Сенбі, 1 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір жарым ғасырлық Құран кітабы

03.05.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
170
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорында 1 мыңнан астам сирек кездесетін кітап және қолжазба бар.

Соның ішіндегі ең көне әрі ең құнды жәдігер — 1293 һижра жылы араб тілінде жазылған Құран-Кәрім кітабы. Бұл — қазіргі жыл санауымыз бойынша 1876 жыл.

Кітап Мысыр қаласындағы «Фарухи» баспасында елді Осман сұлтан басқарған тұста басылған.

— Кітаптың сырты терімен қапталып, аяттары шөп бояумен боялған. Құран-Кәрім — ислам дінінің негізгі кітабы екені белгілі. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға иқатты баян ету үшін түсірілгеніне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Алланың сөзі екеніне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу арқылы Аллаға құлшылық қылады. Құран — Тәурат пен Інжілден кейінгі араб тіліндегі кітаптардың ішіндегі шешендік тұрғысынан ең бай кітап. Құран 114 сүреден, 6 236 аяттан тұрады, — дейді кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлдерайым Қосназарова.

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026

Кітапханашының айтуынша, ең ежелгі жәдігерлер қатарында одан бөлек Қазы Фаткуллмад, Қазы Абдулкарим, Шархуакия Халидің 1303 һижра жылы шыққан «Діни философиялық түсіндірме сөздігі», 1306 һижра жылы шыққан араб тіліндегі «Намаздың келу тарихы: намаз тәртіптері» кітабы және тағы басқа құнды еңбектер бар.

Енді «бұлар қалай, қашан қолға тиді?» деген сұрақ туындайды.

2003 жылы тарихи жазба мұраларды анықтау мақсатында Ұлттық кітапхана, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы мен кітапханасы бірге «Ұлы Жібек жолының кітапханалары» атты ғылыми экспедиция ұйымдастырған болатын.

Экспедиция мүшелері өңірдегі 32 кітапханада болып, 400-ге жуық кітап және қолжазбаны тауып, зерттеген.

— Табылған кітаптардың кейбірі зираттардан табылғандықтан көгерген, беттерін тұз басқан, кеміргіштер жеген, бас-аяғы жоқ. Сондықтан олар кәсіби тұрғыда қайта қалпына келтірілді. Қорымыз сыйлыққа берілген, жеке адамдардан сатып алынған, айырбастау немесе басқа да жолдармен толықты. Оның ішінде шығыс қолжазбалары, парсы, араб, ескі славян тіліндегі алғашқы басылымдар, еуропалық әдебиеттер, автордың қолтаңбасы қойылған, өте шағын көлемді кітаптар, Қызылорда қаласы алғашқы астана болған кезде шыққан әдебиеттер бар, — дейді Гүлдерайым Қосназарова.

https://kaz.inform.kz/news/kizilordada-br-zharim-gasirlik-kuran-ktabi-saktauli-tur-4497df/

Таңбалар: жәдігерқұран кәрімҚызылорда
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды
Жаңалықтар

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

24.07.2026
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Құранның шапағаты (болған оқиға)

22.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хуситтер Израильге шабуыл жасады

Хуситтер Израильге шабуыл жасады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    27
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    25
  • Діни төзімділік деген не?

    22
  • Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

    18
  • Дінтанушы: Деструктивті діни ағымдармен күресте алдын алу маңызды

    17

Соңғы жарияланымдар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00