Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бішкекте ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы өтті

22.08.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
37
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Жиын қос халықтың тарихы мен мәдениетін зерттеудегі Шоқан Уәлихановтың еңбегі туралы «Чокан Валиханов: тарыхтын жарык жылдызы» атты деректі фильмінің тұсаукесерінен басталды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, сондай-ақ екі елдің мәдениет, ғылым және шығармашылық саласының өкілдері мен зиялы қауым қатысты.

Аида Балаева Шоқан Уәлиханов еңбектерінің қазақ-қырғыз тарихындағы орнын ерекше атап өтті.

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

15.09.2026
Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

15.09.2026

«Әлемге әйгілі «Манас» дастаны қырғыз ұлтының бойтұмары болса, оны алғаш рет қағазға түсіріп, көпке насихаттауда Шоқан Уәлихановтың еңбегі зор. Сондай-ақ оның «Ыстықкөл күнделігін» – қазақ-қырғыз бірлігінің ғылым мен руханияттағы жарқын көрінісі. Қырғыз бауырларымыз түсірген бүгінгі «Чокан Валиханов: тарыхтын жарык жылдызы» деректі фильмі тарихи әрі мәдени құндылығы зор, мағыналы туынды болады деп сенемін», – деді министр.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов екі елге ортақ тарихи тұлғалардың маңызына тоқталды.

«Қырғызстан мен Қазақстан тарихында Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов сынды ұлы тұлғалар бар. Олар мәдени және рухани дәстүрлер арқылы қос халықтың бірлігі мен бауырластығына зор үлес қосты. Дәл осы қайраткерлер бүгінгі жастарға шабыт беріп, оларды жасампаздық жолын жалғастыруға жетелеп келеді», – деді ол.✔️

Форум аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевпен кездесіп, мәдени-гуманитарлық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, форум кретивті индустрия мен цифрландыру мәселелеріне назар аударды. «Жаңа буын AI-стартаптары: жергілікті идеядан жаһандық нарыққа» және «Ed-tech жобалары: жаңа сын-қатерлер» тақырыптарында панельдік сессиялар өткізілді. Оған 300-ден астам жас IT-кәсіпкерлер, стартапшылар, бағдарламашылар, блогерлер мен медиа мамандар қатысты.

Таңбалар: қазақ-қырғызҚазақстанҚырғызстан
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

01.09.2026
Қазақстан мен Татарстан музей ісіндегі ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Татарстан музей ісіндегі ынтымақтастықты кеңейтеді

21.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бірлік – басты құндылық

Бірлік – басты құндылық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кітапхана ісінің мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды

    30
  • Махаббатқа толы жүрек

    26
  • Отбасы күніне арналған апталық саналы ата-ана болу тақырыбында өтіп жатыр

    19
  • Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

    18
  • Израиль Газадағы шатырларға шабуыл жасады

    18

Соңғы жарияланымдар

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды
Жаңалықтар

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

15.09.2026
Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Жаңалықтар

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

15.09.2026
Волонтерлік бойынша тренерлерді даярлау курсы басталды
Жаңалықтар

Волонтерлік бойынша тренерлерді даярлау курсы басталды

15.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00