Сәрсенбі, 24 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Екі алқа, бір шындық

20.10.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
59
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеректе Отырарда бір шайқы өтіпті. Дүние қызығын да, ақырет қамын да қатар ұстап, өмірін тәп-тәуір сүріп жүрген екен. Оның Алла берген екі жары болыпты. Ешқайсысын бөліп жармай, бірін «бәйбіше», екіншісін «тоқал» демей, «Екі бәйбіше – қос қанатым, қос қуанышым», – деп, көңілдері тоқ жүреді.

Бір күні базарға жолы түсіп, ондағы сөреден бір-бірінен айнымайтын алтыннан соққан әдемі екі алтын алқа көреді. «Әділ болу – иманның шарты» деп ойлап, екеуін бірдей сатып алады. Үйіне келген соң әр жарын өзінше қуантпақ болып, біріншісіне:

– Мына алқаны саған ғана алдым. Бірақ ана «бәйбішеге» мұны айтпа да, көрсетпе, – дейді. Екіншісіне де барып, осыны айтады. Сыйлығын біріншісінен жасыруын өтінеді.

Оның сырлы сөзі әйел жүрегіне жетпеді ме, әлде әйел сыры шынымен ұзаққа бармай ма, әйтеуір, бір күні екі «бәйбіше» де алқалы болып айна алдында жолығады. Екеуі де сыйлықты болғанын біліседі. Бірақ құнды заттарын бір-біріне көрсетпейді. Содан сол, әуелі күліпті, соңында қызғаныш оты тұтаныпты. Ондағы ойлары «Күндесіме менікінен де асыл алқа сыйлап қоймады ма?!» – деген күдік.

Әкелер күніне орай 800-ден астам іс-шара өтті

Әкелер күніне орай 800-ден астам іс-шара өтті

22.06.2026
Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі

Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі

18.06.2026

Ақыры екеуі шайқыны ортаға алып:

– Әй, айтшы! Қайсымызды көбірек сүйесің? – деп ауыр талап қылады.

Шайқы сабыр қылып:

– Екеуің де менің жүрегімнің қос қанатындайсыңдар, – депті.

— Жоқ, бізге шындықты айт! – дейді «бәйбішелер» екіленіп.

Сонда шайқы сәл ойланып:

– Кімді көбірек сүйсем, соған алтын алқа сыйладым, – деп жымияды.

Әңгіме осы жерге жеткенде екі «бәйбіше» де мәз болып, әрқайсысы өзін жеңімпаз санап тарқапты.

Құлақ түрген жанға мұндағы ғибрат мынау: әйелдің көңілін табу – иманға әсері бар жер жүзіндегі ең қиын ғылым. Шайқы ақиқат айтқанмен, әркім өзінше түсінді. Демек, шындықтың өзі де әр жүрекке әртүрлі жетеді екен.

Сол үшін әділдік пен мейірімді серік еткен жан ғана тыныштық табады. Ал алтын алқа – өткінші, ақыл мен сабыр – мәңгілік.

Солай! Алтынды сүйген жұрттың бақыты қысқа, ақылды сүйгеннің бағы ұзақ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан Қалназаровалқаотбасы
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әкелер күніне орай 800-ден астам іс-шара өтті
Жаңалықтар

Әкелер күніне орай 800-ден астам іс-шара өтті

22.06.2026
Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі
Жаңалықтар

Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі

18.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діндегі «мұғжиза» сөзінің мағынасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    117
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    83
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    48
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00