Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам – мәмілегерлік пен парасат діні

24.11.2025
- Сұхбат
0
25
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам діні өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасқа қалай қарайды? Біз осы тақырыпта дінтанушы Икрам Айтаевпен сұхбаттасқан едік.

– Икрам мырза, алдымен негізгі сұрақтан басталық. Ислам діні басқа сенімдегі адамдарға қалай қарауға шақырады?

– Ислам әркімді адамдық болмысына қарай бағалауға үндейді. Құранда: «Дінде зорлық жоқ» деп айқын жазылған. Яғни әркімнің сенім еркіндігіне құрмет таныту – исламның негізгі қағидаларының бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз дәуірінде өзге дін өкілдерімен келісім жасап, олардың құқығын қорғағаны белгілі. Бұл – мұсылманның қатынасы сыйластық пен әділдікке негізделуі тиіс екенін көрсетеді.

– Кейде қоғамда «Ислам тек мұсылмандарды ғана жақтайды» деген түсінік кездеседі. Бұған не дейсіз?

Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы

Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы

08.09.2026
Әйелдің ар-намысын қорғаудың діндегі маңызы қандай?

Әйелдің ар-намысын қорғаудың діндегі маңызы қандай?

01.09.2026

– Бұл – үстірт әрі қате пікір. Құранда Алланың адамдарды бір-бірін танулары үшінтайпалар мен ұлттарға бөлгендігі жазылған. Демек, әртүрлілік – жаратылыстың табиғи заңы. Ислам бір қоғамда өмір сүретін түрлі сенім өкілдері арасында бейбіт қарым-қатынастың болғанын қолдайды. Мұсылман өзге дін өкілдеріне әділетсіздік жасаса, ислам ілімін бұзған болады.

– Исламда дінаралық диалогқа қандай орын берілген?

– Диалог – ислам өркениетінің ажырамас бөлігі. Мысалы, Пайғамбарымыздың Мәдина қоғамында еврей, христиан және басқа тайпалармен ортақ келісім жасауы – дінаралық қатынастың тарихи үлгісі. Бүгінде Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларысъезі дәл осы исламдық мәмілегерлік мәдениеттің жалғасы деуге болады. Диалог – тек теологиялық пікірталас емес, ортақ құндылықтарды қорғау: бейбітшілік, әділет, адам өмірінің қадірі.

– Мұсылман адамның өзге дін өкілдерімен күнделікті қарым-қатынасы қандай болуы керек?

– Өзара құрмет, әділдік әрі мейірім болуы керек. Пайғамбарымыз мұсылман емес көршіге де жақсылық жасауды бұйырған. Сондықтан бірге жұмыс істеу, аралас-құралас болу, көмектесу – исламға қайшы емес. Тек әркім өз сенім шеңберін білуі, күшпен үгіттемей, әдептілік сақтауымаңызды.

– Радикал көзқарастар неге дәл осы тақырыпта қақтығыс туғызады?

– Себебі олар Құран кәрімдегі мәтіндерін контекстен жұлып алып, өз идеологиясына ыңғайлайды. Түпнұсқа ислам – мәмілегерлік пен парасат діні. Радикализм білімсіздік пен өкпе-нараздықтан туады. Сондықтан ең дұрыс жол – діни сауаттылықты арттыру, классикалық ислам мұрасына жүгіну және қоғамдағы көптүрлілікті қабылдай білу.

– Әңгіме соңында оқырманға қандай ой айтар едіңіз?

– Ислам бізді жау іздеуге емес, жақсылықта жарысуға шақырады. Діні басқа адам – қарсылас емес, жаратылыстың әртүрлілігін көрсететін көрші. Егер бір-бірімізді тыңдап, түсінуге тырыссақ, қоғамымыз берік болады. Өйткені бейбітшілік – бәрімізге ортақ аманат.

  • Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Е.Ерғалиұлы

Таңбалар: бірлікдінаралық қатынас
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды
Жаңалықтар

Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

04.09.2026
Бірлік – береке бастауы
Жаңалықтар

Жетісу облысында «Бірлік пен келісім» фестивалі өтті

02.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түрікменстан Президенті Қазақстанға келді

Түрікменстан Президенті Қазақстанға келді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    516
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00