соққан. Наубайшы жұқа нан, базлама, шағын пиде және табиғи ашытқымен нан пісіріп, оны қорытылған маймен және түрлі шөптерден дайындалған маймен ұсынды.

тағам6

Айта кетейік, шеф-аспаз Али Ронай Анадолы мен Ұлы дала арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ өмір салты мен дастархан мәдениеті жөнінде Jibek Joly телеарнасындағы «Demdi.life» бағдарламасында кеңінен әңгімелеп берді.

Таңбалар: мантымәнтітүрік асханасы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

Айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    39
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    23
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    21
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    19
  • «Ой, папа, болды!..»

    16

Соңғы жарияланымдар

«Бұл да бір күні өтеді…»
Ғибратты әңгімелер

«Бұл да бір күні өтеді…»

24.09.2026
«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды
Жаңалықтар

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

24.09.2026
“Тәңіршілдік” деген дін бар ма?
Сұрақ-жауап

Өзін пайғамбармын деп жүргендер кімдер?

24.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00